Реферат «Мүгедектік» Орындаған: Шамгулова Д. Ж. Тексерген: Жанар Тлеккабыловна Орал 2023 Кіріспе



бет3/6
Дата30.03.2023
өлшемі354,71 Kb.
#77507
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

Шешім


ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы мақсаттарының бірі – мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар барлық балалардың құқықтары мен мүдделері сақталуын, заңнамалық деңгейде ескерілуін және біріктірілген әлеуметтік инклюзия және материалдық қолдау бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Заңнамадағы алғашқы оң өзгерістерге және төлемдер мен қызметтер жүйесінің жақсаруына қарамастан, мүгедектігі тіркелген балалардың қазірге тек 28,6% ғана арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Ауылдық жерлерде мүгедектігі бар жасөспірімдердің ұрымталдығы, олардың әлеуметтік оқшаулығы және экономикалық қиындықтары оңалту қызметтеріне қожетімділіктің шектеулі болуынан тереңдей түседі. Мүгедектігі бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер және төлемдер жүйелерін жетілдірумен қатар аса маңызды міндет болып инклюзивті орта қалыптастыру – бірлесіп оқу және уақыт өткізу үшін жағдай жасау - табылады, бұл мүгедектігі бар балаларға және жасөсіпірімдерге қоғамда бейімделуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, оқшаулық салдарынан туындайтын мүгедектік стигмасын жеңуге түрткі болады.



Ресурстар


ЮНИСЕФ мүгедектікті «адам дамуы» тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде таниды және әділдікке, әрі ең ұрымтал және аз қамтылған балалардың және отбасылардың құқықтарына ерекше мән береді. Адам құқықтарын қорғауға негізделген әдістеме мүгедектігі бар балаларды даму үдерісіне шығарып тастаудың жүйелі және алуан түрлі себептерін табуға септеседі және табылған кемшіілктерді жоюға арналған шаралардың анықтауға көмектеседі.

Оңалту болжамы қолайсыз адамдар үшін мүгедектік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды, бала 5 жылға немесе ол 16 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылатын көрсетілімдер кеңейтілді.


Ағымдағы жылы елімізде алғаш рет электр жетегі бар отандық кресло-арбаларды өндіру бойынша жоба іске қосылды. 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Тыныс» АҚ алғашқы отандық электр жетегі бар 1381 кресло-арба шығарды, олардың 817-сі өңірлерге жеткізілді.
Amazon және Alibaba сияқты сервистердің қағидаты бойынша мүгедек адамдар үшін aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.
Бұл цифрлық жобада келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау құқығы;

  • оларды алу мерзімін 6 айдан 15 күнге дейін қысқарту;

  • бизнес-процестердің ашықтығы, делдалдық қызметтерді жою;

  • бағаны біріздендіру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану; 

  • оңалтудың техникалық құралдарын және қызметтерін жеткізушілердің тең қолжетімділігі.

Бүгінгі таңда порталда оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің 1157 жеткізушісі тіркелген, және 24 мыңнан астам техникалық оңалту құралы берілді.
2021 жылғы қаңтардан бастап оңалту құралдарының барлық 55 техникалық түрі бойынша, 400 мыңға жуық алушыны қамти отырып, порталға толық көшу жүзеге асырылатын болады.
Келесі цифрлық жоба — мүгедектікті сырттай белгілеу және проактивті форматта әлеуметтік қызметтер көрсету.
Бүгінгі таңда өтініш берушіге бірнеше түрлі мекемелерге жүгінуге тура келеді.
Қызметтер толық автоматтандырылғаннан кейін, 2021 жылы өтініш беруші тек емханаға тексеру үшін жүгінеді. Көрсетілетін қызметтердің қалған сатылары мүгедектікті белгілеуді, жәрдемақы тағайындауды қоса алғанда, проактивті форматта, кешенді электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет