қолдануға болмайды. Соқтығысудан кейін өзара әрекеттескен денелердің
жылдамдықтары бірдей емес. Осындай ерекшеліктер серпімді емес денелер
соқтығысуларын зерттеуге, мысалы, өзара әрекеттен кейін денелер
жылдамдықтарын есептеуге қосымша қиындықтар тудырады.
Жалпы серпімді емес соқтығысулар есептерін шешуге денелердің
салыстырмалы жылдамдықтары үшін қорытылған белгілі Ньютон қатысын
қолдануға болады. И.Ньютон дәлелдегендей, заты белгілі денелердің
серпімді
емес
соққылары
кезінде
соққыға
дейін
және
кейін
жылдамдықтардың қатынасы тұрақты шама. Осыған байланысты серпімді
емес соқтығысуларды соққыдан кейін салыстырмалы жылдамдықтың
(6)
қалпына келу коэффициентімен сипаттау қабылданған.
Қалпына келу коэффициенті әрқашан бірден кіші е < 1 . Оның кейбір
мәндерін И.Ньютон тапқан: мысалы, шыны үшін e=15/16, темір үшін – 5/9,
және т.с.с. Абсолют серпімді соққы процесінде e=1,0; абсолют серпімді емес
соққыда e=0,0. Егер қарастырылып отырған процесс үшін e коэффициенті
белгілі болса, дененің соққыдан кейінгі жылдамдығын, энергия шығынын
есептеуге мүмкіндік бар
Достарыңызбен бөлісу: