Реферат Пән: Оптика Тақырыбы: Көз оптикалық жүйе. Көру. Визуал оптикалық құралдар. Оптикалық құралдардың ажыратушы күші


IV Оптикалық құралдардың ажыратушы күші



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі43,38 Kb.
#117149
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат педагогика

IV Оптикалық құралдардың ажыратушы күші.
Ажыратқыштық шама, ажыратқыштық күш — оптикалық құралдардың объектіні бір-біріне өте жақын жатқан екі нүктесінің кескіндерін ажыратып көрсете алу мүмкіндігі. Екі нүкте кескіндерінің арасы біріге бастайтын яғни одан әрі оларды ажыратып көрсетуге болмайтын ең аз арақашықтық сызықтық (немесе бұрыштық) ажыратушегі деп аталады. Оған кері шама оптикалық құралдардың ажыратқыштық шаманың сандық мөлшерін білдіреді. Ажыратқыштық шама Рэлей критерийіне бағынады. Ол бойынша: бұрыштық ажырату шегі (дельта)ф = 1,21₰/D, ал сызықтық ажырату шегі (дельта)ф = 1,21₰/D, мұндағы ₰ — жарықтың толқын ұзынд., D — оптикалық жүйедегі шыны көзінің диаметрі, f — оптикалық құралдың фокус аралығы. Телескоптармен көру түтіктерінің ажырату шегі бұрыштық секундпен көрсетіледі және ол ៛140/D (егер ₰560 нм, ал D мм-мен көрсетілсе) формуласы бойынша анықталады.
Дифракциялық тордың екінші негізгі сипаттамасы оның ажыратқыштық қабілеті.Спектрлік құралдың ажыратқыштық қабілеті деп оның толқын ұзындықтарының айырымы өте аз екі сызықты ажыратып бақылау мүмкіндігін айтады. Егер спектрлік прибор әлі де ажырата алатын біріне-бірі өте жақын орналасқан екі сызықтың біреуінің толқынының ұзындығы , екіншісінкі болса, сонда пробордың ажырау қабіллеті R былай өрнектеледі: Мұндағы λ- ажыратылатын сызықтар толқын ұзындықтарының орташа мәні, -олардың толқын ұзындықтарының айырмасы. Тор көмегімен алынған әрбір спектрлік сызықтың дифракциялық максимумдары болады.Егер толқын ұзындықтары λ және λ+Δλ сызықтарға тән ұлы максимумдар бірін-бірі ішінара жапқан болса, онда оларды белгілі бір шарт орындалғанда ғана бір-бірімен ажыратып бақылауға болады. Рэлердің пікірінше бір сызықтың ұлы максимумы екінші сызықтың ұлы максимумына ең жақын минимумның үстінде дәл келсе, сондай екі сызықты ажыратып көруге болады.теория жүзінде дифракциялық тордың ажыратқыштық қабілеті тордың саңылауларын,яғни тордың жалпы саны n санына пропорционал болады: R=κ*n. Мұндағы κ – спектрдің реттік саны. Сөйтіп тордың ажырау қабілеті оның саңылауларының саны мен спектрдің ретін көрсететін санның көбейтіндісіне тең. Спектрлік приборлардың ажыратқыштық қабілеті мына қатынас арқылы анықталады: R=λ/Δλ, мұндағы – толқын ұзындықтарының айырымы.Сол сияқты көптеген оптикалық құралдардың, мысалы фотоаппарат және т.б. объективінің ажыратқыштық қабілеттігін мына формула арқылы табуға болады:
R=1/φ= D/(1,2*λ)
Мұндағы D – объективтің диаметрі, λ- жарықтың толқын ұзындығы.Қазіргі уақытта торлардың бір миллиметр ұзындыққа келетін штрихтарының саны 1200-ге, ал штрихтарының жалпы саны 200 000-ға жетеді. Осындай тордың бірінші орындағы спектрді ажырату қабілеті: R=κ*n=1, 200 000=200 000 болады. Сонда R= теңдік бойынша бұл тор 500нм маңындағы толқын ұзындықтарының айырмасы Δλ=0,0025нм екі сызықты ажыратады.
Рентген сәулелерінің дифракциясы. Егер рентген сәулелері электромагниттік толқындар болса, онда толқынның барлық түріне тән құбылыс – дифракция байқалуы тиіс. Алғаш рентген сәулелерін қорғасын пластиналардың өте жіңішке саңырау арқылы жіберген, бірақ дифракцияға ұқсас ешнәрсе байқалмаған. Неміс физигі Макс Лауэ жасанды бөгеттерден сол толқындардың дифракциясын байқау үшін рентген сәулелерінің толқын ұзындығы тымқішкене болар деп жорыды. Шындығында, атомнын өлшемдерімен бірдей, өлшемдері 10 см болатын саңырау жасау мүмкін емес. Онда қалатын бір ғана мүмкіндік – кристалдарды пайдалану. Олардың реттелген құрылымы бар, олардағы жеке атомдардың ара қашықтығы шамасынын реті жөнінен атомдардың ара қашықтығы шамасынын реті жөнінен атомдардың өздерінің өлшемдеріне, яғни 10 см тең. Периодты құрылымы бар кристалл, ұзындықтары атом өлшемдерімен шамалас келетін толқындардың дифракциясын туғызатын, табиғи құрылғы болып табылады.
Міне, рентген сәулелерінің жіңішке шоғы арғы жағына фотопластина орналастырылған кристалға бағытталған. Нәтиже ең оптимистік үмітке толық сай келеді. Түзудің бойымен сәуле таратып тұрған ортадағы үлкен дақпен қоса, сонын маңайында белгілі тәртіппен орналасқан ұсақ дақтар пайда болады. Бұл ұсақ дақтардың пайда болуыкристалдың реттелген құрылымындағы рентген сәулелерінің дифракциясымен түсіндіріледі. Дифракциялық көріністі зерттеу рентген сәулелерінің толқын ұзындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол ультракүлгін толқын ұзындығынан қысқа және шамасы жағынан атом өлшемдеріне тең болып шықты. Рентген сәулелерінің қолданылуы. Рентген сәулелері көптеген өте маңызды практикалық қолдау тапты. Медицинада олар аурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай-ақ, рак ауруын емдеу үшін қолданылады. Рентген сәулелерін ғылыми зерттеуледе өте кең түрде қолданылуда. Рентген сәулелері кристалдар арқылы өткендегі дифракциялық көрінісіне қарап, кеңістікте атомдардың орналасу реті – кристалдың құрылымын анықтау мүмкіндігі туады. Органикалық емес кристал заттар үшін мұны орындау онша қиын болмады. Алайда рентген – құрылымдық анализ арқылы өте күрделі органикалық қосылыстардың, белоктардың құрылысын түсіндіруге мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, он мыңдаған атомдардан құралған, гемоглобин молекуласынын құрылымы анықталған. Бұл жетістіктерге сәулелерінің толқын ұзындықтарының шағындығы нәтижесәнде қол жетті, толқын ұзындығы жәрдемімен дұрысында молекулалардың құрылымын көруге болатындай еді.
Көру деп отырғанымыз сөзбе-сөз мағынада емес мұндағы мәселе дифракциялық көріністі анықтау, соның жәрдемімен көп еңбектеніп, оны түсіндіре отырып, атомдардың кеңістікте орналасу сипатын анықтауға болады. Рентген сәулелерінің қолданылатын жерлерінің ішінен рентгендік дефектоскопияны – құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т.б. әдісін айта кетуге болады. Рентгендік дефектоскопия бұйымдарда қуыс немесе бөгде қосылыстар бар болса, рентген сәулелерінің жұтылуы өзгеретініне негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет