Реферат орындаған: «Туризм» мамандығының 2 курс студенті Ерген М. С. Тексерген: Сулейменов П. М



бет1/2
Дата12.02.2023
өлшемі30,05 Kb.
#67226
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Срс Философия Ерген Меруерт


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
1 СОӨЖ

Тақырыбы: Көшпенділердің жалпы адамзаттық өркениеттік
дамуға қосқан үлесі .

РЕФЕРАТ


Орындаған:
«Туризм» мамандығының
2 курс студенті
Ерген М.С.


Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент

Алматы, 2023
Көшпенділердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесі .
Жоспары:

  1. Көшпенділер дегеніміз кімдер?

  2. Көшпенділердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесі .

  3. Қазақтардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.

  4. Ұлы даланың жеті қыры мақаласы.

  5. Ұлы Жібек жолы маңыздылығы .

  6. Қорытынды.

  7. Пайдаланылған әдебиеттер

Ең алдымен көшпенділер сөзіне мән берсек ,ол уақытша немесе тұрақты көшпелі өмір салтын ұстанатын адамдар ,яғни біздің ата -бабаларымыз . Жалпы қазақтардың жалпы өркениетке қосқан үлесі Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы даланың жеті қыры мақаласында айтылған болатын . Оның біріншісі атқа қону мәдениеті .Еліміздің солтүстік ауданынан табылған Ботай және Шебір қоныстарынан табылған жылқы сүйектері ,сол уақыттарда қазақ халқы жылқының ебін тауып мінгенін көрсетеді . Сонымен қатар ат үстінде емін еркін отыру үшін дәл қазіргі шалбар үлгілері сол кездің өзінде пайда болған . Қазіргі етіктер де бұрынғы ата - бабаларымыздың жұмсақ өкшелі саптама мұрагерлері .Садақ ойлап табылуы адамзат өркениетіне қосқан көшпенді қазақтардың үлесі . Екінші металлургия өнеркәсібі.Қазақстан жалпы қазба байлыққа бай мемлекет.Меңделеев кестесіндегі 99 элемент Қазақстанның Солтүстік, Орталық,Шығыс өңірлерде кездеседі .Үшіншісі аң стилі ,ата -бабаларымыз табиғатпен етене өмір сүрген.Олар мысық тектес жануарларды көптеп қолданған .Егемен Қазақстанның символы қар барысы болуы да бекер емес .Біздің тарихымызда сенсация жасаған жаңалық ол 1969 жылы Есік қорғанынан Алтын адамның табылуы .Ондағы табылған жан -жануар бейнеленген 26 таңба ,сол кездегі қазақ халқының металл өндіруде үлкен нәтижеге жеткенін байқаймыз .Жалпы Евразияның көркі ,тәжі , түріктердің бесігі Алтайда түркі дүниесі пайда болған .Сол кезеңдерде ортағасырлық қала орталықтары Отырар , Испиджаб , Тараз қалаларынан ірі ғұламалар шыға бастады .Отырар қаласынан екінші ұстаз -Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келсе , түркі әлемінен Түркістаннан Қожа Ахмет Ясауи ілімі ,ғылымның дамуын зор үлестерін қосты . Мәдениетіміздің дамуына Ұлы Жібек жолының алар орын ерекше.Себебі Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын бұл керуен жолы азық түлік, мәдениет, дің таратты . Қазақстан ол алма мен қызғалдақ отаны екені ғылыми түрде дәлелденген.Қазіргі алмалар Сиверс алмасының мұрагерлері болып саналады.Ал ол Алатаудың баурайында өскен .Ұлы Жібек жолы арқылы Жерорта теңізіне одан әрі қарай бүкіл дүние жүзіне таралған. Танымал жемістің символы ретінде Қазақстан оңтүстігіндегі қалаға Алматы деп атау берді . Өсімдіктердің жаухары Регель қызғалдағым Шу,Іле таулары етегінен кездестіруге болады .Қазіргі таңда әлемде 3 мыңнан астам қызғалдақ түрі бар .Ал Қазақстанда 35 түрі өседі .
Сонымен қатар көшпенділердің өркениетке қосқан үлесі -ежелгі кесенелер болып табылады.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
Айша бибі кесенесі – Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. XII ғасырда салынған кесене, мұсылмандар үшін қасиетті орын болып саналады.Бұл кесене – Орталық Азиядағы теракотамен оюланған жалғыз сәулет ескерткіші. Оның қабырғаларында, ою-өрнектің 60-тан астам түрі кездеседі.Бүгінгі таңда, Айша бибі кесенесі тарихи ескерткіш ғана емес, сонымен қатар, танымал қажылық орнына айналды. Бұл жерге мемлекеттік қызметкерлер, туристер, емшілер және қарапайым адамдар бата сұрап келеді.Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ ғ.) Айша бибі кесенесінің маңына, биіктеу жерде орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларында сәндік безендірулер жоқ, бірақ сәулеттік құрылыстың жинақы әрі қарапайым ою-өрнектері үйлесім тапқан.Кесененің салыну тарихына және Бабаджа Хатунның өз басына байланысты құжаттық мәліметтер жоқтың қасы. Ескерткішке археологиялық қазба жұмысы жүргізілмеген.Кесененің көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан 16 қырлы конус жабыны – Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі.
Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихына үңілсек, осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін байланыстыруында болды. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды. Біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын атап көрсетсек:
-мұсылмандық діни орындар (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер тағы басқа) салынды;
-жер жаһанның барлық территориясын белгілі бір дәрежеде қамтыды;
-әлемдік өркениеттер осы осы жол арқылы бір-бірімен ассимиляцияға түсе отырып, жаңа саяси-мәдени өркениеттердің қалыптасуына әсерін тигізді.
Қазақ тарихындағы ең бірінші сәулетті құрылыс – қазақ үй болған. Ешқандай шегесіз, тез құрылып-жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйді көптеген шетелдіктер таңдана тамашалайды.
Қазақ кеңес заманында құнды дүниесінен айрылып қалғанын, киіз үйдің қадірін енді түсіне бастаған секілді. Сондықтан болар қазір кей адамдар кішігірім той-садақа жасау үшін есік алдына киіз үй тігіп, тіпті онда күнделікті бала-шағасымен шай ішуді әдетке айналдыра бастапты.Дәстүрлі мәдениеттер мәселелерін зерттеуде қарастырылатын басты мәселелердің бірі - көшпелілер мәдениетінің өкілдері рeтiндегi ежелгі түркілердің қоршаған әлем туралы түсінігі. Аталған мәселелер сипаттамасының негізгі элементтерін ғылыми әдебиетте белгілеу үшін мынадай анықтамалар калыптасқан. Өзінің «Дәстүрлер мен метафизикалар туралы очерктерінде» Р. Генон «дәстүр» терминiне катысты «өркениет» терминіне үндес ұтымды айкындаған. Әсіресе, әңгіме Шығыс туралы болып отырғанда, бұл ғалым өркениет сипаттамасына «адамдардын салыстырмалы түрде аукымды тобына ортақ белгілі бір менталдық өнім ретінде» мағынаны енгізген. «Дәстүрлі дүниетаным» анықтамасына келер болсақ, бұл түсініктің негізіне Табиғат пен Адамның карым-қатынасынан көрініс тапқан, әлем туралы ежелгі түркілердің ұғымы енгізілген. Орталық Азия халықтарының дәстүрлі өркениетінде көшпелілер әлемі басым болып келетіндіктен, Р. Геноннын еңбектерінде оның көшпелілікті өз көзқарасынша түсіндіруі көрініс беруі заңды. Ол номадтар өркениетінің «сакральды миссиясын» анықтауға мүмкіндік береді («Царство количества и знаки времени»). Бұл сакральды дәстүрлер идеясына енгізілген, Р. Генон оны салттан бөлек қарастырады. Сакральдык туралы бiлiм беруге негізделген дәстүрлер идеясы уақыт өте келе өзінің бастапқы мағынасынан айырылды .
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ енделiп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті.Таудың төменгi етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші
Алматы, Баканас, Көксу, Лепсі өзендерiнiн орта және төменгі ағыстарынын бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай колөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолык қауымдардын натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алкабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу,ислам және басқа да дiни кешендерін салу,архитектуралык сыртқы көрінісі жинақы, каланын орталық аландарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын тұрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа - Хатун және Айша бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар онын безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдык асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде, осы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары және оларға тартылган су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік Қазақстандағы қазба жұмысымен жүргізілген Отырардан, Түркістаннан, Тараз, Ақтөбе, Талғар т.б. қалалардан табылды. Қала тұрғындары тұрмысында монша алдынгы кезектегі рөлдердiң бiрiн атқарды. Монша мешіттен кейiнгi адамдар ең көп баратын орын болды. Бұрыннан келе жаткан ақша айналысы сол күйінде калды. Қалалардың ішкі саудасында мыс акша колданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ак, сырткы саудада байлык ретінде жасақтауға қолайлы алтынның орнына күміс акша пайдаланылды. IX-ХП ғғ. Отырар мен Яссыда, Тараз және Исфиджаб қалаларында акша жасайтын теңге сарайы iстедi. Көшпелі қазақ халқының тарихының тамыры сонау кезеңдерде жатыр. Қазақ елінің өмірінде аса маңызды рөл атқарған көшпелі мәдениет бірден қалыптаспады. Оның астарында ұзақ уақытқа созылған революция мен даму бар. Жылдар бойы қалыптасқан көшпелі өмір мен көшпелілердің табиғат аясымен байланыса өрбіген өмірін ежелгі дәуірдің көптеген ойшылдары мен философтары саралаған еді. Көшпелі қазақтың рухани мәдениетінің өзіндік даму жолдары жетерлік. Ол көшпелілілердің тіршілік іс-әрекетінің, тұрмыс-жағдайының ерекшеліктерінен туындаған. Көшпелі халық өз тұрмыс-әрекеті мен жағдайына лайықты мәдениеттерді қалыптастырып отырды. Мәселен, материалдық мәдениет олардың көшіп-қонып жүрулеріне ыңғайланып жасалынған. Көшпелі материалды мәдениет үлгілеріне –жиналмалы, жығып-тігуі оңай әрі жеңіл күйіз үй, ер-тұрман, ат әбзелдерін және теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да өзге тұрмыстық заттарды жатқызамыз. Ал рухани мәдениеті тіптен бай. Ол қазақтың айналысатын шаруасына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне негізделе отырып, кең даладан алған тәжірибемен, өмір ағысымен құрылған мәдениет еді. Әрі көшпелі халық отырықшы халыққа қарағанда табиғатқа тым жақын болды. Олардың табиғатқа негізделген дүниетаным, ақындық, қиялшылдық, нақтылай келгенде шығармашылық ойлау жүйесі керемет дамыған.
Көшпенділер өркениеті деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. Ақышев, К. Байпаков сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып келдi. Соңғы жылдары К. Байпаков Еуразия сахарасында көшпенділер өркениетінің орнына Дала өркениеті деген ұғымд колдануды орынды санайды. Ең алдымен, Дала деген ұғымның басын ашып алу керек. Оны тек бір шөл деп ұғуа болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып каншама өзендер етеді. Бір шеті Енесай, Лена, Онон, Керулен, Ертiс, Тобыл, Жайык, Обь, Каспий, Арал,Едiл, Дон, Дунай, Днепр улы сахараның сәлі мен әні еді ғой. Қазақстан жерінде 45000 өзен мен өзен анғары, 85 мың көл бар екен.
Осы ұлан-ғайыр далада еркениет орнауға себеп болған факторлар кандай?
1. Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екi құрлыктың басын косты. Ол - Еуропа мен Азиянын қақпасы, тоқсан тоғыз жолдын торабы. А. Тойнби: «Андарды үйретіп, кол малы жасауы- өсiмдiк жинауға үйреніп, оны есiрiп қорек етуден гөрi биiгiрек өнер, өйткені ол адамнын, ақыл-ойы мен ерiк-күшін қажет етеді, - дей келіп,- «кешпенділер ат болмағанда мұншама ман даланы бағындырып, керемет қатан табиғи жағдайда өмір сүре алмас едi, олардын сұнғыла да ұстамды, күштi де төзiмдi болып келуi сол ат үстi өнерiнен», - деп түйеді (Тойнби А. Дж. Постижение истории. - М.: Прогресс, 2011. 122 c.).
2. Сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы қытай, парсы, үндi, араб өркениеттерiмен тоғысты.
3. Сырдария мен Әмудария аралығында пайда болған Зәрдеш (зороастр) тәңірлік дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты алемдік діңдердiн өзектi қағидаларына негіз болды. Дала өркениетін рухы биік халық жасады. Олар Тәңiрге табынды. Әлемдік дiннiн қайсысы болса да сахарада орын алды.
4. Кыр баласы табиғи ортамен толык жарасымды болды. Дала перзенті ешбір шектелу дегенді білмеді, бостандыкта естi,төзімтал, өжет болып өсті. Оларға шығармашылык эволюция тән еді.
5. Л.Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер «көшпенділер>> деген ұғымды абсолюттандырады. Шын мәнінде, ұлы сахарадағы халыктың негiзгi кәсiбi мал бағу болғаны рас. Сонымен бiрге ол егiн де ектi,қолөнерін де дамытты, қала да салды.
Бір сөзбен айтсақ, атка конған көшпенді географиялык кенiстiктi игерді, астрономиялык бiлiмге ұмтылды, зат айырбастау,жаудан қорғану мен шабуылға шығу, металл балқытуды игеру,әскери енердi жетiлдiру, атты әскер мен әскери арбаларды колданып, бұрын-соңды болмаған жеңіске жету көшпенділердi замананын иесі етті. Азияның көне көшпенділері еш жерде қайталанбайтын скиф сiбiрлiк «аң өрнекті>> ғажайып бейнелеу өнерін жасады. Бұл өнерді игерген сақ, үйсiн, сармат, ғұн сиякты тайпалардың творчествосында көне Кытайдын, Орта Азия, Таяу Шығыстын, Грекиянын отырықшы халықтарының ықпалы байқалады. Алайда олар жасаған енердiн болмысы өзгеше, дара ғажайып баға жетпес ұлы өнер еді.
Шаруашылық-мәдени тип ұғымынын тым абстрактiлi алынған түрi ретiнде қоғамдык-экономикалык формацияны да көрсетуге болады. Бiрақ бұл ұғым тым дерексіздендiрiлген және әмбебаптық сипаты жеткiлiксiз. Мысалы, еуразиялык номадаларды осы бес формациянын ешқайсысына тіркеп қоюдын негiзi жоқ.Оларды «азиялык ендiрiс тәсiлiнiң» өкiлдерi деудiн де ретi аз. Бул жерде Азия құрлығындағы әртүрлі шаруашылык типтерiнiн арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализмi>> сиякты атаудын ойдан курастырылғаны тiкелей көрiнiп тұр.Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал (аймақ) ұғымы да жиi колданылады.
Қорытындыласам , қазақ әлем өркениетіне қаншама үлес қосқанын тарихтың өзі дәлелдеп берді. «Түбін білмеген түгін білмейді» дейді. Біз қызғалдақтың отаны Голландия деп қателесеміз, «Алтын адамды» туристік нысанға айналдыра алмаймыз, алманы бүкіл елге таратып жіберіп өзіміз айырылып қалғалы отырмыз. Жылқыны қолға үйретудің авторлығына байланысты шыққан дау да бар. Сайып келгенде, тарихты жүйелей алмай отырмыз. Ұлттық тарихымыздың төңірегінде туындаған дау -дамай мен проблемалардың нүктесін қою үшін шетелдік зерттеушілер мен отандық зерттеушілер не тарихшылар білек сыбана кіріссе, тапқан дәлелдерді цифрландыру талабына сай орайластырса біршама нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Тарихтың тетігін тапқандар ғана мол жетістікке жете алатыны секілді, біз де тетігін тапсақ, мәдени, рухани, экономикалық тұрғыдан дамитындығымызға шүбә жоқ. Талқылап, құр дақпыртпен көпіре беруден гөрі, нақты іске көшкен жөн. Қорыта айтқанда, біз Ұлы даланың ұлылығын таныта алмай отырған «ұрпақ» деген атақты арқалап кетпесек игі еді...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет