Реферат пәні: Қазақстан тарихы


мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні



бет6/8
Дата12.03.2023
өлшемі57,28 Kb.
#73452
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Соғым басы: Соғым басы қыс айларының басында өткізіледі. Қысқа арналған мал сойылып, ауылдастар мен ағайын туыс қонаққа шақырылған. Соғым басын беруде ағайын — туыстарды береке-бірлікке шақыру, ақсақалдардың ақ адал батасын алу мақсаты жатыр. Бұл мерекенің астарында бауырмалдықтың, көпшілдіктің, берекешілдіктің мәні бар. Соғым басына келе алмаған алыстағы ағайындардың «сарқыты» сақталған. Соғым басы қазақтың мәйекті тұрмыс-салт мәдениетінің бір бөлігі. Ол береке-бірліктің асы болып есептелінеді.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.
Ораза айт - Қасиетті Рамазан айының ораза күнінің соңғы күнінен кейінгі және Шәууәл айының бірінші күнгі мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Ислам дініндегі екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Мұсылмандар оразадан кейін ауыз бекітпейтін ең алғашқы күн. Отыз күн оразада жасаған құлшылық ғибадаттан кейін мұсылман жұртшылығының бір сәт үзіліс алып, мерекелік көңіл-күйде Алланың сансыз нығметтеріне ой жүгіртетін кезі. Мәртебесі биік, барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет