6.Тінтуір Тышқан — бұл компьютердің графикалық ортамен өзара әрекеттесу үшін, пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Тінтуір – өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор. Тінтуір компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, беткі үш батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап <Моұсе> - <Тышқан> деп атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.
Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.
Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.
Алғашқы компьютерлік тышқан "Х және Y позицияларының индикаторы" деген атауға ие болатын. Бұл құрылғы АРПАНет Нетуорк Ынформатіон Центер жобасы іске асып жатқан кезде пайда болды.
Сол кезде қолданыста болған манипулятор жұмыс істеуде ыңғайсыз әрі өлшемі жағынан үлкен болғандықтан, Дуглас Карл жаңа құрылғыны ойлап табуды көздейді.
Қарапайымдылығы мен тиімділігімен көзге түскен құрылғыны Дугластың әріптестері белсенді түрде жетілдіре бастайды. Кейін Билл Инглиш тышқанның жұмыс істейтін нұсқасын халық назарына ұсынған. Қазір бұл құрылғыға қарасақ, тышқан деп айту қиынға соғып тұр. Энгельбарттың тышқаны ағаш корпус пен темірден жасалған дөңгелектермен жабдықталды.
Қорытынды Компьютердің құрылғылары— электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.
Компьютердің құрылғылары — электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына: — компьютерлер мен логикалық құрылғылар— сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура; — энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар.