Реферат пән бойынша: Ядролық физика Тақырып : «Атом ядросының құрылымы» (баға) Тексерген



бет2/4
Дата23.03.2023
өлшемі94,2 Kb.
#75765
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Атом ядросының құрылымы реферат

1 Атом ядросының құрылымы
Өздеріңе белгілі атом құрылымы жөнінде ХІХ ғасырдың
аяғында екі түрлі болжамдар болды. Ол Томсон жəне Резерфорд модельдері. 1896 жылы радиоактивті құбылыс анықталғаннан кейін, Резерфорд α бөлшегімен атомдарды атқылау арқылы тəжірибе жасап, атом-электрон мен ядродан тұратындығын, оның центрінде оң зарядты - ядро орналасқан екендігін дəлелдеді.
Осындай ядро құрылымын, оның түрленуін, басқа ядролармен немесе бөлшектермен əсерлесуін ядролық физика қарастырады.
Сол атом ядросын қарастыратын болсақ, оның өзі де ұсақ бөлшектерге, яғни протон мен нейтронға бөлінетіндігі, оларды ядролық күш біріктіріп тұратындығын алғаш Совет физигі Иваненко ұсынған болатын.
Бұл болжам көптеген тəжірибелер бойынша қарастырылып, атом ядросын құрайтын бөлшектер протон мен нейтрон екендігі дəлелденді. Оларды жалпы нуклондар деп атайды.
Нуклон атомдық сан (А) арқылы сипатталады. Яғни, атомдық сан (А) ядродағы нуклондар санын көрсетеді.
Мысалы:

Ал, реттік нөмірі (Z) ядродағы протон санын көрсетеді, ол атомдағы электрон санына тең заряды оң бөлшек. Нейтронның заряды жоқ (бейтарап бөлшек). Атом ядросындағы нуклондар саны мынандай түрде сипатталады:

Атом ядросындағы протондар саны бірдей, ал нейтрондар саны əртүрлі болып келсе, ондай ядролар изотоптар деп аталады. Мысалы:

Белгілі бір химиялық элементтің барлық изотоптарының электрондық қабаттарының құрылымы бірдей болады. Олай болса химиялық жəне физикалық қасиеттері электрондық қабаттар арқылы алынады.
Жоғарыда айтылған протон мен нейтронға тоқталайық.
1) Протон. Протонның заряды шама жағынан электрон зарядына тең, бірақ таңбасы оң таңбалы (+р) болады, ал массасы mp= 1,6722*10-27кг (немесе mp= 1,00728 а,б,м). Ядролық физикада масса, энергия бірлігімен өрнектеледі, ол үшін бірлік масса с2 көбейтіледі, сонда mр= 938,28Мэв тең болады.
Ал, электрон массасы mе= 0,511Мэв (mе=9,11·10-31кг) , протон массасынан 1836 есе кіші

Электрон массасын осы теңдікке қою арқылы протон массасы анықталады.
Протонның спині бар ол S=± тең, онда оның меншікті магнит моменті болады, ол

Ядроның магниттік моментінің бірлігі, ядро магнетоны деп аталады да, ол Бор магнетонынан 1836 есе кіші болады. Жоғарыда айтылғандай, Бор магнетоны

Олай болса протонның меншікті магнит моменті, электронның меншікті магниттік моментінен 660 есе аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет