Реферат «Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері.»



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.10.2023
өлшемі430,91 Kb.
#115174
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
нейрон реферат Мадина

шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми 
қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар 
арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі 
органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. 
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, 


ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық 
бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – 
XІІ кеуделік
, І – ІІ белдік бунағында 
орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. 
вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен 
жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары 
Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын 
орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең 
күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады. 
Орталық жүйке жүйесінің негізгі кпметі - рефлекс (ferlescsus -латын сөзі – 
тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш 
рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама 
берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, 
рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, 
П.К. Анохин. 
 
 
3.
 
Жүйке орталығы деп - бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін 
белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің 
жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке 
орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде 
қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері 
түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 
ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді. 
 
Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке 
талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, 
түйіспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі 
қуат
 
қорының азаюынан
, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. 
Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны 
жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке 
орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады, сөйтіп 
оның өтуін жеңілдетеді. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші 
тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке 
жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады. 
Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік әсерленіс) 
уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен 
жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден 
кейінгі әрекет деп аталады. 


Дивергенция мен конвергенция. Қоздыру ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. 
Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, 
яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай 
құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - 
конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір 
немесе азғана нейронда жинауы. 
 
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде 
басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын 
мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы 
қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның 
аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) 
бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда 
болады. Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: 
физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық 
тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, 
тыңдамай, 
денесін босатып
, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде 
организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, 
тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, 
ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай 
қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер 
етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке 
ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, 
тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік 
дейді. 
 
Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер 
қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет 
атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару 
жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі 
ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Электр күшін тудыратын энергия клетка 
мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) 
зарядты натрий

калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. 
Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп 
аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі 
саналатын иондық тартқыш - аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің 
әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда 
болатын энергияны) жұмсайды.Тьшыштықтағы клетка мембранасының сырты 
мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе 


тыныштық тоғы деп атайды.Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен 
тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет 
потенциалы дейді. Тыныштық потенциалы 50-90 мВ-қа дейін болады. Физикалық 
тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және 
электрлік әсерлерді айтады. 
 
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және 
бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және 
олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.Физико- 
химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, 
осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың 
концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз 
қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.Биологиялық 
тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға 
болады. 


 

Document Outline

  • ЖОСПАР
    • 1. Нейрон және тарихы, нейрон желiлерiнiң үйренуi
    • 3. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
  • КІРІСПЕ
    • Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы- денесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет