Ойынды өткізуге даярлау.
Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогог алдын-ала көре алмайтын кезде өте маңызды.
Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы, дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады.
Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке,қыдыру) ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндетері өзгеше; мереке кезінде негізінен әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалардың бәрі қатыса алатын көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады.
Ойынды таңдау оның өткізілу орнына тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе алаңда сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залрда немесе алаңдарда бытырап жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын ойындар ойналады. Алаңда қыс болғанда шаңғыдағы, конькидегі, шанадағы ойындар өткізіледі.
Ойынды көшеде ұйымдастыру кезінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн (әсіресе қыс күндері). Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы. Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес инвентардың болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да мүмкін.
Ойынға арналған алаңды даярлау:
Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен бір уақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау:
Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. . Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бояулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау:
Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек.
Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
ОЙЫНҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ.
Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап тауып, есепке алу ұсынылады:
Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрынбарлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау;
Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздерікүрделіболатынқатысушылардыойыннансәттішығарабілу;
Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуын қамту;
Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға болмайтын ережелерге бағыну;
Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот – хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала ереженібұзсанемесеойындықателесебасқалардыңалдындаоғанұрсып-зекімеу;
Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер балаларжетекшіұсынғанбірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған альтернативті ойындардың бір қатары жәнеқажеттіқұралдарғаие болу;
Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс уақытын беру;
Күрделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша үнемі күрделендіру.