Реферат «Жерұйық»



бет1/3
Дата13.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#49742
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
документ Жазиры реферат 3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті

РЕФЕРАТ
«Жерұйық»

Орындаған:Асылбек Гүлжазира.


Тобы:ҚТӘ-21-2
Тексерген:Кулибекова Ж.С.
Петропавл қаласы
2022 жыл
МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ....................................................................................................................3


II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ӨМІРІ...............................................................................4
2.АСАН ҚАЙҒЫ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ.......................................................8
III.ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................12
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................14

КІРІСПЕ
Асан Қайғы философиясының басты бағыттарының бірі - адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері екенін байқауға болады. Поэтикалық таным және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін Асан жырау өз толғауларында толық көрсетіп берді.
Мақсаты: Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып, студенттердің ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру.Ертегілер арқылы түсінігін кеңейту.
Міндеті: Студенттердің тілін, ойлау қабілеттерін, мазмұндау дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту. Аңыз әңгімелер арқылы халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту.


I.Асан қайғының өмірі
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс - әрекетіне байланысты туады
Ай хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің, - деп, ханның елді өз бетімен билеп-төстеу, қаһары түскен адамын өлім жазасына кесу хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуін жырмен жеткізген дала философы Асан қайғы бабамыз.
Асан қайғы:
Ақын
Жырау
Философ, ақылшы, би
Реформатор, мемлекет қайраткері
Ел болашағы үшін қызмет еткен ұлы бабамыздың бірі.
Аты аңызға айналған біртуар тұлға Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлы «Тауарих хамса» атты кітабы бойынша, Асан қайғы-Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы.Бұл-қазақ халқының «Түгел сөздің түбі бір,түп атасы Майқы би» деген мақалындағы Майқы,Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы екенін айта кету керек.
Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады. Асан қайғыға қатысты аңыздарды өз кезінде бірқатар Ш.Уәлиханов, Г.Потанин секілді этнограф-ғалымдар өз зерттеу нысанына айналдырған еді. Ш.Уәлиханов Асан есімін өзінің зерттеу еңбектерінде бірнеше рет атап көрсеткен. Зерттеуші ғалым Асан абызды қазақ ханы Жәнібек ханның билік құрған тұсымен байланыстыра отырып, дала халқы күні бүгінге дейін пәслсапашы Асан қайғы туралы аңыздар мен оның адамгершілік туралы өсиеттерін аузынан тастамайтынын баса айтып өтеді. Сонымен қатар, ғалым Г.Потанин де Асан қайғы туралы аңыздарға көңіл бөліп, көшпелілер философы туралы екі аңыз нұсқасын жазып алған. Тағы бір зерттеулерде атақты Берке хан Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі дүниеден қайтқан соң Алтын Орданың тағына таласқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлық Мұхаммед болғаны айтылады. Белгілі жазушы М.Мағауин өз еңбегінде: "Қазақ "Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде" деп күй тартады. Халық аңыздарында қазақ-ноғайдың айырылуын Орманбет ханның есімімен байланыстырады. Тіпті Орманбет хан өлерінде айтқан екен деген бірер шумақ жыр да бар:
Таудан аққан бұлақтың
Аяғы тартар теңізге,
Санды айдаған бай болса —
Қуанбай қоймас егізге,
Жақсыдан туған жаманды
Жамандай берме, жараңдар,
О да бір тартпай қалмас негізге.
Бұл Орманбетті қазақ шежіресі жəне кейбір зерттеушілер кəдімгі тарих-тан белгілі Ұлұғ-Мұхаммед хан деп түсінеді» —деген пікірді алға тартады. Асан қайғының ерен зор талантын ерте байқаған Ұлық-Мұхаммед оны өзіне ақылшы, бас би етіп, сарайында ұстайды.
Асан жырау сол Алтын Орда ханымен бірге ел билеуіне араласады.Сонымен қатар зерттеуші Қ.Халид «Тауарих хамса» еңбегінде Асанның өмірі мен шығармашылығы турасында ел аузынан тарихи деректер жинап, Асан Қайғының өмір сүрген мезгілін анықтауға тырысады. Асан қайғыны әуелі Кіші Мұхаммед хан жанында Сарайда болған, кейін Ұлық-Мұхаммед хан қасында болған деген пікір айтқан болатын. Бұл пікірдің зерттеуші-ғалым Ә.Дербісалин тарихи шындыққа сәйкес еместігін атай отырып, аңыз Асанды Жәнібек заманының адамы етіп көрсететінін айтады. Ғалым М.Әуезов «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегінде Асан қайғы туралы ойды толғай отырып, ол туралы аңыздарды халық аңсаған арман-тілек бейнеленген кейіпкер екенін аңғартады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет