Реферат Пәні : Инновоциялық технологиялар және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру


Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР)



бет2/2
Дата18.05.2023
өлшемі25,1 Kb.
#94409
түріРеферат
1   2
Байланысты:
реферат дилназ

Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Цифрлық білім беру ресурстары
Цифырлық білім беру ресурстарын әзірлеуде алдыңғы қатарлы мультимедиялық технологиялар қолданылады
Мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарын оқу процесіндегі басты немесе қосалқы ресурс ретінде пайдаланады
Цифырлық білім беру ресурстары әзірлеудің алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық тәжірибесін қамтиды
Барлық сандық білім беру ресурстары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді
Оқушылар цифрлық білім беру ресурстарын сабақтарға өз бетінше дайындық барысында және білімдерін бекіту үшін қолданады
Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу платформааралық құру технологияларын қамтиды
Стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.[1;85,86]
АВОҚ (аудиовизувальдық оқыту құралдары) оқылатын тілдің елімен таныстыратын және қарым-қатынас жағдайын туғызатын есту-көру бейнелерінің ашықтығының, айқындығының және ақпаратқа қанықтығының арқасында оқыту сапасын арттырудың тиәмдә көзі болып табылады. Осыған орай сабақтарда көрнекіліктің дидактикалық қаағидасы, жеке оқыту мүмкіндігі және үйренушілердің барлығының бір мезгілде қамту ( мысалы, теле және кинофильмдерді көру кезінде) табысты жүзеге асырылады. Оқытудың мотивациялық жағы артада, ал АВОҚ – ын жүйелі қолдану сабақтын барлық кезеңінде тілдік ортаның жоқтығын толтыруға мүмкіндік береді .
Оқытудың аудиовизуальды құралдары:
Фонограммалар:

  • Грамжазбала;

  • Магнитожазба;

  • Радиобағдарлама.

Видеограммалар:

  • Табиғи:заттар, іс – әрекет

  • Көркем – бейнелеуші: оқу сүреттері, сүрет туындыларынан репродукциялар, слайдтар, диофильмдер, фотографиялар, географиялық карталар.

  • Графикалық:кестелер, схемалар

Видеофонограммалар:

  • Кинофильмдер;

  • Видеофильмдер;

  • Телебағдарламалар;

  • Компьютерлік бағдарламалар.[2;18]

Видеограммалар. Сурет, фотография, кесте, схема және т.б түріндегі кескіндер немесе баспа мәтінді көріп қабылдауға арналған аудиовизувалды оқыту құралдары жатқызылды. Видеограммалар көру бейнесігің нақтылығына байланысты табиғи, кқркем – бейнелеуші, графикалық болып бөлінеді. Олар тілдік материалдың семантизациялық – тиімді құралдары ретінде, оқылатын тілдің елі және оның мәдениетімен студенттерді таныстыру үшін оқытудың барлық кезеңдерінде кеңінен қолданылады. Видеограммалар арнайы экаранды қажет етпейтін статикалық және динамикалық болуы мүмкін. Видеограммалар оны қабылдауға қол жетімділігімен, көру қатарыныңашықтығы мен айқындығымен ерекшеленеді, Олар оқу үдерісін күшейтуге, сабақтарда көрнекілік қағидасын іске асыруға мүмкіндік береді. Видеограммалар тіл бойынша оқу кешендері компоненті қатарына жатады және дербес оқу қуралдары саналады( қабырғаға ілетін тақырыптық оқу суреттері, сурет сқздіктері, видеофильмдер жіне т.б )


Видеограммалар көру қызметіне сүйене отырып түсіндіруге және қарым – қатынас жасауға мүмкіндік жасайды және сөйлеуді дамыту сабақтарында кеңінене қолданылады.[ 2; 20]


Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың (АТТ) кеңінен таратылуымен сипатталады. Олар ақпаратты тарату үшін жəне мұғалімдер мен білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табуда. Арнайы жағдайда көптеген технологиялар оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу сапасын арттыруға айтарлықтай əсер ететіндігін түсіну қажет. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің кəсіби дамуының маңызды мəселелерінің бірі олардың ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы жеткіліксіз кəсіби деңгейі болып табылады. Алдыңғы кезекте, мұндай мұғалімдердің кəсіби деңгейінің жеткілікті деңгейде қалыптаспауы оқушыларды оқыту тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне əсер етеді. Осыған орай мұғалім ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы білімді игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолданатын маман болуы қажет. Мұндай мақсатқа білімді ақпараттандыру жəне оқытудағы мəселелерді ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Болашақ жəне бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан педагогтарға білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету қажеттігін білу маңызды. Біріншісі - ақпараттық жəне қатынастық технологияларды пайдалану негізінде білім беру іс-əрекетінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырумен анықталады. Екіншісі – ақпараттық қоғамның сəйкесінше талаптарын қанағаттандыратын жаңа типті ойлайтын мамандарды даярлаудың сапасын арттыру. Ақпараттандыру əдістері мен құралдарының көмегі арқылы болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар барлығы, олардың қайда орналасқандығы, оған қалай қолжеткізуге болатындығы жəне оларды өз кəсіби іс-əрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалану қажеттігі туралы сұрақтарға жауап алуы қажет. Аталған оқулық білім алушыларды оқытуда Ақпараттыққатынастық технологиялар құралдарын негіздей жəне тиімді қолдануға даярлауға бағдарланған. Оқулықта орта білім беруді ақпараттандырудың жалпы мəселелері, ақпараттандыру құралдарын қолданудың мақсатқа лайықтылығы мен тиімділігі, олардың 9 қызметінің техникалық қырлары қарастырылған. Оқулықты қолдану педагогтарды білімді ақпараттандыру құралдарының жіктемесімен, гипермəтін, мультимедиа жəне гипермедиа, қолдану ерекшелігімен, білім беру электрондық басылымдары мен ресурстарының сапасын саралау мен бағалау, білім алушыларды оқытуда ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану əдістерімен таныстыруға мүмкіндік береді. Аталған оқулықтың мақсаты: 1. Мұғалімдерді ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды жалпы орта білім беруде қолданудың жағымды қырларымен таныстыру; 2. Ақпараттық қоғамда білімді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру; 3. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын тиімді қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру; 4. Жалпы орта білім беру саласында ақпаратты құру, өңдеу, көрсету, сақтау жəне тасымалдау технологияларын тиімді қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру; 5. Ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқыту үрдісінің барабар қажеттіліктерімен, оқыту нəтижелерін бақылау жəне өлшеумен, жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемелеріндегі оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушылық-басқару ісəрекетімен таныстыру; 6. Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарына қойылатын талаптар, олардың сапасын бағалаудың негізгі приницптері туралы білімді қалыптастыру; 7. Педагогтарды ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру мен енгізуге қатыстыруға тұрақты мотивация қалыптастыру; 8. Қалыптасып келе жатқан білімді ақпараттандыру тіліне оқыту; 9. Мұғалімге қазіргі əлемдегі ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндіктер беру; 10. Түрлі педагогтардың Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын өзінің кəсіби іс-əрекетінде қолдану саласының мүмкіндіктерін теңестіру; Осы оқулықтың мазмұны жалпы орта білім беруде қолданылатын ақпараттық қатынастық технологиялар құралдары ретінде қарастырылатын білім беретін электрондық басылымдары мен ресурстарын сараптау мен қолдану, құрудың негіздерін қамтиды. Бұл салада əлі де болса шешілмеген мəселелер көп. Оған мұндай 10 құралдардың оқыту үдерісіне бара-барлығы, ақпараттандыру құралдарының мазмұнының ғылыми деңгейін, мағыналық жəне стилистикалық мəдениетін арттыру, мектеп іс-əрекетінің түрлі салаларында енгізілген жеке білім беру басылымдары мен ресурстар арасындағы интерфейстік, технологиялық жəне ақпараттық байланыстың қажеттілігі жатады. Оқулықтың мазмұнын жүйелейтін негізгі бағыттар ретінде, білімді ақпараттандырудың маңыздылығы, мақсаттары жəне ерекшеліктері, техникалық құралдары жəне білімді ақпараттандыру технологиялары, білім беру іс-əрекетін ақпараттандыру əдістері іріктелген, ақпараттық білім беру ортасын жəне жалпы орта білім берудің ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру негіздері, білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктері келтірілген.
Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы программалар жəне аспаптық құралдар. Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік программалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық қамтамасыз етулер – мəтінмен, графикамен, кестелік мəліметтермен жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады. Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді дайындауға арналған программалар жатады. Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кеңінен таралған.
Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электронды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.) қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында – WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған. Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта, ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған, сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстарды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программалар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программамен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуымен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс сапасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет телефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Интернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады. Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты – басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын іздеуге болады.[4: 31, 40]




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1.Амиргалина Н. Білім берудң инновациялық технологияларының бірі.// Білім.-Алматы, №4, 2009 ж. Б.17-19.

2. Шетел тілдерін оқыту мәселесі және иновациялық технологиялар.

3. Бобровский С.И. Delphi 7. Учебный курс. – С-Пб.: Питер, 2004 г

4. Бидайбеков Е.Ы., Исабаева Д.Н., Ошанова Н. ХХ ғасырдағы білім беру жəне ақпараттық технологияларына кіріспе. А., 2010. – 210 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет