Реферат орындаған: Нұрмат Б.Ө. Тобы: ПжП-31 Қабылдаған: Тусупбаева Б. А. Қарағанды 2021 Жоспары: I. Кіріспе



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі35,62 Kb.
#46872
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Білім беру менеджмент реферат Балжан


Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Бiлiм жәнe Ғылым Миниcтpлiгi Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ
Орындаған: Нұрмат Б.Ө.
Тобы:ПжП-31
Қабылдаған: Тусупбаева Б.А.
Қарағанды 2021

Жоспары:
I.Кіріспе.


II.Негізгі бөлім.
1.Ғылыми менеджмент мектебі
2.Классикалық әкімшілік мектебі
3.Адам қатынастар және мінез-құлық ғылымдары мектептері
4.Басқару ғылымының мектебі немесе сандық мектеп
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

  1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

  2. билік және басқару өнері;

  3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

  4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердің түсіндіруінше – менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау.
Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті» ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі – өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.
Менеджмен – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
М.Х. Мескон, М.Альберт, Х.Хедоури «Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі:

  1. Ғылыми басқару мектебі (1856 – 1920жж)

  2. Классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920 – 1950жж)

  3. Психология және адамдар қарым – қатынасының мектебі(1930 – 1950жж)

  4. Басқару ғылымының мектебі немесе сандық мектеп(1950-қазіргі уақытқа дейін)

1.Ғылыми Басқару (1856-1920)


Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың есімімен тығыз байланысты. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету»(1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың есімімен байланысты.

Оның басты еңбектері: 1. «Фабриканы басқару» (1903ж)
2. «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911ж)
3. «Конгресстің арнайы комиссиясы алдына көрсету»(1912ж)

Тейлор ғылыми менеджментті 4 салада дамытты:

  • Нормалау

  • Уақыт пен міндетті зерттеу

  • Ұдайы сұрыптау және баулу

  • Ақшалай ынталандыру

1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.


1856 жылы филадельфиялық адвокатты отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасады.
Төрт жылдың ішінде ол модельді және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филадельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс істеп, түнге қарай инженер-механик мамандығын оқып үйренді. Тейлор «Миндвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған. Мұны Тейлор ұдайы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған, әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор, ғылыми менеджменттің атасы «Таңдаулы жол іздестіруге» құлшына кірісті.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Мидвейльде» кейіннен «Бетлхем Стилде» жұмыс істеген кезде Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты.

  • Нормалау

  • Уақыт пен міндетті зерттеу

  • Ұдайы сұрыптау және баулу

  • Ақшалай ынталандыру

Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағыда қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш – жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнын ғылым; қарама – қарсылықтың орнына үйлесімдік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау».
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

  1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.

  2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.

  3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін прктикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

  4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды мақсат етіп қоя отырып, Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек арқылы қолдануды т.б. көздеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық, жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Тейлор «ең қолайлы» жұмыс тәсілін жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып олардың еңбегін мамандандыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттігі туды.
Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді жоспарлағанда басқаруға өзгеріс енгізуге, цехтарды басқаруды қайта құруға қайта мүмкіндік берді. Линиядағы мастердің орнын әртүрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады. Цехта тікелей 4 мастер жұмыс істеді: инспектор, жөндеу жөніндегі мастер, жұмыс ырғағын белгілейтін мастер, бригадир. Қалған мастерлер – «үлестіру бюросы» деп аталатындар маршруттармен, нұсқау әзірлеумен және есеп берумен, өзіндік құнды анықтаумен, тәртіп мәселелерімен т.б. шұғылданды. Тейлор еңбекақы жүйесіне де түбегейлі өзгеріс енгізді. Оның өзі белгіленген норманы орындауына қарай жеке дара жүргізілді.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.
20 – жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б.Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г.Форд болды.

Ғылыми басқару мектебі



  1. Міндеттерді орындаудың таңдаулы әдістерін анықтау үшін ғылыми таңдауды пайдалану.

  2. Міндеттерді орындауға ең қолайлы жұмыскерлерді таңдау, оларды баулуды қамтамасыз ету.

  3. Міндеттерді ойдағыдай орындауға қажетті ресурстармен жұмыскерлерді қамтамасыз ету.

  4. Еңбек өнімділігін арттыру үшін материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс пайдалану.

2. Басқарудағы классикалық (әкімшілік) мектеп


Бұл мектептің дамуы 1920-1950 жылдар аралығына келеді. Бұл мектептің негізін қалаушы-Француз тау-кен инженері, тәжірибелі менеджер, басқару теориясының негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль.

Әкімшілік басқару мектебінің көрнекті европалық ғалымы,француз зерттеушісі – Анри Файоль мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты.

Оның негізгі еңбегі «Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916ж) А.Файоль оның 5 элементін бөліп көрсетті:

  1. Жоспарлау

  2. Ұйымдастыру

  3. Басшылық ету

  4. Үйлестіру

  5. Бақылау

Басқарушылардың қызмет міндеттерін қалай орындау керектігіне 14 принцип:

  1. Жұмысты бөлісу

  2. Билік

  3. Тәртіп

  4. Дара басшылық

  5. Бағыт билігі

  6. Жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру

  7. Ақы төлеу

  8. Орталықтандыру

  9. Иерархиялық

  10. Реттік

  11. Әділеттілік

  12. Қызметшілердің тұрақтылығы

  13. Ынта-ықылас

  14. Ерекше рух

Негізінен жеке жұмысшы еңбегін ұтымды ұйымдастыру мәселелерімен және өндірістің тиімділігін арттырумен айналысатын ғылыми басқару мектебінен айырмашылығы, классикалық мектеп өкілдері жалпы ұйымды басқаруды жетілдіру тәсілдерін әзірлеумен айналысты.


Классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап принциптерін құру болды. Файоль және басқалары ұйым әкімшілігіне қатысты, сондықтан классикалық мектепті әкімшілік деп атайды.
Файольдің еңбегі-ол басқарудың барлық функцияларын жалпы, қызметтің кез келген саласына қатысты және өнеркәсіптік кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысты ерекше функцияларды бөлгені. Файольдың еңбегін ары қарай жалғыстарған Линдал Урвик, Л. Гьюлик, М. Вебер, Д. Муни, П. Слоун және Г. Черч секілді ғалымдар.
Файольдің және оның ізбасарларының әзірлемелері негізінде төрт басты қағидатқа негізделген ұйымның классикалық моделі қалыптасты:

  • еңбектің нақты функционалдық бөлінуі;

  • жоғарыдан төмен қарай командалар мен өкімдерді беру;

  • билік бірлігі (ешкім бір бастықтан артық бастыққа жұмыс істемейді);

  • «бақылау ауқымын» сақтау (бағыныштылардың шектеулі санына басшылықты жүзеге асыру).

Анри Файоль басқаруды жетілдіру дамытудың негізі ретінде ұйымды тұтасымен алып, тұтас жүйе ретінде қарайды. Бұл мектептің негізгі мақсаты менеджменттің ортақ принциптерін ойлап табу. А.Файоль: «Басқару – бұл қолдағы бар мүмкіндікті, қорларды барынша пайдаланып, кәсіпорындарды алдарына қойған мақсаттарына алып бару» дейді. А.Файоль басқарудың бірнеше принциптерін ұсынады:

  1. Билік жауапкершілікпен бірге әрқашанда бірге айырылмас болады.

  2. Мамандандыру мен қатар еңбекті бөлшектеу қажет.

  3. Жарлық бірлігі.

  4. Тәртіп принципі. Тәртіп барлығына бірдей болуы қажет.Жұмысшыдан бастап басқарушыға дейін.

  5. Басқару бірлігі.

  6. Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру.

  7. Сіңірген еңбегі үшін сый беру.

  8. Бір орталықтан басқару.

  9. Төменгі сатыдан жоғарғы сатыға бағыттау тәртібі.

  10. Рет, жөн, тәртіп принципі.

  11. Әділеттілік принцип.

  12. Жұмыскерлердің тұрақтылығы.

  13. Ынталылық, ықыластылық принципі.

  14. Корпорациялық рух.

Классикалық – әкімшілік мектептің дамуы екі бағытта болды:

  1. Өндірісті жеңілдету бағыты.

  2. Басқарудың жалпы проблемаларын зерттеу.

Бұл бағытта Эморсон, Урвик,Вербер және Фордтың еңбектерін айтып өткен жөн. Әсіресе басқару ілімінің теориясы мен тәжірибесіне үлкен еңбек сіңірген инженер – механик Эморсонның рөлі өте зор. Ол 1911 жылы «Еңбек өнімділігін арттырудың 12 принциптері» деген ғылыми еңбегін жазған. Менеджменттің принциптеріне:

  • Алға мақсатты айқын қою.

  • Дұрыс мағына болу керек.

  • Толық жеткілікті кеңес беру.

  • Тәртіп.

  • Қызметкерлерге әділеттілік көрсету.

  • Жылдам, толық сенімді, дәл есеп беру.

  • Диспетчерлік.

  • Нормалар мен кестелер болу керек.

  • Операцияларды нормалау.

  • Жағдайды тұрақтандыру керек.

  • Үлгі нқсқауларды жазбаша дайындау.

  • Еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру, сый беру.

3.Адамгершілік қарым – қатынас мектебі (1930-1950)


Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп, психология жаңадан дамыған кезде жарық көрді, сондықтанда, осы мектептің авторлары адам факторларының маңызын мойындай тұрса да, олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формальды қызмет қарым-қатынасын орнату секілді мәселелермен шектеледі. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымының негізі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.
Мэри Паркер Фоллет пен Элтон Мэйо адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді. Фоллет менеджментті тұңғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуші» деп анықтама береді.
Мэйо «Уестерн электрок компани» фирмасымен шартқа тұрып, Хоторнс қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс кезінде бүкіл АҚШ-қа әйгілі болған «Хоторенстік эксперимент» деп аталды.
1926 жылы «Фонд Рокфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіптік зерттеу білімі ашылып, 1927 жылдан бастап Мэйо жұмысын дамытты. 1933 жылы Мэйо «Индустриялдық өркениеттегі адамгершілік қарым - қатынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басты идея – еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл күйінің қажеттігі туралы. «Бақытты жұмысшы дегеніміз тиімді жұмысшы», деп тұжырымдайды Мэйо. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек өнімділігін барынша арттыру үшін, оны бақытты ету қажет. Демек, жақсы меңгеруші тек өндіріспен еңбекті ұйымдастыру техникасы туралы ғана емес, жұмыстың психологиялық жағдайларын да, жұмысшылардың көңіл – күйін де ойластыруы тиіс, мұның өзі еңбек тиімділігінің елеулі факторларының бірі.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің көрнекті өкілдері К.Арджерис, Ф.Ферцберг, Р.Ликатт, Д.Макгрегор, Р.Блейк т.б.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың ролін орындау, басқару практикасында топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады. Мәселен, осы топтың өкілдері «классикалық» мектептің барынша бөлісу жөніндегі негізгі тезистерінің біріне күмән келтіреді. Еңбекті толық бөлісудің нәтижесінде толық пайда болған топ ерекшелігі, тұрақты, әрі қатаң бақылаудың нәтижесінде жұмысшылардың қарапайым операцияларды бір сарынды қайталауы қолайсыз әсер етіп, оларды жалықтырады.
Еңбек бөлінісіндегі қолайсыз әсер етіп, оларды жалықтырады.
Еңбек бөлінісіндегі қолайсыз зардаптарды жою жөніндегі ұсынылатын адамдардың ішінде жұмысшыларды операцияны жоспарлауға қатысты көзделген.
«Адамгершілік – қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальді құрылымын қайта құруды ұсында.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемейді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдауын, әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшаланады: егер басшылар өз жұмыскерлері туралы көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым – қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынылады.

4.Басқарудың ғылыми мектебі (Сандық мектеп)


Басқарудың ғылыми мектебінің қалыптасуы математиканың, статистиканың, инженерлік ғылымның және олармен аралас басқа да білім салаларының дамуымен байланысты. Бұл мектептің ең танымал өкілдері – Р. Акофф, Л. Берталанфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Д. Фосрестер, Р. Люс, Л. Клейн, Н.Джорджеску-Реган.
Басқару Ғылыми мектебі 50-жылдардың басында қалыптасты және қазіргі уақытта да табысты жұмыс істейді. Басқару ғылым мектебінде екі басты бағыт бар:
1. Жүйелік, үдерістік және жағдайлық тәсілдерді пайдалана отырып, өндірісті «әлеуметтік жүйе» ретінде қарастыру.
2. Математикалық әдістер мен ЭЕМ қолдануды қоса алғанда, жүйелік талдау және кибернетикалық тәсілді қолдану негізінде басқару мәселелерін зерттеу.
Басқару ғылым мектебінің еңбегі оның ұйымға әсер ететін негізгі ішкі және сыртқы айнымалыларды (факторларды) айқындай алды. Екінші бағыт басқару ғылым мектебін нақты ғылымдардың, ең алдымен математиканың дамуымен байланысты. Қазіргі жағдайда көптеген ғалымдар бұл бағытты жаңа мектеп деп атайды. XIX ғ. экономикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолданудың басталуы француз экономисі А. Каунот (1801-1877) атымен байланыстырады. Осылайша, басқару шамамен жеті мың жыл бұрын пайда болды, бірақ XIX ғасырдың аяғынан бастап, әсіресе ХХ-шы жылдары, әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың дамуымен менеджмент дербес білім саласына, яғни ғылымға бөлінді.
ХХ ғ.басқару ойының дамуындағы жаңа кезеңнің қалыптасуымен сипатталады. Алдыңғы кезеңдерде ұсынылған идеялардың синтезі негізінде зерттеушілер басқарудың кешенді тәсілінің қажеттілігін түсінуге келді. Сонымен қатар, басқару-бұл ғылым ғана емес, өнер деген пікір қалыптасты.
Батыс менеджменті – бұл ең алдымен өзінің құндылықтарымен, нормалары мен заңдарымен ерекше субмәдениет. Екінші жағынан – бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті техникалық рәсімдер мен әдістердің жиынтығы, жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеу және бақылау жөніндегі нақты іс-әрекеттердің сомасы.
Бүгінде нарықтық экономика оған барабар басқару жүйесін талап етеді, ол барлық қоғаммен бірге түбегейлі өзгерістерге ұшырауы тиіс. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында басқарудың теориясы мен практикасын үздіксіз жетілдіру табыстың маңызды факторы болып табылады.
Шетелдік басқарудың озық және прогрессивті тәжірибесін зерделеу және оны меншікті басқару проблемаларын талдау кезінде пайдалану үлкен мәнге ие болады. Сондықтан шетелдік менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің даму тарихын зерделеу өте өзекті.
Нарықтық қатынастар негізінде экономиканы қайта құрудың қазіргі заманғы жағдайларында оның басым бағыттарының бірі отандық ұйымдардың практикалық қызметінде менеджментті пайдалану бойынша негізгі теориялық және әдіснамалық ұстанымдарды әзірлеу болып табылады. Басқару ойының негізгі ерекшелігі басқару жүйесін жетілдірудің жаңа нақты және жолдарын іздеу, нарықтық жағдайларға қатысты және алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені шығармашылық пайымдау негізінде басқарудың әртүрлі проблемалары бойынша ұстанымды әзірлеу болып табылады.


Мектеп

Құрылған жылы

Негізін қалаушы

Ерекшелігі




1.Ғылыми басқару мектебі

1856 – 1920 жж

Фредерик Уинслоу Тейлор

Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты.

  • Нормалау

  • Уақыт пен міндетті зерттеу

  • Ұдайы сұрыптау және баулу

  • Ақшалай ынталандыру







2.Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі

1920 – 1950
жж

Анри Файоль

А.Файоль басқарудың бірнеше принциптерін ұсынады:

  1. Билік жауапкершілікпен бірге әрқашанда бірге айырылмас болады.

  2. Мамандандыру мен қатар еңбекті бөлшектеу қажет.

  3. Жарлық бірлігі.

  4. Тәртіп принципі. Тәртіп барлығына бірдей болуы қажет.Жұмысшыдан бастап басқарушыға дейін.

  5. Басқару бірлігі.

  6. Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру.

  7. Сіңірген еңбегі үшін сый беру.

  8. Бір орталықтан басқару.

  9. Төменгі сатыдан жоғарғы сатыға бағыттау тәртібі.

  10. Рет, жөн, тәртіп принципі.

  11. Әділеттілік принцип.

  12. Жұмыскерлердің тұрақтылығы.

  13. Ынталылық, ықыластылық принципі.

  14. Корпорациялық рух.







3.Психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі

1930 – 1950 жж

Мэри Паркер Фоллет пен Элтон Мэйо

«Адамгершілік – қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальді құрылымын қайта құруды ұсында.




4.Басқару ғылымының мектебі немесе сандық мектеп

1950 – қазіргі уақытқа дейін

Р. Акофф, Л. Берталанфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Д. Фосрестер, Р. Люс, Л. Клейн, Н.Джорджеску-Реган

Басқару ғылым мектебінің еңбегі оның ұйымға әсер ететін негізгі ішкі және сыртқы айнымалыларды (факторларды) айқындай алды. Екінші бағыт басқару ғылым мектебін нақты ғылымдардың, ең алдымен математиканың дамуымен байланысты. Қазіргі жағдайда көптеген ғалымдар бұл бағытты жаңа мектеп деп атайды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет