«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
UNIVERSITY»
4
күшпен теңгерілсе, сұйықтық беті жазық болмай имек болады. Мысалы, салмақсыздық
жағдайындағы шектелген сұйықтық көлемі беттік керілудің әсерінен шар тәрізді пішін
алады. Бұл жағдайда сұйықтық орнықты тепе-теңдікте болады. Өйткені, көлемдері бірдей
геометриялық денелердің ішінде бетінің ауданы ең аз болатын дене – шар. Едәуір
мөлшерде
алынған тұтқырлығы аз сұйықтық, өзі құйылған ыдыстың пішінін
қабылдайды. Жердің тарту күші беттік
керілудің әсерін жеңетіндіктен, мұндай
сұйықтықтың бос беті жазық болады. Бірақ сұйықтықтың массасы кеміген сайын беттік
керілудің рөлі артады. Сұйықтықты газ ішіне бүріккенде
немесе газды сұйықтықпен
араластырғанда шар тәрізді майда тамшылар немесе көпіршіктер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: