Реферат келесі бөліктердең құралуы тиіс: реферат мазмұны; кіріспе; кем дегенде 3 негіщгі бөлім; қорытынды; -әдебиеттер тізімі



бет2/6
Дата08.06.2023
өлшемі1,41 Mb.
#99914
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Диф. зачет тапсырмасы

1 Қолданбалы бағдарламалар
1.1 Жалпы мәлімет
Қазіргі уақытта, компьютерді пайдаланбай геодезиялық деректерді өңдеу әрине мүмкін. Бірақ бұл жоғары есептеу көлемін ғана емес, айтарлықтай көп уақытты қажет етеді. Соның салдарынан түрлі қолданбалы бағдарламаларды зерттеу қажеттілігі туындайды. Қолданбалы бағдарлама бірінші кезекте шешілетін міндеттердің тар спектріне бағытталған. Кейде (соңғы уақытта жиі), қолданбалы бағдарламалар бірнеше блоктардан "құрылады". Бұл жағдай бағдарламалық кешен деп аталады.
Бағдарламалық кешен шешуші бағдарламалық модульдер жиынтығы болып табылады. Кешен құрамында да, жеке да жұмыс істеуге қабілетті әр түрлі міндеттер және қандай да бір форматты қолдайтын, кешен модульдері арасында деректер алмасу үшін пайдаланылатын.
Геодезиялық өлшеулерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламаларды екі топқа: арнайы және жалпы қолданбалы деп бөлеміз.


1.2 Жалпы қолданбалы бағдарламалар
Мысал ретінде жалпы қолданбалы бағдарламаға Microsoft Excel бағдарламасын аламыз. Бағдарламаны деректерді аз көлемде және күрделі емес есептеулерде қолданған жөн.
Сонымен қатар, олар алдын ала геодезиялық деректерді өңдеу үшін қолайлы. Жалпы қолдану бағдарламаларының артықшылықтарына олардың таралуы мен жеңілдігін жатқызуға болады. Кемшілігі өңдеу әдістері мен формулаларын жақсы білу қажет. Тағы бір кемшілік – бұл есептеу ведомостарын (кестелерде формулалар жиынтығын) түзету қажеттілігі, өңделетін ақпарат санының өзгеруі.
Excel көмегімен есептеу жұмыстарының келесі түрлерін орындауға болады:



  • тікелей геодезиялық есеп (кесу);

  • кері геодезиялық есеп (кесу);

  • теодолитті жүрістерді өңдеу;

  • нивелирлік жүрістерді өңдеу;

  • учаскелердің ауданын анықтау;

  • жобалық жазықтықтардан ауытқуларды анықтау;

  • көлемдерді анықтау;

  • және басқа да қолданбалы есептер.



1.3 Арнайы геодезиялық бағдарламалар
Бұл бағдарламаларды пайдалану үшін арнайы математикалық және кәсіби білім талап етілмейді. Қажетті тапсырманы дәл шешу үшін белгілі бір операциялар жиынтығын орындау қажет. Мұндай бағдарламалардың өзіндік мысалы ретінде «Credo», «AutoCad», «MapInfo» бағдарламаларын алуға болады.
CREDO бағдарламалық кешені өнімдері 1989 жылдан бастап «КредоДиалог» (Беларусь Республикасы, Минск қ.) өндірістік одағымен өңделеді және осы күнге дейін таратылып келеді. Өзіңнің даму уақытында кешең жаңа құрылысты жобалау мен көлік жолдарын қайта салудан бастап, инженерлік іздестіруді автоматтандырылған өңдеуді қамтамасыз ету, түрлі геоақпараттық жүйесіне мәліметтер дайындау, көлік жолдарын, өнеркәсіптікпен азаматтық құрылыс объектілерді автоматтандырылған жобалауға дейінгі көптеген функциялы кешенге жетті.
Қазіргі кезде CREDO комплексі бір неше үлкен жүйеден және көптеген қосымша мақсаттардан құралады. Кешеңнің әр жүйесі әр аймақтағы ақпараттарды өңдеуді автоматтандырады, сондай-ақ территорияның бастапқы жағдайын және құрылатын объектінің жобалық шешімдерін көрсететін біріктірген ақпараттық орталарын өзі мәліметтермен толтырады.
CREDO кешенің қолдану арқылы ақпараттарды өңдеуі «CREDO-технология» атағын алды. Оның негізгі артықшылығының бірі әр мамандар арасына мәліметтерді айырбастауды ұйымдастыру. Осы кезде әр маманға барлық объектілер бойынша жобалау немесе құрылыстың іздестіру кез келген кезеңінде мәліметтерді көру мүмкіншілігін береді. Сонымен қатар CREDO DAT технологиясы CREDO кешен жүйесін басқалай объектіні құру үдірісінде қолданылатын бағдарламалық өнімдермен қатар қолдану мүмкіншілік береді.
Credo кешеңнің функциялары:
- инженерлі-геодезиялық және топографиялық іздестірулерді камералды өңдеу;
- геофизикалық іздестіру жұмыстары уақытындағы геодезиялық мәліметтерді дұрыс өңдеу;
- жергілікті жердің сандық моделін құру үшін мәліметтерді дайындау;
- іздестіру және бар мәліметтердің негізінде инженерлік мақсаттағы жердің сандық моделдерін құру және түзету еңгізу;
- геолегиялық құрылым алаңдар немесе жолақтардың сандық моделдерін құру және түзету еңгізу;
- өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құралдары объектілердің ген жоспарын жобалау;
- тік жоспарлау жобалау;
- жобаланатын объектінің жер жұмыстары көлемін есептеп шығару;
- көпсатылы ғимараттарды жобалау;
- жаңа құрылыстарды жобалау, көлік жолдарын жөңдеу;
- құрылыстық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету.
AutoCAD-сызбаны автоматтандыру, жобалау және карталарды рәсімдеу үшін ең танымал бағдарламалар тобы.
Civil 3D-автожолдарды, кәріз желілерін, су құбырларын жобалау үшін жақсартылған мүмкіндіктері бар автокадаларды (қондырманы) кеңейту.
MicroSurvey CAD-геодезиялық ізденістер мен жобалау үшін толық функционалды бағдарлама.
ProgeCAD - күнделікті есептерді шешуге арналған бағдарлама. DWG форматында, үш өлшемді модельдеу және т. б. жүйесі.
ArchiCAD - сәулеттік жобалау бағдарламасы.
Стандартты бағдарламалардан басқа, мамандандырылған бағдарламалар және жеке бағдарламалар бар. Оларға өңдеуге арналған бағдарламалар жатады. Жеке бағдарламалар геодезиялық кәсіпорындардағы жұмыстардың нақты түрі үшін, бірінші класс желілерін өңдеу, айналмалы микротриангуляция және т. б. үшін қажет. Бағдарламаларды жасау үшін ВАЅІС, РАSСАL және т. б. қолданылады.
Topocad - бұл алаңдық және желілік іздестіру нәтижелерін өңдеу, жергілікті жердің сандық моделін құру (ЦММ), топографиялық сызбаларды дайындау, құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді маркшейдерлік қамтамасыз ету, ГАЖ деректерін жинау және жаңарту үшін арнайы құрылған Автоматтандырылған жобалау жүйесі (CAD).
Topocad - бұл тахеометрден деректерді импорттауға, оларды өңдеуді орындауға, тахеометрге деректерді экспорттауға, топоплан сызуға, рельефтің 3D моделін (ЦМР) және 3D топоплан макетін жасауға мүмкіндік беретін геодезистерге арналған мамандандырылған CAD бағдарламасы. Сонымен қатар, бұл жобаны жүктеуге, оны заттай шығаруға дайындауға және орындаушылық түсірілімді ресімдеуге мүмкіндік беретін құрылысшыларға арналған бағдарлама.
Яғни, Topocad геодезиялық өлшемдерді өңдеу, топопландарды сызу және геокеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Бағасы жағынан да қолжетімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет