Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Реферат
Пәні:Инновоциялық технологиялар және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
Тақырып:Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану
Орындаған:Курбаналиева Д.А
Тексерген:Сапарбаева Қ.
Шымкент 2023
Жоспар:
Кіріспе
Білім беру ақпараттық ресурстарына түсінік беру
Негізгі бөлім
1.Білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік.
2. Аудиовизувалды оқыту құралдары жайлы түсінік.
3. Видеовизувалды оқыту құралдары жайлы түсінік
4. Қазіргі қоғамдағы ақпараттық ресурстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ақпарттық ресурс әлеуметтік басқару үрдісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылатын ақпараттық қамтамасыз етудің негізін құрайды.
Білім берудің ақпараттық ресурстары дегеніміз – ақпараттың кез – келген түрі немесе оқу үрдісінде қолдануға арнайы жасалған программалық өнімдер. Білім берудің электрондық ресурстарына:
1. Оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу құралдары,рефераттар, дипломдар );
2. Оқу – әдістемелік материалдар ( электрондақ оқу бағдарламалары, әдістемеліктер);
3. Ғылыми – әдістемелік материалдар ( диссертациялар);
4. Қосымша мәтіндік және суретті материалдар ( дәрістер, зертханалық жұмыстар);
5. Тестілеу жүйесі ( білімді электронды тексеру тестілері);
6. Электрондық кітарханалар;
7. Білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;
8. Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны және мақалалар аңдатпалар;
9. Білім берудің ресурстарына белгілі сайт адресі немесе сілтемелер жатады;
Электрондық білім беру ресурстары – бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:
- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;
- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;
- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;
- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін электрондық білім беру ресурстарын құра білуге даярлау деп мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруді түсінеміз. Студенттерді электрондық білім беру ресурстарын құруға даярлаудың мақсаты:
- электрондық білім беру ресурстарын құруға пайдаланылатын қолданбалы және инструментальдық программалық құралдардың мүмкіндіктерін; электрондық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды; электрондық білім беру ресурстарының типтерін, оны жасау кезеңдерін, электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын; электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалай білуі;
- төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған электрондық білім беру ресурстарын жасай білу іскерлігі мен дағдысының болуы: оқушы мен электрондық білім беру ресурсы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; мультимедиа құралдарының көмегімен оқу ақпараттын көрнекілендіру; оқу ақпаратын сақтау, тарату және көбейту; оқу-тәрбие процесін ақпарттық-әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру; оқыту нәтижелерін бақылау;
- электрондық білім беру ресурстарының мазмұнын құруға қажетті мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео материалдарды өңдеуге байланысты негізгі операцияларды орындай білу іскерлігі мен дағдысының болуы; электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.
-Ақпараттық ресурстар – оқу курстары, анықтамалықтар, әдістемелік және басқа да материалдар;
-Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету құралдары (компьютерлер, байланыс сызықтары;
-Оқытушылар, тьюторлар;
-Білім алушылар.
Қашықтықтан білім алу – оқу процедураларының барлығы немесе көп бөлігі оқу үдерісін ұйымдастырудың кеңістік және уақыт факторларына тәуелсіз, қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы. Қашықтықтан оқыту курсының элементтері мыналар:
1) ақпараттық ресурстар (дәрістер, дәріс конспектілері, бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулықтар және әзірлемелер), қосымша ақпараттық материалдар (оқытушының кеңесі, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, форумдар), ресурстар кітапханасы, электрондық сөздіктер, Интернеттегі қосымша материалдар;
2) қарым-қатынас жасау құралдары (электрондық пошта, хабарландыру тақталары, конференциялар, форумдар, семинарлар, сауалнамалар, чаттар); 3) тестілеу жүйесі (бақылау тапсырмалары, тесттер, рефераттар);
4) әкімшілендіру жүйесі (білім алушылардың мәліметтер базасын ұйымдастыру, сауалнама жүргізу, хабарландыру тақталары, бағдарлама және сабақты жоспарлау, бағалау жүйесі және т.б.).
Қашықтықтан оқыту жүйесі ұйымдастыру және тиімді жұмыс істеу үшін интернеттегі оқу курстарын қолдауы және білім алушылармен сенімді байланысты қамтамасыз етіп, білім алушыларға оқу материалдарын жеткізуі, білім алушылардың өзара бір-бірімен және оқытушымен қарым-қатынасын ұйымдастыруы (конференциялар, форумдар, чаттар) керек. Қашықтықтан оқыту курстарын құру технологиясы туралы сөз болғанда, жалпы курсты құрудың бірнеше тәсілдерін бөліп көрсетуге болады:
1) қашықтықтан оқыту курстарын құру үшін дайын жүйелерді қолдану;
2) қашықтық курстарын құру үшін арнаулы бағдарламалық құралдарды пайдалану (бағдарламалау тілі, мультимедиалық тұсаукесер, мультимедиалық қосымшалар);
3) қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеуге арналған инструменталдық құралдарды пайдалану.[1;99,101]
Ақпараттық білім беру ресурстары – ақпараттың кез келген түрі немесе оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнімдері.
Оның ішіндегі білім берудің электрондық ресурстарына тоқталып өтейік: оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу құралдары, рефераттар, дипломдар); оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, әдістемелер); ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар); қосымша мәтіндік және суретті материалдар (дәрістер, зертханалық жұмыстар); тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері); электрондық кітапханалар; білім саласының электрондық мерзімді басылымдары; білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны мен мақала аңдатпалары; электрондық мұрағаттар шығару. Ақпараттық білім беру ресурстары – ақпараттың кез келген түрі немесе оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнімдері.
Оның ішіндегі білім берудің электрондық ресурстарына тоқталып өтейік: оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу құралдары, рефераттар, дипломдар); оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, әдістемелер); ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар); қосымша мәтіндік және суретті материалдар (дәрістер, зертханалық жұмыстар); тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері); электрондық кітапханалар; білім саласының электрондық мерзімді басылымдары; білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны мен мақала аңдатпалары; электрондық мұрағаттар шығару.