Тақырып Тарихи шежірелердің зерттелуі



Дата28.03.2023
өлшемі19,82 Kb.
#76823
Байланысты:
әдебиеттануға кіріспе сөж 1 (копия) (копия)




Тақырып
1.Тарихи шежірелердің зерттелуі.

Өз пікірім
Мәшhүр-Жүсіп Көпеев: «кез келген қазақ жеті атасын айтып берсе, ешқандай паспорттық дерек мағлұматтарға сүйенбей-ақ оның қай ел, қай жерден шыққанын шежіре білген саңылауы бар қазақ баласы дөп басып тауып бере береді»- деп дөп басып айтып өткен.
Қазақ әдебиетінің көне бастауларын сөз еткенде, тарихи тақырыпта жазылған көркем шежірелерді аттап өте алмайтындығымыз, анық. Алайда, ежелгі әдебиетіміз тарихындағы ең көне жазба шежіре Захириддин Мұхаммед Бабырдың 1530 жылы жазылған - «Бабырнама» туындысы екенін ескерсек, әдебиетімізге қатыстылығы жағынан одан да маңызды, арғы дәуірде жазылған «Монғолдың құпия шежіресі».
Ауызша тарихтағы Алты алаш шежіресінің сипатталуы. Алаш - (ежелгі түрік сөзі, бауырластар, қандастар, туыстар) көне заманда түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Қазак хандығы құрылғанға дейінгі ежелгі тайпалардың ортақ атауы. «Алаш» атауы мен «Алты алаш» фразеологизмі түркі әлемінде жиі ұшырасады.. «Алаша» атауы түркі тілдерінде «жылқы», «азбан ат», «мініс аты» деген мағына береді.
Алаш, Алаш болғанда, Алынша хан болғанда.
Қазақ, қалмақ ноғайлар,
Бәрі сонда бір болған.
Ынтымағы жарасып,
Жайкұн көлдей бай болган,
Еділ, Жайык, Оралға,
Ортан көлдей жайылған.
Тургунбаев, Е.М. “Шежіре - тарихи-этнографиялық дерек” , Сарбасов, Б.С.
Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебиеті, Оқу құралы / Б.С. Сарбасов, Т. Дәуітұлы
Осы еңбектерден алдым мәліметтерді.


2. Тарихи шежірелердің тілдік, көркемдік ерекшеліктері

Шежіре атаулының маңызды тұсы – ұлт тарихының бір бөлімі ретінде танылуы. Бұл ретте ол ұлт болудың шарты тұрғысынан ата тегін білу, ұрпақ тәрбиесіне әсері мен оны қалыптастырудың жолдарын ашып көрсетеді.
Шежіре тарих саласының – бір бұтағы. Әрине, тарихтың орнын алмастыра алмас, десе де, ұлт тарихын, этнографиялық, фольклорлық, тілі біліміне тиесілі мәліметтерді басшылыққа алады. Сондай-ақ танымдық тұрғыдағы жеті санының ұғымдары математикалық өлшем ғана емес, сонымен бірге жеті ата, ұрпақ жалғастығындағы өлшем, аталастар шегі, т.б. киелі мазмұнда сипатталатынын айғақтайды.
Бір сөзбен айтқанда, шежіре – ұлттық мәдениеттің бір сипаты. Онда келтірілген мәліметтер тарихи деректердің бір қайнар көзі ретінде өткен кезеңдегі жазба дәстүрдің дәлдігін танытатын дәйектерді алға тартады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет