Қуандық Құлмамырұлы, театр өнері – адамзат үшін көне əрі аса күрделі, табанды ізденісті талап ететін өнер екендігін зерделі жұрт түсінеді. Біледі де. Ежелгі Грекиядағы сахна



жүктеу 108.06 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.03.2017
өлшемі108.06 Kb.

– Қуандық Құлмамырұлы, театр өнері – адамзат үшін көне 

əрі аса күрделі, табанды ізденісті талап ететін өнер екендігін 

зерделі жұрт түсінеді. Біледі де. Ежелгі Грекиядағы сахна 

қойылымы туралы ең ескі дерек біздің дəуірімізге дейінгі  2500 

жылы сол кездегі жазбаға түсіпті. Ойлап қарасақ, қазір грек 

театрының тарихы төрт жарым мың жылдан асады екен. Солай 

бола тұра, қазақтың ұлттық театры өткен ғасырдың екінші 

онжылдығында ғана бой көрсетіпті. Дəлірек айтсақ, 1917 жылы 

маусым айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Абай 

ауданына қарасты Ойқұдық жайлауында ғұлама жазушы 

Мұхтар Əуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет 

сахналаныпты. Қазаққа таңсық қойылым ашық аспан астында 

қойылғаны белгілі. Ол үшін арнайы киіз үй тігіліп, соның 

алдына сахна жасалып, рөлдерді кілең ер адамдар орындағанын 

өнер тарихынан білеміз.

Шүкір дейік, бүгінде драматургтеріміз бен режиссерлеріміз 

бүкіл əлемді жауламаса да біраз елдерді елеңдетті. Солардың 

қатарында режиссерлік қарымыңызбен танылған сіз де барсыз. 

Бірқатар туындыларыңызды шетелдік көрермендер жылы 

қабылдағанынан хабардармыз.

Өнер мен əдебиетте көрермені мен оқырманы жоқ туынды 

өміршең бола алмаса керек-ті. Өз басым, əн əуенінде Шəмшіні, 

поэзияда Мұқағалиды қазақпын деген адамның сезімін 

тербететін, жүрек кілтін тапқан композитор мен ақын деп 

бағалаймын. Сіздіңше, қазақ театр өнерінде əлгі біз айтқан адам 

жүрегінің кілтін тапқан режиссерлер деп кімдерді айта алар 

едіңіз?

     


– Қазақ сахналық өнерін қаншалықты кенже десек те, келер 

жылдың маусымында 100 жыл болады екен. Бір ғасыр аз уақыт емес. 

Біз бұл арада халқымыздың жаратылысына, мінез-құлқына 

жақындау ертеден келе жатқан сал-серілік өнерін қосып отырған 

жоқпыз. Өзіңіз айтқан «Еңлік- Кебектен» бері қарай ғана сахна 

құдіретіне құрық тастадық. Əдебиеттегі Мұхтар Əуезов, Мағжан 

Жұмабаевтармен үндесе келген кəсіби режиссерлерді атар болсақ, 

алдымен  Жұмат Шаниннің, сəл кейінірек Асқар Тоқпановтың аты-

жөндері аузымызға оралатыны сөзсіз. Ал, шын мəнінде кəсіби 

біліктілігі мықты режиссура менің көзқарасым бойынша Əзірбайжан 

Мəмбетовтың М.Əуезов атындағы академиялық драма театрына аяқ 

басуымен басталды ғой деп есептеймін. Ə.Мəмбетов ағамыз сол 

алдыңғы буынның көтерген жүгін өз иығымен көтеріп алып, биікке 

сүйреді. Мəскеудегі ГИТИС институтында атақты режиссер Андрей 

Александрович Гончаровтан оқып білім алған Əзекең 

дарындылығымен даралана отырып, нағыз кəсіби шебер, маман 

екенін дəлелдеді. Сонымен бірге келе-келе ол өзі де  көптеген 

талантты режиссерлерге ұстаз бола білді.

Жалпы қазақ театрының даму деңгейі туралы əңгіме қозғасақ, 

қазақ елінің аймақтарына барып, режиссура мен театр өнерінің 

дамуына үлес қосқан кəсіби  мамандар ретінде Қазақстанның халық 

əртістері Бəйтен Омаров, Есмұқан Обаев, Маман Байсеркенов, 

Қадыр Жетпісбаев, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып 

Омаров  есімдерін айтпай кетсем күнə  болар. Бұлар қазақ театр 

өнеріне өзіндік қолтаңбасы мен жаңалығын ала келген режиссерлер. 

Спектакль қоюда көптеген ізденістерінің нəтижесінде, жаңа 

бағыттағы қалыптар мен тəсілдерді тауып,  актер өнерінің 

қарқындап дамуына əсер етіп, театр ұжымдарын жаңа белестерге 

көтергені сөзсіз.

Қазақ режиссурасының келесі легі Ерғали Оразымбетовты, Болат 

Атабаевты, Жанат  Хаджиевті, Нұрқанат Жақыпбаевты  туғызды. 

Аты аталған режиссерлер театр өнері мен режиссурасының дамуына 

жаңа тыныс, жаңа дем қосты. Актерлар романтикалық, жалған 

пафостық, декломациялық сарыннан ада бола бастады. Бұл 

режиссерлердің театрға келуімен актерлар физико-психологиялық 

ойлау  процессіне көп мəн бере бастады.

Қазақ режиссурасының келесі бір легіне көз жүгіртіп тоқтала 

кетпесек болмас. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов 

атындағы Академиялық жастар мен балалар театрының көркемдік 

жетекші қызметін атқарып  жүрген Қазақстан Республикасының 

еңбек сіңірген əртісі Мұрат Ахманов,  Астанадағы Қ.Қуанышбаев 

атындағы Академиялық қазақ музыка драма театрының 

режиссерлері, ҚР еңбек сіңріген əртісі Əлімбек Оразбеков, ҚР еңбек 

сіңірген қайраткерлері Болат Ұзақов, Нұрлан Жұманиязов, 

Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы қазақ музыкалы драма театрының 

көркемдік жетекшісі,  ҚР еңбегі сіңген қайраткер Гүлсина 

Мерғалиевалар  қазіргі қазақ режиссурасының  дамуына үлес қосып 

келе жатқан ерекше қолтаңбасы мен фəлсафалық көзқарасы бар 

терең ойлы режиссерлер. Осы лекке мені де қосыңыз.

Тағы бір қуанарлығы, шығармашылық ізденісімен көрерменнің 

көзайымына айналып жүрген жастар да бар. Мұхтар Əуезов 

атындағы академиялық драма театрындағы Ерік Нұрсұлтан, 

Оралдағы қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали 

Томанов, Маңғыстаудағы Н. Жантөрин атындағы театрда Дина 

Жұмаева, Ақтөбедгі Т. Ахтанов атындағы қазақ драма театрында 

Мейрам Хабибуллин, Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов 

атындағы қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері 

Батырбек  Шамбетов сынды жастар режиссураның болашағы деуге 

тұрарлық. Əрине, дипломы бар жас режиссерлер көп. Бірақ, лекке 

ілесіп, сахна төрінде қарымын танытып жатқандар өте сирек. 

Себебі, бұл мамандық режиссердың  шығармашылық жолында көп 

ізденіс пен қиялының ұшы қиырсыз самғауын, өмірде болып жатқан 

оқиғалар мен адамзат  баласының тағдырына    деген жеке 

көзқарасының қалыптасуын талап етеді. Жоғарыда аты аталған 

режиссерлердің көбі актерлық мамандықты игеріп барып режиссер 

ретінде қалыптасқандар.

       

 Сіз де кəсіби режиссерлікке актерлықтан келдіңіз емес пе. 



Білуімізше, Алматы мемлекеттік көркемсурет-театр 

институтында «Кино жəне драма актеры» мамандығын алған 

соң өнер жолындағы қадамыңызды 1984  жылы Жамбыл 

облыстық қазақ драма театрының актеры болып бастапсыз. 

Сол жылдардың ішінде 20-ға жуық кейіпкердің бейнесін 

сомдапсыз. Жалындаған сол шақтарыңызда кімдердің бейнесін 

сомдағаныңызды еске түсіріп көріңізші?

– Ойнаған рөлдердің ешқайсысы естен шыға қойған жоқ. 

Өзімнің көңіліме қонғандарын ғана айтайын. Жазушы-драматург 

Оразбек Бодықовтың  «Жан азабы» шығармасындағы басты 

кейіпкер, ақиық ақын Мұқағалидың рөлі мəңгі есімде қалды. 

Пьесаны белгілі режиссер Əскер Құлданов ағамыз сахналады. 

Режиссерлік мамандықты армандап жүрген, сол кезде театрымыздың 

актеры Шопан Кəрібаев  Əскер ағаның қасында қоюшы режиссер 

ретінде тағайындалды. Рөл ойнау қиынға соқты. Себебі, келгеніме 

небəрі үш жыл толғанымен мұндай рөлге баруым алғаш рет еді. 

Спектакльдің басынан аяғына дейін бір жарым сағат сахнадасың. 

Жəне атағы елге мəшһүр ақиық ақын Мұқағали ғой. Шопан досым 

менің сол рөлде қалыптасуыма көп еңбек сіңірді. Күнделікті 

репетицияны менің көңіл күйіме қарап отырып өткізді. Оның да 

алғашқы еңбегі, менің де алғашқы үлкен рөлім. Екеуіміз көп 

іздендік. Көп сырластық. Оның менімен етене жақындасып атқарған 

қызметінің арқасында рөл  шықты ғой деймін.

Көңіліме ұялап қалған рөлімнің бірі жазушы-драматург Бақтияр 

Əбілдаевтің «Айша бибі» пьесасындағы Айқожа. Бұл спектакльді де 

Əскер Құлданов ағамыз қойды. Бас кейіпкер Айша Бибінің  əкесі 

Айқожаны  ойнау менен көп жауапкершілікті талап етті. Жасым жас 

болса да данагөй, діндар  адамның бейнесін сомдауым керек еді. 

Қаншама тер төгілді. Осы қойылымнан кейін мен өзімді актер 

«АКТЕР МЕН РЕЖИССЕР БІРІН-БІРІ ӨСІРЕДІ»

Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  Жұмат  Шанин  атындағы  академиялық  қазақ  драма  театрының  көркемдік  жетекшісі,  Шыңғыс 

Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, режиссер Қуандық ҚАСЫМОВ пен жазушы Шойбек ОРЫНБАЙДЫҢ сұхбаты.

111

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры


ретінде еркінірек сезіне бастадым. Ал, менің сахнада актер болып 

қалуыма себепкер болған бір рөліме тоқталып өтпесем болмас.

Қалтай Мұхамеджановтың «Біз періштеміз бе?» пьесасы 

бойынша спектакль дайындалып, басты кейіпкер Назар рөлі менің 

еншіме тиді. Бұл спектакльдің де режиссері сол Əскер Құлданов 

ағамыз. Ол кісі жаңаша форма іздеді. Басты кейіпкер ауруханада 

реанимация бөлімінде науқастардың киімімен төсек тартып жатып, 

спектакль барысында «Назар – елес» болып, бүкіл өмірін 

көрерменнің алдына жайып  салады. Көркемдік кеңес біздің бұл 

жаңашылдық формамызға түбегейлі қарсы шықты. Спектакльді 

жарамсыз деп тапты. Ойнаған рөлімді түкке алғысыз етті. Төгілген 

тер, еткен еңбек еш кеткендей еді. Менің көңіліме дық түсті. 

Жүрегім сыздап, əрі-сəрі күй кештім. Жас актермын. Егер шын 

мəнінде көркемдік кеңес мүшелерінің ойлағанындай болса, онда 

маған бұдан кейін актер болып қалудың қажеті бар ма, жоқ па, деген 

ойға кеткенім де рас.

Көркемдік кеңестің үстірт шешімі дауға айналды. Сонымен не 

керек, көркемдік кеңестің ой пікіріне қарсы  режиссер мен 

актерлардың талабымен бұл мəселе Қазақстан Театр Қайраткерлер 

Одағының  төрағасы Əзірбайжан Мəмбетевке жеткізіліп, сол жақтан 

комиссия шақырылды. Алматыдан үш адамнан құралған комиссия 

мүшелері келді. Сол үш адамның біреуі атақты режиссер, профессор 

Маман Байсеркенов екен. Ол кісінің бұрын Жамбыл театрында бас 

режиссер болып қызмет істегенін білетінмін. Бірақ, жақын 

таныстығым жоқ еді. Білетінім, осында бас режиссер болған кезінде 

орыс жазушысы Михаил Шолоховтың «Тынық Дон»  шығармасын 

сахналап, оны екі  серия етіп, екі күн қатарынан ойнатқан. Бұндай 

тəсіл бұрын-соңды қазақ театр сахнасында, тіпті бүкіл əлемдік театр 

тарихында болмаған екен. Спектакль жақсы бағасын алып, кең 

тынысты қойылым ретінде қазақ театрының тарихына енген. Міне, 

сол режиссер менің жəне спектакльдің тағдырын шешуге келіп 

отыр.


«Біз періштеміз бе?» спектакілін көрген алматылық комиссия 

мүшелері тұжырымды ойларын айтты. Соңында сөз алған Маман 

Байсеркенов маған қарата: «Мына жас актер өз рөлін өте сəтті 

орындаған. Спектакльдегі бүкіл жаңашылдық форманы Назар 

бейнесі ұстап тұр. Егерде мен осында режиссер ретінде қызмет 

еткен болсам, сөзсіз осы актерға көп күш салар едім. Себебі, бұл 

«қазақтың Инокентий Смоктуновскийі» дегенде, шынымды 

айтайын, көзіме жас алдым. Осылай «Назар – елес» рөлі мені 

басқаша кепілге ие етіп, актер ретінде танытты. Өнерге деген 

құлшынысымды үрлей түсті.

Осы арада айта кетейін, көркемдік кеңес дегенді КСРО-ны билеп 

тұрған Коммунистік партияның өкілдері ойлап тапқан. Бұл театрға 

жасалған цензура деуге болады. Өйткені, оның мүшелері кейде 

спектакльдің көркемдік деңгейіне баға бермей, қатып қалған идеяға 

бейімделген өз шешімдерінің мүддесін қорғайды. Қазір де 

көркемдік кеңесті қалпына келтіру керек деген ой жиі-жиі бас 

көтереді. Мұндай жағдайда режиссер мен актердың шығармашылық 

ізденісі мен жаңашылдығына нұқсан келуі əбден мүмкін.

     

 Əңгімеңізден байқап отырмын, сахнада актер болып 



ысылған соң ғана режиссерлікке бет бұрған секілдісіз. Сол екі 

арада Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер 

акедемиясының магистратурасын «Драмалық театр режиссері» 

мамандығы бойынша тəмамдапсыз. Режиссер болуыңыздың 

сырын білу біз үшін де, оқырман үшін де қызықты.

– Бұл жəйт те шынында қызық өзі. Өткен ғасырдың тоқсаныншы 

жылдарында театрдың қиын кезеңі басталды. Сол кезеңде 

режиссураға бет бұрдым.  90 жылдардың басында алғашқы 

қадамымды жазушы-драматург Оралхан Бөкеевтің «Құлыным 

менің» драмасымен бастадым. Мен бұл шығарманы ықшамдап 

Жамбыл театрының кіші сахнасына бейімдеп қойдым. Онша сəтті 

болды деп айта алмаймын. Сонан соң сол театрдың үлкен 

сахнасында драматург Бикен Римова апамыздың «Қос мұңлық»  

драмасын сахналадым. Бұл спектаклім де сəтті болмады. Басты 

кейіпкерді ойнаған актрисам маған сенбегендіктен бұл қойылым 

ұзаққа бармады. Ендігі кезекте Мəскеу қаласындағы режиссерлықты 

шыңдау институтына түскен жылы, яғни 1992 жылдың көктемінде 

жамбылдық жазушы-драматург Елен Əлімжанның комедиясын 

қойдым. Бұл спектальдің атын Елен ағамен келісе отырып, «Бір 

қазаққа бір қатын» деп өзім атадым. Бұл спектакль менің 

режиссерлікке сенімді түрде келуіме себепкер болды десем артық 

айтқаным болмас. Өйткені, спектакль өте сəтті шықты. Сəтті 

шыққанының куəсі сол бұл шығармам Жамбыл театрының 

сахнасында бақандай он үш жыл өмір сүрді.

Менің  «бағыма» қарай Мəскеудегі оқуым жалғаспай қалды

себебі, Кеңестер Одағы ыдырап, қаржылай қарым-қатынастардың 

үзілуіне орай дəріс алуым тоқтатылды.  Сөйтіп, мен режиссураға 

қадам басқаныммен дипломсыз қалдым. Соған қарамастан, 

режиссерлік дипломым жоқ болса да 1998 жылы наурыз айында 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қоюшы режиссер болып 

тағайындалдым. Сол жылы ҮІ республикалық театрлар фестивалі 

Таразда өтетін болды. Оған біздің ұжым да  қатысты. Қырғыз 

драматургі Мар Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясын 

дайындадық. Сол кезеңдегі облыс əкімінің орынбасары Бақытжан 

Сағынтаев мырза менімен театр туралы, оның тағдыры туралы 

сырласа отырып  шығармашылық ұжымды бас режиссер ретінде  

басқару міндетін жүктеді. Сол күннен бастап бас режиссерлікке 

тағайындалдым. Фестиваль өтті, одан құралақан қалмадық. 

Режиссерлік алғашқы еңбегімді бағалап, КСРО халық артисі, атақты 

режиссер Əзірбайжан Мəдиұлы Мəмбетов бастаған қазылар алқасы   

«Үміт» сыйлығын берді. Оны сахнада театр сыншысы Əшірбек 

Сығай  табыс етті. Бұл менің алғашқы  кəсіби сыйлығым еді!

Арада төрт жылдай өткенде, 2002 жылы Темірбек Жүргенов 

атындағы Ұлттық өнер академиясында драмалық режиссура 

мамандығы бойынша  магистратура ашылды.  Мұны естіген соң 

режиссерлік мамандықтың дипломын алуға көңілім кетіп, облыстық 

мəдениет басқармасының бастығы Əлібек Əмзеұлына кіріп ойымды 

айттым. Ол: «Бас режиссерсің, сен кетсең театр қалай болады?» деп 

көніңкіремеді. Мен болсам, алған бетімнен қайтқым жоқ. «Мен 

жоқта сырттан режиссер шақырып-ақ спектакльдер қоюға болады» 

деймін. Содан Əлібек Əмзеұлы Ұлттық өнер академиясының сол 

кезеңдегі ректоры Қышқашбаев мырзамен  сөйлесіп, екіжақты 

əңгіменің барысында мен үшін магистратураның сырттай бөлімін 

ашуға шешім жасалады. Сөйтіп, жеке дара өзім ғана «Драмалық 

театр режиссері» мамандығы бойынша сырттай оқуға қабылдандым. 

Оны Қазақстанның халық əртісі, профессор Маман Байсеркеновтің 

жетекшілігімен қызыл дипломмен бітіріп шықтым. Осылай Жамбыл 

облыстық қазақ драма театрын он төрт жыл бас режиссер ретінде 

басқарып, ақыры соңында өз еркіммен қызметтен кеттім. Еркін 

шығармашылық жолға түстім.

       

 Сіздің шығармашылық ізденістеріңіз бен жетістіктеріңізді 



саралай келе менде бір ой ұшқыны жылт етті. Ұлы драматург 

Уильям Шекспирден бастап, Софокол, Еврипид сияқты əлемге 

танымал өнер алыптарының, Мұхтар Əуезовтің, Ғабит 

Мүсіреповтің, Шыңғыс Айтматовтың, Хамит Ерғалиевтің, 

Тахауи Ахтановтың, Шерхан Мұртазаның жəне кейінгі толқын 

қазақ драматургтерінің пьесаларын сахналапсыз. Байқап, 

байыптаған адамға аты аталған тұлғалардың шығармалары 

тарихи негізге сүйенгендігін аңғару қиын емес. Мəселен, сіз 

қойған Шекспирдің "Ричард ІІІ", "Король Лир"», «Ромео мен 

Джульетта», Софоколдың «Эдип патша», Еврипидтің «Троя 

арулары», Жан Ануйдың «Медея» , «Антигона», Шыңғыс 

Айтматов пен Мұхтар Шахановтың «Сократ түні», Шыңғыс 

Айтматовтың «Ана жер Ана», «Ақ кеме»,  Шерхан Мұртазаның 

«Ноқтаға басы сыймаған», Арғынбек Бекбосынұлының 

«Домалақ ене», Елен Əлімжанның «Бауыржан Момышұлы», 

тағы басқа спектакльдерді көрерменге ұсындыңыз.

 Бұл туындыларыңыз бəрі дерлік тарихи əртүрлі кезеңдердің 

көрінісі. Соған қарап көңілде сауал туындайды. Айтыңызшы, 

сіз тарихи тақырыпқа көбірек көңіл бөлесіз бе, жоқ, əлде бұл 

көрерменнің талап-тілегіне орай сахналанған туындылар ма?

      


– Бұл сұрағыңызға «Сократ түні» спектакілінің көрерменге 

қалай ұсынылғанын еске ала отырып жауап берейін. Жалпы о баста 



112

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры


Желтоқсан көтерілісі туралы бір қойылым қойсам деген ойда 

жүретінмін. Сол оймен 1998 жылы Бішкекте елші болып жүрген 

Мұхтар Шахановқа бардым. Кездесіп əңгімелестік. Ақын ағамыз 

ойланып отырып: «Ондай пьесаны жазу үшін маған көп уақыт керек 

болады. Қазір ондай мүмкіндігім де жоқ. Одан да Шыңғыс 

Айтматов екеуміз бірігіп жазған «Сократ түні» деген пьесамыз 

«Жалын» журналында жарияланып еді, соны көрсең қайтеді. Дайын 

туынды ғой» деп маған журналды берді.

Алған дүниемді қолтықтап елге келдім. Ойландым, толғандым. 

Қоюшы суретшімен ақылдаса отырып, бұл спектакльді 

кейіпкерлердің түнгі сырласуы арқылы сахналауды жөн санадық. 

Сөйтіп, репитицияны бастап кеп жібердік. Сол кезде 

Қырғызстанның халық ақыны Сүйімбай  Ералиевпен 

Қырғызстанның Талас облысына  келген  сапарына орай жол-

жөнекей Мұхтар ағамыз спектакль-дің қалай дайындалып жатқанын 

көргісі келіп, театрға соқты. Оған қойылымның дайындық сəтін  

көрсеттік. Ол бізге: «Мына драманы қарапайым көрермен түсінуі 

қиындау шығар» деген өз ойын білдірді. Шынында да оның сөзінің 

жаны бар еді. Біз де өз ойымызды айттық. Сол сəтте қырғыздың 

атақты ақыны сөз алып, бұл шығарманың көркемдік биік деңгейі 

бар екенін сөз етті. Спектакль əрдайым  көрерменнің өресін биікке 

көтеруі керек екенін баса айтты. Соған орай  «Сократ түні» 

спектакліндегі кейіпкерлердің сырласу түні арқылы биік идеялық 

мазмұнға жеткізгіміз келетінін түсінгенін тілге тиек етті. Мұхтар 

ағамыз бен Сүйімбай  Ералиев сəттілік тілеп жүріп кетті.

Қойылымның бағын ашқан 1999 жылы Қырғызстан астанасы 

Бішкек қаласында өткен «Айтматов жəне театр» Халықаралық театр 

фестивалі болды. Фестиваль кемеңгер жазушының 70 жылдығы 

құрметіне арналып өткізілген болатын. Сəті түсіп бізді конкурстық 

бағдарламаға қосты. Сол өнер жарысында «Сократ түні» төрт бірдей 

номинацияның жеңімпазы болды. Оны санамалап айтсақ, «Ең үздік 

режиссура», «Ең үздік əйел бейнесі», «Ең үздік екінші пландағы 

бейне», «Ең үздік эпизоттық рөл».

Біз осы жаңашылдығымызбен жалпы қарапайым көрерменді 

өзімізге тарта білдік. Ең бастысы олар біздің биіктікке ұмтылған 

идеямызды түсінді. Күрделі ойларды да жұртшылық түсінетінін 

байқадық, оларды соңымыздан ерте білгенімізге қуандық.

Егер біз тарихи дүниені сол өткен дəуірдегідей мұртын бұзбай 

көпшілікке ұсынсақ, онда ұтыларымыз хақ. Қазіргі заман адамы оны 

жүрегімен қабылдай алмауы мүмкін. Өткен тарих тілі көрерменге 

жақын болса ғана жұрт актер мен режиссердің негізгі ойын, түпкі 

идеясын сезе алады. Мен сол ұстанымды дұрыс деп түсінемін. 

Тарихқа бүгінгі көзқараспен қарап, көрерменге жақындай түсуіміз 

керек. Мақсатым да сол.

       

 Сіздің режиссерлік ізденістегі табыстарыңыз баршылық. 



Бұл жөнінде баспасөз беттерінде де жиі жазыла бастады. Осы 

арада еректеу ойдың иесі Асқар Сүлейменовтің: «Пьеса 

құндақтаулы сəби, ал, оны қандай азамат етіп шығару 

режиссерге байланысты» дегені есімізге оралып отыр. Сіздің 

пьесаны спектакль етіп сахналаудағы ой-тұжырымыңыз 

қандай? Əсіресе, əлемдік деңгейдегі классиктердің 

туындыларын режиссер ретінде көрерменге қалай ұсынасыз?

– Əлемдік деңгейдегі драматургтердің шығармалары көбіне өте 

ұзақ болып келеді. Мен Шекспирден бастап, одан кейінгі аса 

дарынды драматургтерді айтып отырмын. Ол шығармалар өз 

заманында сондай ұзақтықты, тəптіштеп түсіндіруді қажет еткен 

шығар. Қазіргі түсінік мүлдем бөлек. Сондықтан олардың 

шығармасындағы ең маңызды тұстарын ала білу керек. Сонда ғана 

ол жұрттың жүрегін қозғайды.

Спектакльге қойылар басты талап, драмалық шиеленіс, сахнада 

тартыс пен іс-əрекет, қимыл болуы қажет. Асқар Сүлейменов осыны 

меңзеп отыр деп ойлаймын. Егер «сəби» пьесадағы айтылған ойды 

көрермен көңіліне құя алмасаң, оның көркемдік жағын өсіре 

алмасаң, ол өлі дүние. Əшірбек Сығай ағамыздың: «Режиссер 

философ болуы керек» деген сөзі бар. Спектакльдегі кейіпкер 

сөзінің сыр-жұмбағы қайда? Автор не айтқысы келді? Бір ауыз 

сөздің өзінде үлкен ой жатады. Сол бір сөздің астарын аша білу 

керек. Актер соны жанымен ұға алса, онда бейне дараланып, өзіндік 

кескін-келбетімен сомдалады. Режиссер актерді сондай ізденіске 

қарай бағыттауы тиіс.

Режиссер ретінде қандай туынды болмасын, сол арқылы өз 

ойымды айтуға тырысамын. Мен сахнадан пьеса оқымаймын. 

Керісінше сахналау көрінісін, қимыл-əрекетті, кейіпкер образын 

көру, музыканы сезіне білу арқылы сол шығарманың қазіргі күнмен 

үндестігін іздеймін. Егерде біз дəл бүгінгі күні қандай болмасын 

шығарманың түпкі мақсаты мен айтар ойын дөп баспасақ, ол 

көрерменге əсер етпеуі мүмкін. Ал, мен сол атақты шығармаларды  

жаңа бағытта, жаңа көзқараста сахналағым келеді. Мысалы, мен 

қойған 2006 жылғы «Ричард ІІІ» пен 2015 жылғы «Ричард ІІІ»-тің 

айырмашылығы жер мен көктей. Себебі, заман тынысы мен уақыт 

талабы өзгерді. Əлемде неше түрлі қатыгез оқиғалар көбеймесе 

азайған жоқ. Таққа таластық өршімесе басылған жоқ. Сондықтан 

қазіргі күндегі Ричард бастаған қандыауыз топ ол қазіргі замандағы 

«массондық -мафиялық»  топ. Билікке кімнің қалай келуін 

жоспарлай отырып, арнайы «сценарий» бойынша қимылдайтын  

қатыгез топ. Сол топты қандай Ричардтар басқарады? Осы сұраққа 

жауап іздедім. Бүгінгі күні Мұхтар Əуезовтың « Еңлік-Кебек» 

трагедиясын жас буын көрерменге қандай тəсілмен жеткізуге 

болады деген ой толғауындамын. Сол сияқты «Қара қыпшақ 

Қобыланды» қойылса ол қандай формада көрерменге жақын болар 

еді? Мысалы, мен «Қыз Жібек» шығармасын сахналағанымда 

ешкімге ұқсамайтын форма табуға ұмтылдым. Сөйтіп, бұл дастанды 

жаңа форматта көрерменге ұсындым. Оқиға желісін 45 минутқа 

енгізіп, сол уақыттың ішінде актерлардың билей жүріп əн айтуына, 

қимыл əрекет жасай жүріп сөз айтуына ерекше ден қойдым. Сөзі аз, 

қимыл əркеті мол пластикалық шешім арқылы сахнаның дəл 

ортасына көрерменді айнала отырғызып, сахнаграфиялық аз ғана 

детальдармен көркемдеп символикалық метафоралық  ой толғау 

жасадым. Бұл спектакльде қазақ ұлтының салт дəстүріне көп мəн 

бердім. Көрген көрермен де, театр сыншылары да бұл формаға тəнті 

болды.


Тұжырымдап айтар болсақ, тарихи дүниелерді кешегі күннің 

көрінісімен қоюға болмайды. Заман өзгерді. Соған қарай көрермен 

көзқарасы да өзгеріп, жаңаша қалыптасады. Соны сезіне білгеніміз 

абзал. Былайша айтқанда, көрермен менің партнерім. Мен олардың 

көңіліндегісін таба білмесем, жақсы дүние туғыза алмағаным.

Қазіргі көрерменнің талғам, талабы мүлдем басқаша, көзқарасы 

өзгерген. Басқаша ойлап, басқаша қабылдайды, басқаша талап 

қояды. Сондықтан да кешегі күнмен өмір сүре алмайсың. Кейінгі 

жастарды бұрынғы қалыпқа апарып салуға болмайды. Актерларға 

да талап күшті болуы керек. Актер сахнада түрлі қырынан көріне 

білгені жөн.Ол – əнші, ол – биші, ол – терең ойшыл, оқыған, білімді, 

бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы болуы бұлжымас міндет.

Сондықтан жас актерларға айтар назым да бар. Оларда ізденіс 

аз. Кітап, газет, журнал оқымайды. Қазіргі компьютер заманында 

таңдау да жетерлік. Интернет бар, смартфон, тағы басқалар бар 

дегендей. Ал, олар смартфоннан жеңіл-желпі нəрселерді іздейді. 

Біздің заманда театр əлемінде болып жатқан жаңалықты газет пен 

теледидардан, арнайы кітапханадан  там-тұмдап іздеп, сол арқылы 

дамысақ, қазіргі кезде  адамның құдіретімен енген интернет жүйесі 

біздің өсуімізге пайдасын көп тигізеді. Дамыған технология 

қаншама жаңалықты алып келіп жатыр. Оқимын, білемін, табамын, 

ізденемін деген адамға, актерге сол жүйе əрқашан қасынан 

табылады. Рахат заман ғой, түсіне білгенге.

Актер мықты болса ғана,  режиссура өседі, актер ізденісіне 

сүйене отырып биікке көтеріледі. Сахнада актер мен режиссер 

жымдасып жұмыс істесе ғана сəтті қойылым шығары сөзсіз. 

Мысалы, Əзірбайжан Мəмбетовтің театр өнеріндегі жетістіктерін 

алайық. Ол өз заманындағы өте мықты актерлармен қоян-қолтық 

қызмет жасады. Халықтан шыққан тарланбоз актерлар легі: Сəбира 

Майқанова, Камал Қармысов, Шолпан Жандарбекова, Елубай 

Өмірзақов, Мүлік Сүртібаев, Ыдырыс Ноғайбаев, Қапан Бадыров, 

Зəмзəгүл Шəріпова, Бикен Римова, Нұрмұхан Жантөрин, Əмина 

Өмірзақова, Торғын Тасыбекова, Фарида Шəріпова, Нүкетай 

Мышбаева, Асанəлі Əшімов, Сəбит Оразбаев, Əнуар Молдабеков, 

Тұңғышбай Жаманқұловтарды айтсақ та жеткілікті. Актерлар 

113

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры


Мəмбетовті, Мəмбетов актерларды өсірді.

      


 Əзірбайжан Мəмбетовті аузыңызға жиі алады екенсіз. 

Театр өнеріндегі биік тұлғаны өзіңізге ұстаз санайсыз ба?

– Əзекең шынында да биік тұлға ғой. Бірақ, мен ол кісімен жиі 

кездесіп, ой бөлісіп, пікірлесіп жүрдім деп айта алмаймын. 

Дегенмен, маған деген жылы ықыласын сезгендей болдым. Сондай 

сəттердің бірі  Тараздағы ҮІ Республикалық Театрлар фестивалі 

өткен  күндері болды. Фестивальдің соңғы  күні қортынды болар 

алдында  Əзірбайжан аға театр фойесінде кездесіп қалып, маған: 

«Мұрат (Ахмановты айтып отыр) екеуіңе арнайы сыйым бар, 

сондықтан маған оны тауып келші деді». «Əзекең бізге не айтпақшы 

болды екен?» деген оймен Мұратты іздедім. Мұрат келе қоймады. 

Əзірбайжан аға қолында газетке ораулы заттары бар, менің қасыма 

келді де: «Ахманов қайда?» деп сұрады. «Оны жігіттер іздеп таба 

алмай жатыр» дедім. «Жарайды, онда мына кітаптың біреуін соған 

бер. Алғашқы бетінде арнайы сендерге жазған тілегім бар» деп 

қолындағы заттарын маған ұстатып, кетіп қалды. Орауды ашып 

қарасам, өзінің шығармашылық жолы  туралы жазылған кітап екен. 

Іштей қуандым. «Бұл кісінің көңілінің бір түкпірінде жүр екенмін 

ғой» деп. Одан кейін Əзекеңнің «Қазақ əдебиетіне» берген көлемді 

сұхбатын оқыдым. Тілші оған кейінгі буын режиссерлерден кімді 

ерекше атар едіңіз дегенде, біздің, яғни Мұрат Ахманов екеуміздің 

атымызды атап: «Олар менің шəкірттерім емес, бірақ, мені ұстазым 

деп санаса, мен оған қарсы емеспін» деп жауап беріпті. Бұл театр 

өнеріндегі айтулы тұлғаның бізге берген бағасы деп түйсіндім.

 Енді бүгінгі жағдайға оралсақ. Оңтүстік өнерінің 



қарашаңырағы Жұмат Шанин атындағы академиялық театрға 

көркемдік жетекші болып келдіңіз. Бұрын сахналанғаны бар, 

кейінгілері бар, біраз туындыларыңызды көрерменге 

ұсындыңыз. Көрерменнің қатарында өзіміз де бармыз. Сондағы 

ойым, шетелге еліктеу əдебиетте де, өнердің барлық  саласында 

да бар секілді түйіледі маған. Бұлай бола берсе, ұлттық түйсік-

түсінігімізге, бəлкім, ұлттық колоритімізге, ұлтқа тəн мінез-

құлқымызға нұқсан келмей ме?

             

– Ұлттық мінез-құлықтан айырылып қалсақ, онда бүкіл 

болмысымыздан айырылатынымыз рас. Дегенмен біз ұлттық 

туындыларымызды бүгінгі жəне шетел көрермендерінің талғамына 

қарай ыңғайлауымыз қажет. Өз басым спектакльді дайындағанда 

соны мақсат етемін.  Жалпы, өткенді сол қалпында беру – музейлік 

көрініс секілді болып қалуы мүмкін. Қандай туынды болмасын 

бүгінгі өмірге жақындату керек. Сонда ғана көрерменді өзімізге 

тарта аламыз.

«Қобыланды батырды» қойсам ба, деп те ойлаймын. Өйткені, 

дастандағы Қобыланды батырды егделер болмаса, көп жас біле 

бермейді. Жастарға дем беретін, рухани азық болатын кейіпкер 

əрқашан керек емес пе. Заман кейіпкері қандай адам болуы абзал? 

Батыр тұлғалы Қобыланды ма? Əлде еліміздің егемендігін аңсаған 

Желтоқсан оқиғасының кейіпкерлері ме? Қазіргі кезде Максим 

Горькийдің Данкосындай жүрегін суырып алып жол көрсететін 

жанкешті кейіпкер кім бола алады? Елі үшін, жері үшін жан беретін, 

жауыздықққа қарсы тұра алатын Қобыланды сынды батыр бар ма 

қазіргі кезде? Осы ойлар мазалайды.

Бүгінгі заманның Қобыландысын сахнаға алып шығып, жас 

буын көрерменге əсерлі етіп жеткізе білсек, мақсаттың 

орындалғаны. Қойылымның формасын табу керек. Бүгінгі түсінікке 

қарай икемдесек, ұтарымыз сөзсіз. Қазір көз алдымызда қаншама 

мемлекет жойылып, қаншама жұрт зардап шегіп босқынға айналды. 

Ал, сол «қызылбасты» содырларға қарсы тұратын, сол аждаһамен 

жекпе жекке шыға алатын Қобыланды сынды жас жігіттер емес пе? 

«Елім, жерім!» деп жан жүрегін суырып алып, алға ұмтылатын 

болашақ Қобыландының  намысын, арын оятуымыз қажет деп 

ойлаймын.

Өзіміздің  классик авторларымызға  жаңаша көзқараспен үңілу 

қажет. Ұлттық негізімізге бағытталған шығармаларды ой сарабына 

салып барып, жаңа көзқараспен сахналасақ жұртшылықтың 

жүрегіне жол табарымызға сенімдімін.

      

 Биылғы репертуарларыңыз туралы айта кетсеңіз?

– Репертуарымызға бірқатар жаңа қойылымдар енді. Қырғыз 

драматургі Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» жəне өзбек 

драматургі Шараф Бошбековтың «Темір қатын» комедияларымен 

қатар жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың «Бас» атты 

драмасы тұсауын кесіп, көрерменге жол тартты. Осы жерде айта 

кететін бір мəсле бар. Ол өте өзекті мəселе. Қазіргі кезде қазақ 

драматургиясында комедия жанры жоқтың қасы. Біз сол баяғы 

Қалтай Мұхамеджанов, Баққожа Мұқай, Мұхаметқали Хасенов, 

Шахмет Құсайыновтың шығармаларына жүгінеміз. Қазіргі заман 

комедиясы қайда? Ол жоқ! Сондықтан кейде қырғыз бен өзбек 

ағайындарымыздың жəне де басқа ұлттың комедиялық 

шығармаларына сүйенеміз.

Осыған орай мені бір  ой мазалайды: неге біздің министрлікте 

отырған азаматтар осы жанрға орай арнайы драматургиялық бəйге 

жариялап, комедия жанрына мəн бермейді деп. Қазіргі заман 

комедиясы туар еді сонда. Бұл жанр актердың да, режиссердің де 

қиялын оятуға көп еркіндік береді. Оның ұшқыр қиялы самғап, 

сахнада импровизация жасауына мол мүмкіндік туар еді. Сонымен 

бірге комедия  адам баласына мына қиын заманда күлкі сыйлап 

көңілін хош етіп, бір сəтке болса да  өмірдің қиыншылығын ұмытуға 

септігін тигізетін жанр ғой. Қазіргі кезеңде драматургтер тек 

драмалық жанрға ғана ат салысады. Онда да мардымсыз ой 

толғаулар тізбегі. Характерлер  тартысы жоқ, тек баяндау ғана. Ал, 

музыкалық комедия жанры тіпті мақрұм қалды. Қазақ халқы 

музыканы да, əзілді де түсіне білетін, сүйе білетін халық. 

Сондықтан музыкалық комедия жанрында жазылған Қуандық 

Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» атты 

шығармасын жоспардан тыс алып дайындық жұмыстарына енгізіп 

отырмын.  

    Біздің театрда 9 жыл бас режиссер болып қызмет еткен, 

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық  қазақ 

музыкалық драма театрының негізін қалаушы, Қазақстанға еңбегі 

сіңген өнер қайраткері, атақты режиссер Жақып Омаровтың 

балаларға арналған «Құлыншақ» атты  ертегі фантазиясы дайындық 

үстінде. Бұл спектакльде біз кең байтақ даламыздағы жан-жануар 

мен хайуанаттардың ортасындағы қастасқан тартысы мен күресінің 

соңында бəрібір достық жеңетінін жырлаймыз. Жасөспірім 

көрерменімізге достаса білуді, достықтың қымбат екенін айтқымыз 

келеді. Сонымен қатар орыс жазушысы, тарихшы, журналист, 

драматург, Эдвард Радзинскийдің «Нерон мен Сенека» трагифарсын 

жұртшылық назарына ұсынамыз. Бұл оқиға сонау заманда билікте 

отырған, халықты аямай қанайтын, жүгенсіз кеткен «диктатор», 

«тиран» патша Нерон  мен соны тəрбиелеп өсірген ғұлама философ 

Сенеканың  бір түнгі  сəтін жырлайды. Бұл шығарманың тұсауы 

кесілгеннен кейін шетелдік халықаралық театр фестивальдеріне 

ұсынбақ ойым бар.

Бұлардан басқа жыл ішінде қойылатын бекітілген репертуар 

бойынша жұмыс істейміз.

          

 Соңғы сұрағымыз мынандай, жігітке жеті өнер де көптік 



етпейді деп жатады. Актерсыз, режиссерсіз. Тағы қандай басқа 

өнеріңіз бар? Хоббиіңіз не?

– Өнер деуге келе ме, келмей ме, мəнерлеп өлең оқимын. 

Пушкинді, Мұқағалиды, Есенинді жаным сүйеді. Пьесаларды 

аударумен айналысып жүрмін. Хоббиім мынау деп айта алмаймын. 

Шетелдерде болғанымда қыштан жасалған қоңырауларды, сол елдің 

сырын шертетін сувенир табақшаларды   естелік үшін жинайтыным 

болмаса, былай арнайы бір нəрсеге дəнігіп, соның соңынан жүгірген 

жайым болған емес. Жастайымнан өнер мен əдебиетке байланысты, 

тарихтан сыр шертетін кітаптарды жинадым. Шағын кітапханам 

бар. Əлі де солардың қатарын толтырып отырамын, орайы келсе.

 Мазмұнды əңгімеңіз үшін рахмет.  

114

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры



Драма: ќўдіретті ґнердіѕ ќыр-сыры

Document Outline

  • Страница 111
  • Страница 112
  • Страница 113
  • Страница 114


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет