5.8 Пайдаланылған көздердің тізімін дайындау
Пайдаланылған көздер тізімі қорытындыдан кейін жеке бетке жазылады. Тізімді құжат мәтінің сілтемесі реттік тәртіппен орналастыру тиіс.
Библиографиялық тізімге енгізілген көзге сідтеме жасағанда, мәтіндегі цитадан соң тік жақша ішінде оның тізімдік нөмірі, керек болған жағдайда бетік нөмірі көрсетіледі, мысалы: [18,753 б], [25].
5.9 Графикалық бөлімдерін дайындау
Реферат жұмыстың графикалық бөлім А-4 формат қағазында дайындайды және жұмыстыңың соңғы бетінде қосымша есебі бойынша тігіледі.
5.10 Мұқаба бетінің талаптарын дайындау
Құжаттың беті мұқаба бет болып табылады.
Мұқаба бет А – 4 форматындағы бетке ресімделенеді. Осы құжаттың соңында қосымша үлгісі көрсетілген.
Тек қана бірінші қол жазбада, оқу құжаттың түрі барлық жолдарда әріптермен жазылады.
Құжат мәтін жұмысының қолдану тәсіліне сәйкес мұқаба бетінің барлық талаптарын орындау тиіс.
6 Реферат жұмысты қорғауға әзірлеу және қорғау
Әзірленген реферат жұмыс жетекшіге емтихан басталуға кем дегенде үш апта қалғанға дейін тапсырылуы тиіс. Тәжірибе аталған уақыттың реферат жұмысты дайындауға жеткілікті ең қысқа мерзім екендігін көрсетті. Сол қағида сияқты жетекші орындаушының жұмысты қабылдағанан кейін тексеріп, құптаған жағдайда, ол туралы пікірін жазып, қолын қойып, кафедра меңгерушісіне көрсетуге дайын етуі тиіс.
Жетекші студенттің орындалған жұмысына барлық бөлімдері бойынша баға беріп, олардың жақсы және олқы жақтарын атап, автордың өзбетінше теориялық және эксперименттік ізденістерінің, ғылыми әдебиетпен жұмыс дағыларының деңгейлері, қол жеткізген нәтижелері мен қорытындыларының дәлділігі, құндылығы, олардың істе пайдалануға жарамдылығы туралы пікірлер жазып, оған қорғауға рұқсат беру жөнінде ұсыныс өткізеді.
Қорғауда студенттер 15-20 минуттік қысқаша баяндама жасайды. Онда тақырыбын таңдау себептерін, алға қойылған мақсаттары мен міндеттері, зерттеу объектісін, зерттеу әдістерін, ұстанған болжамын, алған нәтижелерін, жасаған қорытындыларын, олардың теориялық-практикалық мањыздылығы мен пайдасын сипаттап береді. Бұдан соң жетекшінің пікірі, қорғаушының қойылған сұрақтарға, ескертулерге берген жауабы тыңдалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |