Реферат Пән: «Критериалды бағалау технологиясы» Тақырыбы: «Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері»



бет3/6
Дата19.12.2023
өлшемі95,31 Kb.
#140815
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері ».docx.Мерей

Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады.
Сабақтың соңында ББҮ кестесін толтырту. (INSERT) картасы беріледі
Білемін Нені білдім? Білгім келеді
+ не білдің? қандай ақпарат алдың?
- не түсініксіз? қандай ақпарат алу қиын болды?
Қызықты-бүгін саған ұнады?қандай ақпарат қызық болды?не білгіңіз келеді?
Топтарды сабақтың барысына қарай мынадай бағалау парағы арқылы қорытынды баға қоя аламыз
Тапсырмалар
Рефлексия
"Жетістік" баспалдағы
Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.
мен барлығын түсінгеніме сенімдімін.
мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін.
мен қайталауды қажет етемін.
мен ештеңе түсінбедім.
Сауалнама
Қатысушылар төмендегі сауалнамаға жауап беру арқылы бүгінгі сабаққа рефлекися береді.

  • Мен сабақта жұмыс жасай білді- белсенді/белсенді емес

  • Өз жұмысымды мен - қысқа/ұзақ

  • Маған сабақ - түсінікті/түсініксіз

  • Мен сабақта- шаршадым/шаршамадым

  • Сабақтағы материал- қызық/қызықсыз

  • Үй тапсырмасы маған- қиын/жеңіл

  • Мен сабаққа- қажет/қажетсіз

  • көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

  • оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

  • ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;

  • білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

  • оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

  • ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

Дегенмен, бүгінгі таңда оқыту теориясын да бақылау немесе бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет