Реферат пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы: Шерхан Мұртаза Орындаған: Турдалиева Айна аі 21-1 Мұғалімі: Жұмағалиқызы Әсем



Дата10.02.2022
өлшемі28,41 Kb.
#25157
түріРеферат
Байланысты:
реферат


Қазақстан Халықаралы Лингвистикалық Колледжі

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Шерхан Мұртаза

Орындаған: Турдалиева Айна АІ 21-1

Мұғалімі: Жұмағалиқызы Әсем

Нұр-Сұлтан,2021 ж

МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ.............................................................................................................

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ..............................................................................................

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................................

2

ЖОСПАРЫ


  • Шерхан Мұртазаның өмірбаяны

  • Шығармашылық жолы мен шығармалары

  • Марапаттары

3

КІРІСПЕ



Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында жат­­талғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті. Бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастаған жазушы қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілді. Қызметін баспаның редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді.

Шерхан Мұртаза - қазақтың жазушысы, қоғам қайраткері.1932 жылы 28 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында қарапайым отбасыда дүниеге келген.Анасына балаларды асырау оңай болған жоқ. Колхозда жұмыс күндері ақшаның орнына астық алды. Ал бұл балаларды тамақтандыру үшін жеткіліксіз болды. Шерханның әскери және соғыстан кейінгі жылдардағы балалық шағы оңай болған жоқ.

Жазушы М. В. Ломоносов атындағы ММУ, журналистика бөлімінде білім алды. 1955 жылы журналист дипломын алып, Шерхан Мұртаза "Лениншіл жас" баспасында тілші және әдеби қызметкер болып жұмыс істеді, кейін "Жазушы"баспасында бас редактор қызметін атқарды.

Шерхан Мұртаза



  • "Жалын" жылнамасының (1971-1972), "Жұлдыз" журналының (1973), "Қазақ әдебиеті" республикалық басылымының және "Социалистік Қазақстан" газетінің (1975-1994)бас редакторы болып қызмет атқарды.;

  • Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы және екінші хатшысы (1973, 1975);

  • Телерадио хабарларын тарату жөніндегі республикалық мемлекеттік комитеттің төрағасы (1994 жылға дейін).

4


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шығармашылық жолы мен шығармалары

Шерхан Мұртаза-көрнекті қайраткер, қазақ әдебиетінің білгірі, Қазақстан журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген тамаша жазушы. Әдебиет саласындағы бай еңбек қызметі мен үлкен жетістіктері үшін көрнекті қазақстандық көптеген құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды.

Шерхан Мұртаза өзінің шығармашылық жолын студенттік жылдары Лазар Лагиннің "Хоттабыч қарт" және Мұстай Кәрімнің "Біздің үйдің қуанышы" шығармаларын қазақ тіліне аударудан бастады. Алғашқы "Құрылысшы Даку" очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Шерхан Мұртаза "Қара маржан" және "Қызыл жебе" романдарының, "Сталинге хат" ("Письмо Сталину") және "Бесеудің хаты" ("Письмо пяти") пьесаларының авторы. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне, соның ішінде орыс тіліне аударылған.

Л. Лагиннің "Хоттабыч қарт" және М. Кәрімнің "Біздің үйдің қуанышы" тақырыптарынан басқа, венгр халық ертегілерін, Ханс Кристиан Андерсеннің, Шыңғыс Айтматовтың және Э. Эрскиннің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Шерхан Мұртазаның «Мылтықсыз майдан» атты повесі бар. 1968 жылы жазылған. Сырт қарағанда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласын» еске түсіреді. «Жәмиланы», әсіресе орыс тілді қауым, одан әрі Батыс қызыға қабылдап, қошеметті сөздерін көп айтты. «Жәмиладағы» автор шешімі олардың жанына жақын еді. Өйткені батыс өркениетінде жеке адамның еркіндігі ерекше бағаланады. Өз махаббатын тапқан Жәмила соғыстағы күйеуін күтпестен кетіп қалады. Ол өз бақыты үшін отбасының дәстүрін бұзады.
5

«Қызыл жебе» көлемі жағынан да, көтерген жүгі мен көркемдігі жағынан да Шерхан Мұртазаның бас кітабы. Көп оқылып, шын мәнінде, халық жазушысы еткен шығармасы. Қазақта мұндай мол ауқымды, кең тынысты романдар циклын берген санаулы жазушылардың қатарына қосқан еңбегі.

Повестьтері


  • Құрылысшы Дәку (1958)

  • Табылған теңіз (1963)

  • Бұлтсыз күнгі найзағай (1965)

  • Белгісіз солдаттың баласы (1967)

  • Мылтықсыз майдан (1969)

  • 41-жылғы келіншек (1972)

  • Ахметжанның анты (1973)

  • Қара маржан (1976)

  • Қызыл жебе (1980)

  • Жұлдыз көпір (1984)

Романдары

  • Қара алқа

  • Қызыл садақ

  • Сборники рассказов

  • Интернат наны (1974)

  • Жүрек қартаймайды

Пьесалары

  • Қызыл жебе (1987)

  • Сталинге хат (1988)

  • Бесеудің хаты (1989)

  • Бесінші бұрыш

6

Марапаттары




  • "Құрмет Белгісі"Ордені

  • 1978-Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы

  • 1984-Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері

  • 1992-Қазақстанның Халық жазушысы

  • 1995-Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері-ұлттық мәдениеттерді дамытуға және байытуға, қырғыздар мен қазақтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін

  • 1999-Отан Ордені

  • 2000-Тарлан сыйлығының лауреаты

  • 2002 - "Астана қаласының Құрметті азаматы"

  • 2012-1 дәрежелі "Барыс" ордені

7

ҚОРЫТЫНДЫ



Қазіргі таңда қазақ прозасының шағын жанры — әңгіменің көркемдік көкжиегін кеңейтуге Ш. Мұртазаның қосқан үлесі мол деп білеміз. Халық жазушысының қаламынан туған әңгімелер оның шығармашылық жолындағы үлкен шыңдалу мектебі болып табылады. Сонымен Халық жазушысы Шерхан Мұртаза соңғы он-он бес жылдың бедерінде түрлі жанрда суреткер ретінде де халқына қызмет етіп, елжұртының тағдырындағы, замана толқынындағы аса бір зәру мәселелерге жан сала қалам тартып келеді. Қауымның көкейіндегісін дөп басып айта білген, жеткізе білген қаламгердің еңбегі жұрттың ықыласына, құрметіне ие болуда. Ал енді Ш. Мұртаза шығармашылығын тұтас алып қарап, оның шыншылдық қасиеті, идеялық құндылығы неде дегенде, жеке шығармаларға тән сипат-белгілерді емес, барлық шығармаларына ортақ ең басты өзгешелікке назар аударған жөн. Бұл орайда қаламгер шығармашылығының қоғам өмірімен, халықтың, ұлттың ой-санасымен тығыз байланысы, тамырластығы және оның өмір құбылыстарын биік адамгершілік идеялары тұрғысынан шебер бейнелеуге негізделген зор танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәні алдымен айтылуға тиіс. Сұңғыла суреткер бүкіл бір тарихи дәуірдің тынысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Ш. Мұртазаның барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескінбейнесін айқын көре аламыз.

8

Пайдаланылған әдебиеттер

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан мұртаза өмірден өт ті — «Ақ жол» -Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газеті

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық аныктамалық 380—381 б

10 сынып,Алматы Мектеп 2019

Указ Президента Кыргызской Республики от 27 июля 1995 года № УП 179 «О присвоении почётных званий Кыргызской Республики деятелям литературы и искусства Республики Казахстан»

Распоряжение Президента Кыргызской Республики от 25 октября 1995 года РП № 209 «О награждении медалью „Манас-1000“ представителей искусства, науки, госуправления Казахстана»

9

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет