Реферат «Қозғалмалы ойындар»



бет1/5
Дата04.04.2023
өлшемі72,69 Kb.
#79094
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дш-2





РЕФЕРАТ
«Қозғалмалы ойындар»

Орындаған: Есенгелді М.


Тобы: ФӨТҚБ-04-21
Қабылдаған: Дуйсенов Б.А.

Шымкент-2023


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

  2. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу

  3. Ойыншыларды орналастыру және ойынды түсіндіру кезіндегі жетекші орны

  4. Қозғалмалы ойын түрлері

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл және денсаулығы мықты тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнатқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.
Ойын сюжеті ойыншылар әрекет мақсатын, ойын конфликтісінің (соқтығысының) даму сипатын анықтайды. Ол қоршаған орта ақиқтынан алынып, оның әрекеттерін көрсетеді немесе ойыншылардың әртүрлі өзара әрекеттестік кезіндегі қарсы күрес сызбасы түріндегі дене тәрбиесі міндеттерінен арнайы құрылады. Ойын сюжеті ойыншылардың тұтас әрекеттеріне жан беріп қана қоймайды, тактика элементтері мен техникасының жеке тәсілдеріне мақсатты бағыттылық беріп, ойынды тартымды етеді.
Ереже – ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет