Реферат «Қозғалмалы ойындар»



бет5/5
Дата04.04.2023
өлшемі72,69 Kb.
#79094
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қозғалмалы ойын түрлері

«Сантики-Фантики-Лим-по-по»
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
«Төрт апат»
Оқушыларға «жер»- төмен қарай, «от»- дегенде жоғары қарай, «су»- дегенде алға қарай, «ауа»- дегенде жанына қарай созуы керектігі түсіндіріледі. Алдымен рет-ретімен орындап, содан-соң шатастырылып айтылады.
«Бумба – юмба тайпасы»
Біз Бумба – юмба тайпасына келдік деп көз алдарыңа елестетіңдер.Олардың дәстүрі бойынша сәлем берейік. Олар дене мүшелерін бір біріне тигізіп амандасады екен. Мен қазір шапалақпен сигнал беріп қалай амандасу керек екенін айтып отырамын «Бастаймыз» мұрынды-мұрынға; құлақты-құлаққа; тізені-тізеге; иықты-иыққа; иекті – иекке; өкшені – өкшеге; маңдайды – маңдайға; арқаны – арқаға; шынтақты – шынтаққа; қолды – қолға. Талдау: ұнады ма бумба – юмба тайпасының дәстүрі бойынша амандасу? Несі ұнады?

Қорытынды


Ойын қорытындысын шығару, оның нәтижелерін анықтау, қателер мен дұрыс емес әрекеттерді табу үкен маңызға ие. Ойын нәтижелерін жарияламас бұрын жетекші тыныш жағдай қалыптастырады, егер қажет болса көмекшілерінен мәліметтер мен ұпайлар есебін жинайды да, зор дауыспен нәтижелерді жариялайды. Ешқандай жағдайда да ойыншылардың судьямен таласып және ұрысына жол бермеу қажет. Судья шешімі талқылауға жатқызылмайды. Балаларды өз әрекеттері мен қылықтарын дұрыс бағалауларына үйрету үшін ешкімді бөліп көрсетпестен ойын нәтижелерін қысқа жариялау қажет. Ойынды обьективті талдау ойыншыларды дұрыс өзіндік бағалауға үйретеді. Егер ойын алғаш рет өткізілсе,кейін мұндай қателер жіберілмес үшін толығырақ талдауға болады.
Ойын нәтижелерін анықтау кезінде шапшандық қана емес, қатысушылар алдын-ала ескертілген бөлімі бір тапсырмалардың орындалу сапасы да ескеріледі. Сонымен бірге жетекші ережелерді білу және олардың қадағалауын, ойында мақсатты бағыттылы және сәйкес әрекет ету әскерлігі, белгілі бір ойын ситуацияларында таныс қозғалыс әрекеттерін қолдануды бағалайды.
Ойын қорытындыларын шығару жетекшіні өзі үшін педагогикалық құндылыққа ие: балалар мен мұғалім талқымайтын ойын үрдісінде жасалған бақылаулар мен қорытындылар балалар ұжымымен және жеке-жеке әрбір оқушымен жұмыс үшін өте үлкен маңызға ие.
Жоғарыда айтылған ойын ережелер мен тәсілдерін орындауын тікелей бағалаудан өзге әртүрлі жоспарлы ойындарды өткізу үрдісінде оқушылардың дене дамулары, темперамент және мінез-құлықтар ерекшеліктерін нақтылау үшін жетекші олардың тәртіптеріне келесі бақылауларды жүзеге асыруына болады:
Баланың жалпы дене дамуын бағалау;
Жеке денесапалар даму деңгейі;
Осы қозғалыс сапаларын ойында үйлестіру қабілеті;
Назарын орталықтандыра білу қабілеті (сыртқы тітіркену бар болса);
Баланың инциатива және табандылық көрсетуі;
Шешім таба алмаушылық және қорқақтық көрсетуі;
Ойындағы қарсыластарына қатынасы;
Командадағысеріктестерінеқатынасы;
Өзі жіберген қате және оларды қайталама ойын кезінде түзете білуі;
Жалпы тәртіптілік, өзіне талап қоя білу;
Жеңіспен, жеңілуге қатынасы.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет