Үшінші нұсқада жаңа меңгерілген білімді жаңа жағдайда қолдануды қажет ететін бірнеше сапалық есептерді шешуді ұсынады. (Есептің саны 5-тен артық емес.) Мұғалім 5 есептің тапсырмасын береді, оқушылар өздері қала-ған ретпен 5 есепті шығаруға кіріседі. Берілген есептер тоггга үлкен пікірталасты қажет ететіндей етіп алынған, сондықтан әрбір топ өзінің ұжымдық жауаптарын ұсынып, сабақ соңында толық әрі нақты жауап берген топ марапатталады. Ең бастысы, ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының басқа жұмыстардан едәуір айырмашылығы бар:
оқушы жаңа білімді мұғалімнің аузынан емес, өәзінің іс-әрекеті
нәтижесінің арқасында алады;
әрбір оқушы ізденеді, оқушы өз іс-әрекетін өзі бағалайды.
Сонымен әрбір оқушының дамуына жағдай жасайтын ұжымдық оқыту мынадай міндеттерді шеше алады:
— оқушының базалық білім, білік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
— оқыту үррдісінде оқушының теориялық және өнімділік ойлау әрекеттерін,танымдық қабілеттерін белсендіру;
— оқушылардың танымдық қызығуын, оқуга деген мотивациясын дамыту;
— белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, еріктестігін ұйымдастыру;
— кәбіне оку жұмысының топтық түрлерін қолдану;
— оқушының өзіндік ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру;
— оқушының өз біліміне, күшіне сенімін арту'
— оқушының өзінің көршісінің (ұжымының) білімін тексеруге, бағалауға атсалысу;
— оқушының өз білімінөәзі бағалауы;
— оқу үрдісінде әр тұрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
— дамытушы оқытуга арналган оиындарды қолдану;
— оқушының шыгармашылық қабілеттерін ашу.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін қазіргі кезеңде дарынды да талапты оқушы тәрбиелеп шығару — мектеп мүғалімдерінің алдына қойылып отырған басты мәселе. Ал бүл мәселені шешуде оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұжымдық технологияны енгізудің маңызы зор.