13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген.
Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталды. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды.
Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын "филд-теннис", "корт-теннис", сондай-ақ "лонг-пом" және "курт-пом" деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады. Халықаралық ірі турнир біріншілігі Аустралия, Франция, Англия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады. 1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті.
ХІХ-XX әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді. Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды.
Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде. Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық олимпиада комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды.
Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті.
1977 жылы халықаралық олимпиада комитеті Прагада өткен 79-сессиясында ITF халықаралық теннис федерациясын Олимпиада хартиясының талаптарына сай келетін жетекші спорт түрі деп мойындады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп есептелінді.
1980 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған XXII олимпиадасында теннис жарысы тізімге ілікпеді. 1984 жылы Лос-Анжелестегі XXIII олимпиада ойындарында теннис бәсекесі көрсетілді.
Қазақша күрес
Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.