Реферат орындаған: дсмиФ-23-1 тобының студенті Нарқұл А. Н. Тексерген: Тунгушбекова М. К. Қарағанды 2023



Дата15.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#123039
түріРеферат
Байланысты:
Narkul A.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ

Орындаған: ДСМиФ-23-1 тобының


студенті Нарқұл А.Н.
Тексерген: Тунгушбекова М.К.


Қарағанды 2023

Жұқа линзалар. Жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы.
Оптикалық аспаптардың негізгі бөлігі – линза.
Линзалар – екі сфералық бетпен шектелген мөлдір шыны денелер.
Линзалардың 2 түрі бар: жинағыш (өзінен өткен жарықты фокусы деп аталатын нүктеде жинақтайды) және шашыратқыш (өзінен өткен жарықты жан-жаққа шашыратады)


Линзамен кескін шығарып алу



  1. Оптикалық оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның F фокусы арқылы өтеді.

  2. Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай шығады.

Линзаның F фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне параллель жүреді. Линзалардың түрлері:
1. Екі жақты дөңес линза
2. Жазық дөңес линза
3. Дөңес ойыс линза
4. Екіжақты ойыс линза
5. Жазық ойыс линза
6. Дөңес ойыс линза.Линзалардың негізгі кемшіліктері:
Сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады.
Хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы. Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді.
Астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады. 
Дисторсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескінніц қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.
Линзалардың қолданылуы:Линзалар оптикалық системалардың басты элементі болып саналады.Линзаларды бинокль, телескоп, оптикалық көздеу құралдары, микроскоптар, фотоапарат, видеокамераларда қолданылады. 
Жалғыз жинағыш линзаларды үлкейткіш шыны ретінде қолданылады.
Линзалардың екінші басты қолданылатын жері, бұл офтальмология. 
Офтальмология – медицинанын саласының бірі, бұл анатомия мен физиологияны зерттейді. Басты рөлі көз ауруларын емдеу. 
Офтальмологияда, линзаларсыз жұмыс жүрмейді. Линзаларды, көздің көру жұмысын емдеумен айналысады, мысалға алыстан көрмеу немесе жақыннан көрмеуді емдеуге линзаларды қолданады. 
Линзаларды, көзілдірік және контакт линзаларында қолданады.
Радиоастрономиямен радарларда, көп жағдайда диэлектрлік линзаларды қолданады, линзалар радиотолқын ағынын антенага жинайды. 
Плутоний ядролық бомбасының құрылуында линзалық системалар қолданды, линзалық системаның мақсаты сфералық шашырап жатқан толқынды реттеу болды.


Жұқа линзаның формуласы.
немесе

F- фокустық қашықтық [м]


d - нәрседен линзаға дейінгі қашықтық [м]
ƒ - линзадан кескінге дейінгі қашықтық [м]
Егер жинағыш линза беретін кескін шын болса, онда ƒ таңбасы оң, яғни, ƒ>0.
Егер кескін жалған болса, онда ƒ таңбасы теріс, яғни, ƒ<0.
Шашыратқыш линзада кескін үнемі жалған болады. Сол себепті, үнемі ƒ<0 – таңбасы теріс.
Шашыратқыш линзаның фокусы да жорамал / жалған, сол себепті, формуладағы фокустың алдына да теріс таңба қойылады (F<0).

1. Жинағыш линза нақты кескін берсе, d>0 (оң), f>0 (оң) және F>0 (оң). Жұқа линзаның формуласы :

2. Жинағыш линза жалған кескін берген жағдайда, d>0 (оң), f<0 (теріс) және F>0 (оң). Жұқа линзаның формуласы:

3. Шашыратқыш линза әр уақытта жалған кескін береді, яғни : d>0 (оң), f<0 (теріс) және F<0 (теріс). Жұқа линзаның формуласы :


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет