Реферат Пән: Оптика Тақырыбы: Көз оптикалық жүйе. Көру. Визуал оптикалық құралдар. Оптикалық құралдардың ажыратушы күші



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі43,38 Kb.
#117149
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат педагогика

III Визуал оптикалық құралдар.
Қазіргі кездегі оптикалық приборлардың объективтері бірнеше линзалардан тұратындықтан, ал әртүрлі перископтарда бірнеше призмалар болады. Мұндай приборлардан өткен жарық бірнеше беттерден шағылады. Нәтижесінде жарық ағынының да шығыны көп болып, өткен жарықтың қарқындылығы азайып, приборды жарық күші кемиді, сапасы нашарлайды. Осы кемістікті болдырмау үшін, шағылу коэффиценттерін азайту керек. Сонда кескіннің жарықталынуы артады. Оптиканың жарқындалынуы деген термин осыдан шыққан. Ол үшін линза бетін сыну көрсеткіші линзаның сыну көрсеткішінен кіші болатын жұқа қабыршақпен қаптайды.
Лупа — көзге нашар көрінетін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық аспап. Бақыланатын нәрсе Лупаның f фокустық қашықтығынан (FF¢ —фокальжазықтығы) аз ғана кішірек қашықтыққа орналастырылады. Осының нәтижесінде Лупа нәрсенің тура, үлкейген және жорамал кескінін береді. Кескіннен шыққан сәуленің көзге түсу бұрышы (a) нәрсенің өзінен шыққан сәуленің түсу бұрышынан (j бұрышы) үлкен болады: Лупаның үлкейту әсері осымен түсіндіріледі. Лупаның үлкейтуі (Г) деп a бұрышының нәрсе Лупасыз ең жақсы көрінетін D=250 мм қашықтықтан көріну бұрышына (j) қатынасын айтады. Лупаның үлкейтуі оның фокустық қашықтығымен Г=250/f қатынасы арқылы байланысқан; Лупаның құралымына байланысты Г-ның мәні 2-ден 40 — 50-ге дейінгі аралықта жатады. Қарапайым Лупалар жинағыш жазық-дөңес линзаболып табылады; әдетте олардың үлкейтуі аз ~(2 — 3) болады. Орташа үлкейту (4 — 10) кезінде екі және үш линзалы жүйелер қолданылады (2-сурет). Аз және орташа үлкейтетін Лупаларда кескіннің көріну бұрышы (a) 15 — 20Ә-тан аспайды. Үлкейтуі үлкен Лупаның көріну бұрышы 80 — 100Ә-қа дейін жетеді. Мұндай Лупаның кемшілігі: нәрседен Лупаға дейінгі қашықтықтың тым аз болуынан жарықталынудың қиындайтындығы және бірқатар қолайсыздықтың туындайтындығы. Мұндай кемшілік алыстағы нысанды (Г=2,5), сондай-ақ, жақындағы нысанды (Г=6) бақылауға қолданылатын телелупаларда жойылған. Сонымен қатар, призматикалық линзалармен бинокльдер үйлестіріліп жасалған, аздап қана үлкейтетінбинокулярлық (стереоскоптық) Лупалар да қолданылады. Лупа - бұл шыныдан жасалған қосдөңес қысқа фокусты линза. Ол арқылы кішкентай нәрселердің бөліктерін көре аламыз. Бұл үшін нәрсені линза мен оның фокусының арасында қояды, яғни dМикроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді.Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гукжәне Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Әртүрлі оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принциптерінің негізінде геометриялық оптиканың заңдары жатыр. Бұл аспаптардың негізгі бөлігі — нәрсенің кескінін салатын оптикалық жүйе. Қандай мақсатта пайдаланылатына орай оптикалық аспаптардың осындай түрлері бар: проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар т.б. Негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін кандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалык аспаптардың жүмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделген. Атқаратын қызметтеріне карай оптикалық аспаптар проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар және басқалар болып бөлінеді. Проекциялық оптикалық аспаптар. Проекциялык аспаптарға экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар жатады. Бұл аспаптардың үш түрі бар: диаскоп (диа — мөлдір деген мағына береді), (ол экранға мөлдір денелерді проекциялайды); этоскоп (экранға мөлдір емес нәрселерді проекциялайды); эпидиаскоп (экранға мөлдір де, мөлдір емес те нәрселерді проекциялайды). Барлық жағдайларда да нәрсе объектив пен фокус және қос фокус аралығында орналастырылады. Дене фокусқа неғүрлым жакын орналасса, проекциялық аппарат соғүрлым үлкейтілген кескін береді. Диаскоптың қуатты жарық көзінен шығатын жарық ағыны конденсатордың (линзалар жүйесі) көмегімен диапозитивке (мөлдір объект) бағытталады. Жарық ағынын күшейту үшін кейде жарық көзінің артына ойыс айна кояды, ол жарықты шағылдырып, оны кейін линзалар жүйесіне бағыттайды. Конденсаторды кішкене жарык көзінің кескінін объективке беретіндей етіп орналастырады, ал ол өз кезегінде диапозитивті экранда проекциялайды. Мөлдір емес нәрселерді, мысалы кітаптағы суреттерді көрсету үшін оларды ойыс айнаның фокусында орналаскан шамнан келетін сәулелердің көмегімен жарьщтапдырады. Жарық ағыны суреттен шағылып, жазык айнаға түееді, одан әрі жарықтылығы күшті объективтің көмегімен экранға түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет