Қорытынды Қорыта айтқанда, менеджментте әр түрлі мектептердің негізінен қалыптасып, дамуы менеджменттің одан әрі дамып, өркендеуіне әсер етті. Жоғарыдағы аталған мектептер тәсілдері қазіргі заманда өзгерістерге ұшырап, оларға жаңа заманға сай жаңашылдықтар енгізіліп келуде.
Менеджментте қазірге дейін осы мектептердің тәсілдері қолдануда. Болашақты болжауда нарықтық экономиканың тұрақсыздығы менеджменттің жан – жақты дамуына әкеп соғуда.
Менеджмент нарықтық экономикалық қажеттіліктері мен жағдайларды толығырақ жауап беретін басқару типі болғандықтан тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық мотивация жағдайында туған нақты басқарудың тұжырымдамасында пайда болып рәсімделді.
Жалпы алғанда, басқару өнерін меңгеру әрбір менеджер үшін қиын шаруа болып табылады. Сондықтан менеджмент ғылым болып қалыптасар кезінде басқару өнеріне Фредерик Тейлор, Анри Файоль сияқты ғалымдар басты назар аударған. Және де басқару тәсілдеріне тоқталып өту себебіміз – оны білу әрбір тиімді әрі алғыр менеджерлерге тән болуы тиіс.
Негізінен, XXI ғасырда ақпараттың маңызы өте зор. Ал менеджмент үшін ақпараттың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ қойсақ та белгілі және де осыны орынды жерде, дәл уақытында басқару өнерінде тиімді менеджерді басқалардан бір сатыға жоғары қояды.
Еңбегімізді қорытындыласақ, болашақ менеджер ретінде біз миллиондаған ақпарат ішінде керегін таңдап, оны басқару өнерінде тиімді қолдануымыз керек.
Пайдаланылған әдебиет Белоусов В.М. История развития концепций менеджмента. – М.: Знание, 2001.
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. /Пер. с англ. – М.: Дело, 2000