Реферат пәні: Қазақстан тарихы



бет5/8
Дата12.03.2023
өлшемі57,28 Kb.
#73452
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Тұсаукесер: Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Сүндет той: Сүндет той - қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той. Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.
Асату: Әдетте ақсақалдар өз қолдарымен табақтан бешбармақ қалдықтарын алып, балаларға береді. Бұрын балалар қонақтардың тамақтанып болғанын күтетін. Жазушы Сәбит Мұқанов бұл дәстүрді өз шығармаларында кеңінен насихаттайды.


Әмеңгерлік:Әмеңгерлік — жесір қалған әйел қайтыс болған күйеуінің ағаларының біреуіне тұрмысқа шығу дәстүрі. Бұл дәстүр әйелдің және оның балаларының асыраушысыз қалдырмау мақсатында жасалатын.


Ұлттық мерекелері
Қазақ қоғамында ұлттық деңгейде тойланатын мерекелерге үлкен мән берілген. Ұлыс болып тойланатын мерекелер халықтың ұлттық салт-дәстүрімен, өмір сүру дағдысымен тығыз байланысты. Ұлттық мерекелердің тәрбиелік мәні де жоғары болған. Бұл мерекелердің әрқайсысының мәніне тоқталып өтсек.


Наурыз мейрамы Дәстүрлі қазақ қоғамында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні есептелген. Халықтың мифологиялық түсінігіне орай 21-наурыз күні даланы Қыдыр ата аралайды. Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі болып саналған. Самарқанның көк тасы еріген бұл күнде қыстан аман-есен шыққан ағайын-туыс, ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, наурыз тойын тойлаған. Наурызда игі тілектер мен баталар айтылып, ойын-сауықтар өткізілген. Араз ағайындар бірін-бірі кешірген. Наурыз мейрамында жасалатын наурыз көженің шын мәнісінде адам бойына беретін нәрі де жоғары. Ұлыстың ұлы күні тек қазақ халқында ғана емес түркі тілді халықтарда да тойланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет