Архетип - (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады.
Ата-бабаларға табыну- кешегі қарабайыр сенімдердің, негіздердің формасы. қайтыс болған ата-бабалардың (бастаулардың) рухтарына немесе рухтарына табыну туралы наным-сеным. Ата-бабалар жерді сақтаушы және өз түрінің (отбасының, тайпаның) әл-ауқатының кепілі болып саналады.
Аруақ - Жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы).
«Батырлық уақыт» (қазақ мәдениеті) -тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы — Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің (азаттықтың) негізін қалады. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы — батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.
Мифологиялық сана - мифтік дәуірде өмір сүріп, мифтік әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы, тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтіруші күштерге сену,ойлау,т.б.
Инициация- (лат. initiatio — құпия жасау, арнау) — бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуына байланысты дәстүрлi мәдениетте кеңiнен тapaғaн әмбебап әдет-ғұрып жүйесi.
Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.