Реферат орындаған: Аманкелді Ақерке Қожмк 2-5-11сд студенті Тақырыбы: Шабуылдағы ойынның техникасы 2023-2024 жыл Жоспар


Ойын кезіндегі баскетболдың техникасын үйрету



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі19,53 Kb.
#134625
түріРеферат
1   2   3
Ойын кезіндегі баскетболдың техникасын үйрету.
Баскетболдың даму тарихы Баскетбол ағылшын тілінен аударганда basket себет жане ball доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты салдырмау әрекетін жасайды. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті Дағдыларды иемден отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады (өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып).
Баскетболдың даму тарихы.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген. Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде Пок-то-покдеп атаған. Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген. Доп резеңкеден жасалған,ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған. 1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі принціптерін құрастырды, олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Бұл принциптері төмендегідей:
- Қолмен доп ойнауға болады, бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
- Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта, қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
- Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
- Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
- Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан.
Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады. 1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ, Италия, Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды. 1923 ж Франция, Италия, Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті. 1932 ж Халықаралық баскетбол Федерациясы құрылды. 1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті, Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды. 1938 жылынан бастап әйелдер 1- шілігі өте бастады. Италия командасы 1-ші чемпион атанды. Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр. 1950 жылы ерлер арасында әлем 1- шілігі өткен,1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары.
Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды. Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1 рет өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет