Реферат «Кіші жүз» Студент: Айтмурзин Н. А. Взвод 113-ак куратор: Латыпаев Р. А. Астана 2022г



бет3/4
Дата12.03.2023
өлшемі440,18 Kb.
#73506
түріРеферат
1   2   3   4
Байбақты – Шежіре бойынша Байұлынан таратылады. 1801-ші жылы құрылған Бөкей Ордасына (барлығы 16025 жан) көшіп келген. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. ХХ ғасыр басында Байбақтылардың саны 40 мың болған. 
Беріш- Тарихи деректер бойынша 10 — 11 ғасырлар аралығында Беріштер Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепр аумағына барғаны аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245 — 1300 ж. Алтын Орданың Ноғай ұлысы құрамында болды. 1300 ж. Ноғай өлгеннен кейін Алтын Орда шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді
Жаппас – Кіші жүздегі ірі рулардың бірі. Бірақ қарай, бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқтың қасы. М.Тынышбаевтің қазақ халқының тарихына қатысты еңбегінде жаппас рунының саны 50 мың дер көрсетілген. Жаппас руы әр аймаққа бытырай қоныстанған. Ертеректе олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді.
Шекті – Кіші жүздің әлімұлы бірлестігіне кіреді. Шектінің өзі беске бөлінеді. 20 ғасырдың басында шектіге кіретін құрамдас рулар Орал, Торғай, Сырдария облысының Қазалы уездерін, Хиуа хандығына дейінгі аралықта мекендеді. 1971 жылға дейін шектілердің саны 60-80 мың болды.
Шөмекей- 20 ғасырдың басында Шөмекейлер Қазалы уезі, Сырдың төменгі сағасын, Перовск уезінің солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе уездерінің шығысын мекендеген. Көне деректер бойынша VIII ға­сырда (742-744 ж.ж.) ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен әскерінен жеңілген шөмекейлер батысқа жылжыған. 1917 жылға дейінгі саны шамамен 100 мыңнан асқан.
Төртқара – Төртқаралар негізінен еліміздің Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Қарақалпақстанда тұрады. Қазан төңкерісіне дейінгі саны 50-60 мөлшерінде болған.
Жағалбайлы - Аталған ел , «Қыз Жібек» эпосының бас кейіпкері Төлеген батырдың тарихы арқылы таныс. Дегенмен Жағалбайлының шыққан тегі жөнінде ғалымдар түрлі жорамалдар айтады. 1917 жылға дейін Жағалбайлының саны 70 мыңға жуықтаған.
Тама – Кіші жүздің бірлестігіне кіреді. Негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресейдің Орынбор облысы. Орыс деректерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдары айтылады. Әбіш Кекілбаевтың зерттеуінше шығыстан келіп, Жетісуға қоныстанған Тама мен Табын Үйсіндердің құрамына еніп, Қарахан хандығын құруға атсалысқан. Қазан төңкерісіне дейін тамалардың саны 80 мыңнан асқан. 

Саны
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны шамамен 1 млн. 100 мың адамға жететін. Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген еңбегіне сәйкес алшындар қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын.

  • Әлімұлының саны Қазан төңкерісіне дейін 350-400 мың адамды құрайтын. Оның ішінде: шекті - 60-80 мың, шөмекей 150 мыңнан аса, төртқара - 50-60 мың, кете - 50-60 мың, қаракесек - 20-25 мың, қарасақал - 10-15 мың.

  • Байұлы 500-550 мың, оның ішіндегі адай - 80-150 мың, байбақты - 40 мың, беріш - 45 мың, таз - 20 мың, шеркеш - 45 мың, масқар - 20 мың, тана - 25 мың, қызылқұрт - 40 мың, алтын - 70 мың, жаппас - 50 мың, ысық - 20 мың, есентемір - 20 мың, алаша - 45 мың.

  • Жетіру 270-300 мың, оның ішіндегі табын - 80 мың, жағалбайлы - 70 мың, керейіт - 30 мыңға дейін, тама - 45 мыңға дейін, телеу - 20 мыңға дейін, кердері - 20 мыңға дейін, рамадан - 5 мыңға дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет