Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті, нәтижелерді бағалайды және өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.