3 «MapInfo»бағдарламасында өңдеу жұмыстары
3.1 Тахеометриялық түсірістерді «MapInfo»бағдарламасында өңдеу
MapInfo геоақпараттық жүйесі 90-жылдар басында Mapping Information Systems Corporation (USA) фирмасымен жасалынған. Қазіргі таңда бұл геоақпараттық жүйелер нарығында ең танымал бағдарламардың бірі болып саналады.
MapInfo бағдарламасының артықшылықтары:
әр түрлі платформаларда жұмыс істеу мүмкіндігі бар;
қолданушының нақты міндеттеріне бағытталған және осы үшін арнайы әзірленген мәзірмен жабдықталған қосымшаларды жасау мүмкіндігі (mapbasic программалаудың тілінің болуы);
игеру жеңілдігі.
MapInfo Professional - толық функционалды аспаптық геоақпараттық жүйе (ГАЖ). Оның көмегімен карталарды жасауға, картографиялық нысандарға байланысты ақпаратты сақтауға және өңдеуге болады. MapInfo ГАЖ жалпы қабылданған терминологиясы тұрғысынан кеңістіктік деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
MapInfo Professional қамтамасыз етеді:
Картографиялық интерфейс.
Жоғары сапалы карталарды жасау және өңдеу.
Бағдарламалық қамтамасыз етумен жеткізілетін кеңістіктік деректер.
Карталарды интеграциялау қарапайымдылығы, яғни әр түрлі кеңейтілген қосымшаларда (Excel, Access, Word) MapInfo-дп оңай жұмыс жасалады.
3D-деректермен жұмыс істеу-оқшаулауды құру, Делоне триангуляциясы және үшөлшемді визуализация.
MapInfo Pro Microsoft Excel, Access, реляциялық және кеңістіктік деректер қоры форматтары (Oracle, Microsoft SQL Server, PostGIS, SQLite), графикалық деректер форматтары ( AutoCAD DXF/DWG, SHP, DGN) және барлық кең таралған деректер форматтарымен жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, кез келген форматтағы бейнелермен (аэрофотосуреттер, жерсеріктік көп зоналы суреттер, сканерленген қағаз карталарды және т.б.) жұмыс жасау мүмкіндігі бар.
MapInfo Professional бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, MapInfo деректерді бізге карталар, тізімдер, аңыздар, графиктер және есептер түрінде ұсына алады. Карталар терезесінде картографиялық нысандарды өзгерту және жасау, масштабтау, проекцияларды өңдеу және картамен жұмыс істеудің көптеген функциялары бар. Берілген нысанға байланысты ақпарат тізім терезесінде кесте түрінде ұсынылуы мүмкін. Кесте терезесінде кестелердегі деректерді графиктер мен диаграммалар түрінде көрсетуге болады. Аңыз (легенда) терезесінде тақырыптық қабаттардағы нысандардың шартты белгілері көрсетілген. Есеп терезесінде масштабтау, макеттеу, сонымен қатар көп бетті карталарды сақтау құралдары ұсынылады.
Сонымен қатар бағдарлама базада сақталатын картографиялық деректерді өңдеуге мүмкіндік береді, оның ішінде бізге керегі тахеометриялық түсірістер.
Тахеометриялық деректерді енгізу MapInfo бағдарламасы арқылы бірнеше командаларды орындау арқылы жасалады.
Бізге тахеометриялық түсіріс деректері Microsoft Excel кестесі түрінде берілді. Бағдарламаға тахеометриялық деректерді енгізу үшін мәзірден «Файл», кейін «Открыть таблицу» командаларын орындадық. Бұл жерде файл типін (Microsoft Excel (*,xls; *,xlsx)) және картамен жұмыс жасау жолы таңдалады (Сурет 1).
Сурет 1. Деректі ашу жолы
Бізде тахеометриялық деректер кестесі ашылғанмен, деректер кестесі өзгертілмейді, сондықтан жұмысты жалғастыру үшін деректің көшірмесін жасаймыз. Ол үшін кестені «Файл → Сохранить копию» деп кестені тағы бір рет сақтаймыз. Енді кестенің көшірмесімен жұмыс орындалады (Сурет 2).
Сурет 2. Кесте құрылымы
Енді кестені қайтадан өзгеру үшін «Таблица → Изменить → Перестроить» командалары таңдалады. (Сурет 3).
Сурет 3. Кестені өзгерту жолы
Енді жұмыстың соңғы кезеңі деректерді экран бетіне шығару.
Ол үшін «Таблица → Создать точечные объекты» командалары орындалады, «Создать точечные объекты» дилогты терезесі ашылады, терезеге тиісті мәліметтер енгізіледі. Координаттар жүйесінде минималды және максималды мәндерін енгіземіз. «Ок» батырмасына басамыз (Сурет 4).
Сурет 4. Планның координаталық системасы
Экранда жаңа картаны шығару үшін, «Окно → Новая карта» командасы таңдалады (Сурет 5).
Сурет 5. Тахеометриялық нүктелерді шығару
Достарыңызбен бөлісу: |