Реферат. Қылмыстық құқық


 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата26.12.2023
өлшемі145,41 Kb.
#144286
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат

2.2 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
Қылмыстық құқық дегеніміз
– құқық саласының негізгі түрлерінің
бірі ретінде
қылмыстың түсінігі
мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың
жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан
жəне жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың
жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір
қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтың бірден – бір жалғыз
формальды қайнар көзі – Қылмыстық Кодекс болып табылады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11 - бабын алатын болсақ, онда
«Қылмыстың бірнеше мəрте жасалуы» деп аталады. Қазақстан Кодексінің 11
- бабының бірінші бөлігіне сəйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен жəне
мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық əрекеттер қатарынан
тұрады.Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тəртіп
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын
жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса
немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе,
қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды - деп Қылмыстық Кодекстің
11- бабының үшінші бөлімінде анық айтылған, сол сияқты, бұл жағдайды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы да бірнеше рет атап
көрсеткен.
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге
Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң
қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық
теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша
қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға
мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік жəне субъективтік жақтарынан
кұралған элементтердің жəне олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыс құрамының əрқайсысы оның субъективтік жəне объективтік
белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да
белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең
болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс


кұрамының тұтастай жоқ болуына əкеп соғады. Бұл жерде қылмыс
құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы
компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі
элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы
(187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу,
екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы əрекетті
қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-əрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол
үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің
біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен
адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінəлінің əрекетінде
басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген
кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Əрбір
қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында
ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да
айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында əр түрлі
қылмыстың
көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде
диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын жəне оны басқа
қылмыстардан ажырататын соған тəн белгілерінің тізбегін береді. Барлық
қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тəн белгілер
Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды
анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы
қылмыстық не субъектісі, не кінəнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 жəне 20-баптарында
көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тəн белгісі —
басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі
арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Əрбір қылмыс істелген уақытында
көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс
кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған
түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық
қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін жəне құқыққа қайшылығын
білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана
жекелеген қылмысқа тəн белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.
Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты
оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін
ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б.) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны
қылмысты саралауға əсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың
міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса,
онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың
түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу
жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа
қылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық
құқықтык нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап
—кызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір


бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін.
Мысалы,
Қылмыстық
кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік
дəрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың
үш құрамы көрсетілген: баптың, бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі,
ал екініші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері
көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында əдетте аяқталған немесе орындаушының
тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты əрекеттерде
немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы,
көмектесуші əрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық
белгілері болмайды. Мысалы, əйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап
жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда
кылмыстың зардабы — адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінəлінің
əрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың
барлық белгілерінің болмауы олардың іс-əрекетінде қылмыс құрамы жоқ
деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның
құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары
көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, əйел зорлауға оқталғанда кінəлінің
əрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 жəне 24-баптарында көрсетілген
қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда
жəне оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай
жүзеге асыру, тəуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық
кағидасын сақтау, жүзеге асыру кұкык қорғау органнның қызметкерлерінің
қасиетті
борышы.
Бұл
азаматтардың
конституциялық
құқығын,
бостандықтарын жүзеге асырудың, негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық
талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып,
оның əрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық
заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті
іс-əрекеттерге заңды дұрыс қолданып, əрекет немесе əрекетсіздікке
қылмыстық заң, нормасының талабына сай баға беріп саралау болып
табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті
іс-əрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі
бар бапқа дəлме-дəл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-əрекет
қылмыстық заңда керсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол
дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-əрекеттің қылмыс
кұрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай
келетіндігін дəлме-дəл көрсету қажет: Егер адамның іс-əрекетінде бірнеше
қылмыстың кұрамы болса, онда оның іс-əрекеті заңның бірнеше баптары
немесе баптардын бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.
Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға,
қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен
байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды
дұрыс қолданып, істің мəн-жайын терең зерттей білу, істелген іс-əрекетті
дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған


ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл
жерде қылмыс кұрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы,
заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық
мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-əрекетінде қылмыс
құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті
емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа
жəне жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген,
коғамға қауіпті іс-əрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінəлі
адамды ғана тарту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет