Реферат жұмысы тақырыбы: «Тасымалдауға байланысты болатын мал аурулары» Орындаған : 6В09102 «Ветеринарлық санитария»



бет2/5
Дата19.10.2023
өлшемі302,17 Kb.
#119185
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
всс 2

Негізгі бөлім
2.1 Жануарларды тасымалдауға дайындау, тасымалдау ерекшеліктері, тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық
бақылау
Тасымалдау — тасымалдаудың кез келген құралдарын ( авто , темір жол , әуе , су ) пайдаланып бір пункттен басқасына орны ауыстырылатын ( тасымалданатын ) объектілердің орнын ауыстырумен байланысқан рәсімдер кешені . ҚР ветеринария заңы бойынша темір жол , әуе , су , автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған , клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана , ал табындық және қолданылатын жануарлар , диагностикалық зерттеулерден өткен соң ғана жіберіледі . Темір жолмен ірі қара малды жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген болса , тек клиникалық тексерістен өткізгеннен кейін тасымалдауға болады .
Жануарларды жіберер алдында шаруашылыққа немесе кәсіпорынға қызмет көрсететін ветеринар немесе фельдшер тексереді . Тексеру нәтижелері негізінде белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификат беріледі , ол берілген күннен бастап 3 күн ішінде жөнелтуге ұсыну үшін жарамды .
Жануарларды облыстан , өлкеден немесе республикадан тыс жерлерге жіберу кезінде ветеринариялық сертификатқа ауданның ( қаланың ) бас ветеринариялық дәрігері қол қояды .
Ұзақ тасымалдау кезінде жол журналы жүргізіледі , онда жүру бағыты , жем мөлшері , суару пункттері , көңді түсіру және т . б . көрсетіледі .
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының тасымалдауға қойылатын талаптарына сәйкес жануарларды тасымалдаудың келесі әдістері бөлінеді :
• жолдармен жүру
• автомобиль
• теміржол
• су
• әуе көлігімен тасымалдау .
Тасымалдаудың барлық әдістерімен бір мақсат қойылады - жануарларды жақсы күйде , сау , тірі салмағы мен өнімділігін жоғалтпай жеткізу .

Жануарларды тасымалдау оның бордақылау кезіндегі қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан оларды тасымалдауға дайындау шаруашылықтарда 2-3 тәулік бұрын жүргізілуі қажет. Тасымалдауға жататын мал оның жынысына, жасына, тірідей салмағына, қоңдылығына байланысты топтарға бөлінеді. Әр топтағы мал саны оны тиейтін вагонға немесе басқа да көлік сыйымдылығына байланысты болғаны жөн.


Мал алысқа тасымалданатын болса, яғни жолда азықтандыруды қажет етсе, малды азықтандыру мерзімі, азық түрі жолдағы азықтандыру мерзіміне сәйкестендіріледі. Мал тасымалдау кезінде жаңа ортаға, азық түріне және басқа да өзгешеліктерге түсетін болғандықтан, шаруашылықта малды алдын ала дайындаудың маңызы зор.
Малды темір немесе су жолымен тасымалдайтын жағдайда, шаруашылық мал жолда болатын күнге азық қорын әзірлейді .
Бекітілген күндік нормаға сәйкес сиырдың әр 100 кг тірі массасына күніне 4,5 кг, ал қойдың әр 100 кг 5,5 кг шөп қажет. Құсқа 8 кг құрама жем дайындалады. Мал тасымалдау жене оған дайындау кезінде күніне 2-3 рет азықтандырылып суғарылады.
Тасымалдау кезінде малға көк шөп беруге болмайды. Ол тез бұзылып, малдың ішін өткізуі мүмкін. Еденге төсеуге сабан, ағаш ұнтағы, торф дайындалады.
Ал мал бір тәуліктен артық айдалатын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды қай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол қағазы дайындалады. Малды тиеумен - шаруашылық, түсірумен - ет өңдеу кәсіпорындары айналысады. Малдың тірідей массасын жоғалтпай, жарақат және өлім-жітімге ұшыратпау үшін тасымалдау 24 сағаттан артпағаны жөн

Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.


Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен — 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.
Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.
Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде — шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.

Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті — тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.


Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс.
Малды тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.

Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітеді.


Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен беріледі. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болады және құлыптармен жабылады.


Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылады.


Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.
Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.
Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығыстарды өтемейді.

Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды. Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.


Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді. Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.


Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.

Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды. Жылқылар тағасыз тасымалданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет