3 . сурет ІҚМды автокөліктен түсіру процесі
Сапардан кейінгі алғашқы күндері біз әлі күнге дейін әкелінген малдың денсаулығын мұқият қадағалай отырып, бұрын көрсетілген дозаларда магний сульфаты мен борды азықпен беруді жалғастырамыз. Қажет болса, ем береміз. Жаңа мал азығына біртіндеп көшіп жатырмыз. Ұсынылған ақпарат тасымалданатын жануарларда көлік ауруының белгілерінің көрінісін болдырмауға көмектеседі және олар пайда болған жағдайда бұл жағдайды шебер түрде тоқтатуға көмектеседі.
Қорытынды
Қорыта келе тасымалдаудың малға әсерін айта кетсем, малды көлікпен тасымалдау оның қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан мал ағзасы әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Ағзаға сыртқы ортаның кері әсері малды тасымалдауға дайындау кезінен-ақ басталады.
Малды көлікке арту, оның жүйкесін қоздырады. жасушалық метаболизмде, сондай-ақ организмнің нейрогуморальды реттелуінде бұзылулар пайда болады, нәтижесінде жалпы зат алмасу және терморегуляция процестері бұзылады, тыныс алу жеткіліксіздігі, функционалдық бұзылулар пайда болады. Жүрек-тамыр жүйесі және жүйке жүйесінің қызметінде ақаулау байқалады.
Ағзада өтетін осындай күрделі өзгерістер малдың тірідей салмағын кемітуімен қатар, еттің сапасын да төмендетеді. Тасымалдау әсіресе шошқаға қатты әсерін тигізеді.
Көптеген мемлекеттерде тасымалдау әсерінен шошқаның өлімге ұшырауы және ет сапасының нашарлауы да байқалады. Бұл құбылысты ғалымдар "миопатиялық әсер" немесе "стресс синдромы" деп атады. Шошқа еті жұмсақ, іркілдек, түсі солғын тартады.
Тасымалдау стресінің алдын алу. Малды тасымалдауға стресстің әсерін кеміту үшін арнайы дайындық жұмыстары жүргізіліп, төмендегі талаптардың нақты орындалуын қадағалау қажет.
Мал тасушы, малды тасымалдау кезіндегі азықтандыру кестесіне сәйкес азықтандырады (мал ұзақ жолға тасымалданатын болса), әр топтағы малды бір-біріне араластырмайды, орталықтандырылған тасымал жағдайында, тасымалдау алдында малды аштық тәртібіне көшіреді (суару шектелмейді) малды көлікке тиеу арнайы дайындалған алаңда (шарбақтармен, басқышпен т.б. жабдықталған) жүргізіледі.
Малды арнаулы көліктермен тасымалдап, оны тиеу кезінде күш қолданбайды, асау малды ең соңынан тиейді; малды көліктің сыйымдылығына сәйкес артады, көлік жақсы желдетілетін, малға күн түспейтін, мал алысқа тасымалданған жағдайда ол жеткілікті және құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етілген болуы тиіс.
Автокөлікпен тасымалдағанда оның жүрісінің бірқалыпты, белгіленген жылдамдықтан артпауы керек. Ауаның температурасы 20-25°С-тан артық болса, түнде тасымалдау кезінде және тасымалдаудан кейін малды тыныштандыру үшін стресске қарсы дәрілер береді. Ол үшін аминазин, ромнун, элеутерококк т.б. организмнің тасымалдау әсеріне төзімді ететін препараттарды қолдануға болады.
Тасымалдау стресінің, тасымалдауға байланысты малда болатын аурулардың алдын алу үшін фармакологиялық заттарды қолдануға болады.
Мал стресінің алдын алу, тасымалдауға байланысты малда болатын аурулардың алдын алу оның тірідей салмағын кемітпеу және тасымалдау әсерінен болатын мал өнімдерінің сапасын төмендетпеу үшін әр түрлі транквилизаторларды қолданады. Бұл заттар малдың жоғарғы жүйке жүйесіне, мидың биоэлектрикалық белсенділігіне, сезіміне әсер етеді. Мұндай препараттарды қолданғаннан кейін малдың сыртқы тітіркендіргіштерге, төңіректің өзгерістеріне реакциясы төмендейді, оны тамыр соғуының, қан қысымының, қандағы қант мөлшерінің және тыныс алу жиілігінің қалыптағы жағдайдан көп өзгермеуіне жағдай жасайды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Жумагелдиев А.А., Ромашев К.М., С.Қырықбайұлы «Ветеринариялық санитариялық сараптау» оқулық, Алматы 2018ж.
2. С.Қырықбайұлы, Т.Телеуғали «Ветеринариялық санитариялық сараптау» практикум, Алматы 2017ж.
3. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар». Астана 2015ж.
4. Дүйсембаев С.Т, А.Т.Серикова « Ветеринариялық - санитариялық сараптау практикумы » Алматы 2014 жыл
5. Дүйсембаев С.Т, «Ветеринариялық санитариялық сараптау» Алматы 2013ж.
6. Бегенова А.Б. , Жұмақаева А.Н. , Майқанов Б.С. « Шекара және көліктердегі ветеринариялы - санитариялық бақылау » , Алматы 2014 ж . 2005
Достарыңызбен бөлісу: |