Реферат Орындаған: Сарик. А тобы: тп-22-4К2 Қабылдаған: Қорғанова С. С шымкент 2023 Жоспар



Дата11.12.2023
өлшемі30,6 Kb.
#137038
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
Факультет "Тарих және педагогика"

Пәні: Әлеуметтану және Саясаттану


Реферат

Орындаған: Сарик.А


Тобы: ТП-22-4К2
Қабылдаған: Қорғанова С.С

Шымкент 2023
Жоспар:

1. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі

2. Саяси биліктің қайнар көздері

3. Саяси биліктің қорлары

4. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



Билік құрылымы дегеніміз – оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші процестер.
Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар,мемлекет, үкімет, т.б. саяси биліктің субъектісі болып табылады. Биліктің объектілері – жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар мен
қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар. Билік қатынасының мәні субъект нұсқау береді де объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат – егемендікке ие болу. Оның әртүрлі саяси бағыт ұстанған субъектілер арасында бӛлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде партиялық парламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда билік келісім (консенсус), ымырласу (компромис) негізінде жүзеге асырылады.
Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты – оның заңға сәйкестігі (заңдылығы).
Билік жариялы, ашық, транспарентті және заңға сәйкес болуы керек, сонда тұғыры берік билік орнайды. Егер жариялы болғанымен, басқа сапалары сақталмаса, деспотия, тирания, автократия орнайды. Заңды билік – әділ билік. Халық қолданып отырған тәртіпке сенеді. Жария биліктің дағдарысқа ұшырайтын кездері де кездеседі, алайда ол әлеуметтік жүйе ауысқан кезде пайда болады. Өткен жүзжылдықтың 80-90 жылдарында КСРО мен Еуропаның бірқатар елдеріндегі ықпалды топтар ӛздерінің үкіметтеріне сенімсіздік білдірді және оны қолдаудан бас тартты. Осы елдердің саяси режимдері заңды, мемлекеттік басқаруды ӛзгертуге, экономиканы қайта құруға дәрменсіз екендіктерін байқатты. Коммунистік саяси режимдер күйреді
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объектті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке «иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын секілді көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т.б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.
Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.
2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.
3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.
4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.
Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».
Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік.
Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді — ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.
Биліктің белгілері:
1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы;
2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі;
3) Үстемдік ықпалының басымдылығы;
4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.
Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері мыналар болып табылады:
1) үстемдік мүдде,
2) осы мүддені танытатын ерік,
3) мүддені іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар. Оның өзінің қайнар көздері мен жүзеге асу құралдары бар.
Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді — күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат.
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:
- экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
- әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
- күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
- демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал).
Осы рессурстардың ішінде қазіргі уақытта Э.Тоффлердің пікірінше білім мен ақпараттық құралдар билік ресурстарының әлемде ерекше маңызға ие бола бастады.
Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден — ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады.
Екіншіден — қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден — саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.
Саяси биліктің қасиеттерінің бірі — оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.
Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері:
1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік.
2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді.
3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.
Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды.
Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан: дәстүрлі, харизматикалық, легальды – рационалдық.
Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы 17ғ. ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.
Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды.
Билік жүргізу белгілі бір адамға, топқа, ұжымға, органға беріледі. 18ғ. көрнекті француз ойшылы Жан Жак Руссо халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан. Ол — үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу тиісті деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш билік үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ биліктің бөлуін бір-біріне мүлдем тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұралды, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық қолдана алуы және т.б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері: Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж.Кеннеди «Жаңа шеп», Л.Джонсон «Кедейлікке қарсы соғыс» және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге тура келеді. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді.
2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с.
3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушылырға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.
5. Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік соның қолында болады дейді.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама ақпараттар жатады.
Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей;
2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандақ шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әртүрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т.б. мекемелер) кіретін орта деңгей;
3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. http://engime.org/eleumettanu-ou-edistemelik-kesheni.html?page=3

  2. Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

  3. А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

  4. https://www.ektu.kz/files


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет