ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих, археология және этнология факультеті
Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Абылай хан билігінің ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы
Реферат
Орындаған: Қалназар Б.
Алматы - 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. XVIII ғасырдың 50 – 60-жылдары Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында Жоғарғы биліктің нығаюының және көршілес елдермен қарым-қатынасының ғылыми еңбектерде кездесуі
Қазақ-жоңғар қатынастары
Қазақ-қытай қатынастары
ІІ ТАРАУ. Абылай ханның хан болып сайлану қарсағындағы Қазақ хандығының сыртқы және сыртқы жағдайының ғылыми еңбектерде кездесуі
2.1. Абылайды сайлау қарсаңындағы Қазақ хандығы
2.2. Абылай ханның ішкі және сыртқы жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігіне келер болсақ. Дамуға бет алған әр халық, өзінің қайдан шыққаның, дамығаның, тарихи қалыптасу кезінде бастан не кешкенін, есте сақтамайынша, қазіргі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол, қиындықтардан өткенін есте сақтауы қажет. Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, өткен өмірдін мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап беретін құрал.
Халық әр ел-тізгінін ұстаған білікті билеушілерін естен шығармай, олардың жамиғат алдынғы өшпес қызметін қанатты сөздермен мінездеп отырған. Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескіжол деген секілді бейнелі тіркестер тасасында терең мағна жатқаны анық. Қазақстың ең әйгілі қандарының бірі әз Тәуке болса, оның тұлғасы төңірегінде жылы лебіздер мол айтылатыны мәлім. Басқ да белгілі хандар мен сұлтандардың ел үшін елеулі әрекет жасағандары жұртшылық ілтипатына
бөленгенін байқаймыз. Сонда да болса солардың бәрінен де хан Абылай даңқы басым жатады. Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым әйгілісі де , халық әдебиетінде көркен бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені мәлім. Қазақ қауымының сан буыны қысылғанда медет көріп, намыс кегі қайралғанда ұран етіп шақыратыны да Абылай есімі болған.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екенің бірі есте қала бермейтіні де белгілі ғой. Жұмысқа жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп тиген талайларды көнекөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен затын ілтипатқа ілмейді. Демекке, ақыл парасатына қажыр қайраты салі, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінез маңғау, жүрегі мейрбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-әңгімелер арқылы -ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |