Реферат көрнекті педагогтардың Ұжым туралы зерттеулері. ҰЖым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары



бет2/6
Дата19.10.2023
өлшемі294,17 Kb.
#119755
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат

II.Негізгі бөлім
1.Көрнекті педагогтардың ұжым туралы зерттеулері.

Кеңес педагогтарының (Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б.) еңбектеріндегі ұжымдық тәрбиенің негізгі идеяларыМақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, және басқада көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады. А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі. А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі.В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.


А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі

А.С.Макаренко еңбектері:
• “Педагогикалық дастан “, 1933ж
• “Ата аналар кітабы “1937
• “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” 1939ж.
А.С.Макаренко жүйесіндегі ең негізгі идея:
А.С.Макаренко идеясы бойынша ұжымның даму кезеңдері:
“Ұжымда және ұжым арқылы тәрбилеу”
Ұжым дегеніміз- адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
А.С.Макаренко идеясы бойынша ұжымның негізгі белгілері:
• Жалпы әлеуметтік мақсат;
• Жалпы біріккен іс-әрекет;
• Жауапкершілікке байланысты қарымқатынас.
1-кезең
• Педагогикалық талапты оқушылар алдына тікелей мұғалімнің тәрбешінің өзі қояды.
 2-кезең
• Талапты педагогпен бірге ұйымдасқан ұжым мүддесін түсінген активтер (белсенділер) тобы қояды.
3-кезең
• Педагогикалық талапты бүкіл ұжым болып қоятын дәрежеге жетеді
.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет