Реферат орындаған: Габитова Аружан


Биологиялық даму деп адамның морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық тұрғыдан даму процесін айтады



бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі18,97 Kb.
#87182
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Пед 9

Биологиялық даму деп адамның морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық тұрғыдан даму процесін айтады. 

1 

Әлеуметтік даму адамның психологиялық, рухани-мәдениеттілік тұрғыдан дамуы. 

2 

Адам тұлға болып тумайды, ол тек даму процесінің нәтижесінде ғана тұлға деген атқа ие болады. Егер адам белгілі бір білім дәрежесіне жетік, өмірден алған тәжірибесі мол болып, өз бетінше қоғам үшін өзі үшін, жанұясы үшін күрделі жұмыстарды атқара алатын даму деңгейіне жететін болса, адамды ’’тұлға’’ деп атайды. 

Тәрбие жеке басты қалыптастыруда оның белсенділігін қолдау іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұл заңдылық жеке бастың қалыптасуы оның белсенділігіне байланысты. П.П.Блонский кезінде көптеген тәжірибеде біздің көзімізді жеткізе түсетін бір нәрсе - тәрбиешінің, тәрбиеленушінің өз күшіне сүйенуі оның білімге деген ынтасын оятуы. 

Тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге әсер ететін факторлар белгілі бір жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары. 

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог- психолог маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт. 

Тәрбиеде жас және дербес ерекшеліктерін еске алу. Жеке адамның дербес ерекшеліктері. А) темперамент, оның типтері (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик); Ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипаттары; Б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі. 

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі өте зор. Іс-әрекетінің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. 

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. 

Таным белсенділігі адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады. 

Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен іс-әрекеттері арқылы тұрмыс-жағдайын, өзінің психикасы белсенділігін өзгертеді. Данышпан Абай айтпақшы: “адамдар жесем, кисем десе, екіншісі, көрсем, білсем” – дейді. Адам көп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей білім өзінің деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді сол арқылы дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет