Реферат «Жерұйық»



бет3/3
Дата13.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#49742
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
документ Жазиры реферат 3

Қорытынды
Сөзімізді түйіндесек, тарихта аты қалған ұлы тұлғалардың әрқайсысының өзіндік орны болады. Қазақ дейтін халықтың басын біріктіруде Асан Қайғыдай данышпанның болуы қазақ халқы үшін үлкен мәртебе деп білеміз. Біздің ұлы жұртымыздың басым бөлігі мыңдаған ғасыр бойына көшпелі өмір салтын ұстанды. Асан Қайғы бабамыз осы тіршіліктің түйінін тапты. Ол – Жерұйық болатын.Сонымен қатар ол ұлы-ұлы мемлекеттердің – Алтын Орда, Ноғайлы ұлысы, Қазақ хандығының бас биі, ақылшысы, бастаушысы, елшісі, ұраншысы, сол мемлекеттің ең басты қағидаттарын қалып­тастырушы, құраушысы еді. Асан қайғы бар­лық жыраулық-дастаншыл ақындардың атасына айналды. Ол – ұлттық тұлға. Ол өз халқына бақыт тіледі,оның болашағын ойлап қайғыға батты.Сол себептен Асан Қайғы атанып тарих беттерінде есімі қалды.
Тереңдей үңілгенде Асан Қайғы бабамыз, бүгінгі қазақ мемлекеттігінің дипломатиялық мектебін қалыптастырды. Ел мен елді жауластырмау, достастыру,татуластыру, бейбіт өмір сүру қағидатын тұңғыш рет әлемнің жарығына алып шықты. Ол сөз әлеміне де өз өрнегін салды. Асыл сөздермен өрнектелген толғаулар қалдырды. Асан қайғы – тек қана қазақ жұрты емес, бүкіл түркі жұртшылығының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан қайғы – халықтың жанашыры, ақылгөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер.Қазақ­тың жер көлемін шолып, баға беріп, небір асыл ойларды қалдырған Асан қайғы есімі бүгін де, келешекте де ұмытылмайды.

«Өзі зордың болады ығы да зор» деп Абай атамыз айтқандай, Асан Қайғы бабамыз туралы ең әуелі өз дәуірінде айтылды .Оның бірқатары уақыт өте аңыз әңгімеге, ертегіге,тарихи жырларға айналды. Асан абыз қариялық қалыпта ханнан да қаймықпай сөз айта алатын жарқын жаратылыстың дәл өзі болған еді. Асан Қайғы қазақ халқының от тілді,орақ ауызды ақындары, ділмар шешендері мен көсемдеріне үлгі боларлықтай абыз адам десек артық емес.


Жерұйық — Асан қайғы бабамыз армандаған мекен. Жерұйық сөзінің мағынасы жәннат, киелі мекен дегенге де келеді.Асан қайғы бабамыз Есіл өзенін көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», — депті. Елбасымыз бір сөзінде «Біз Жерұйықты таптық. Біздің Жерұйығымыз — Астана» деген болатын.Біле білсек, Асан қайғы қазақ мемлекетінің географиялық картасын жасап берген алғашқы адам. Оның Жерұйықты іздеп жүріп, жырына қоспаған жері жоқ. Сол жыры арқылы халқы өз жерін терең біліп таныды.Асан қайғының “Жерұйығы” стратегиялық маңызға да ие. Жерұйық шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы екенін зерттеушілер айтып жүр.Тәуелсіз Қазақстанның жерұйығы — Астана. Бүкіл қазақтың бет бұратын киелі мекені де осы. Ендеше, Астанадағы халықаралық деңгейдегі жаңа ғимаратты «Жерұйық» деп атауға әбден болады. Менің бұл ұсынысым Елбасының мемлекетімізді Ұлы Дала елі деп атау туралы бастамасымен толығымен қуаттайды.Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан тәрізді ғұламаларымыз Асан қайғыны «ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалаған. Астарына үңілсек, Президентіміздің саясатымен, халқымыздың ұлы мұратымен үндеседі. Осы атау арқылы біз тарихымыздың тереңде екенін де көрсете аламыз.

Пайдаланылған әдебиттер

1. https://adyrna.kz/post/36583?ysclid=la588782oz409239647


3.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы ,А,1998ж 470бет
4.Әуезов. М »шығармалар» ,А, »жазушы» 1969ж,11т,480 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет