Реферат Пәні: Биофизика



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі479,17 Kb.
#126394
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
ЭКГ



 
 

Реферат 
Пәні: Биофизика 


Тақырыбы: Электрокардиография
Орындаған: Қулибай Дінмұхаммед 
Қабылдайтын: Өтеуова Ұлдана Дастанқызы 


Электрокардиография (ЭКГ) - жүректің электрлік белсенділігін зерттеу үшін 
қолданылатын диагностикалық әдіс. Ол жүректің жиырылуы мен босаңсуы 
кезінде пайда болатын электрлік потенциалдарды жазуға және талдауға 
негізделген. 
ЭКГ процедурасы электрокардиографтың көмегімен жүзеге асырылады, ол 
пациенттің кеуде және аяқ-қолдарының терісіне бекітілген арнайы 
электродтарда жүректің электрлік потенциалындағы өзгерістерді тіркейді. Бұл 
жағдайда науқас босаңсып, арқасымен жатуы керек. 
ЭКГ зерттеуінің нәтижелері электрокардиограмма деп аталатын графикалық 
жазба болып табылады. Ол жүрек циклінің әртүрлі фазаларын, соның ішінде 
жүрекшелердің, қарыншалардың күйін және жүректің жиырылуы мен босаңсу 
кезеңдерін көрсетеді. 
ЭКГ дәрігерге жүрек ырғағының заңдылығы, жүрек соғу жиілігі, аритмияның 
болуы, жүрек өткізгіштігі, жүрек бұлшықеттерінің күйі сияқты көрсеткіштерді 
бағалауға, сондай-ақ миокард инфарктісінің және басқа да жүрек ауруларының 
белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. 
ЭКГ - бұл жағымсыз немесе ауыртпалықсыз процедура және әдетте ешқандай 
ыңғайсыздық тудырмай орындалады. Дегенмен, ең дәл нәтижелерге қол жеткізу 
үшін пациентке белгілі бір дене позицияларын және тыныс алу нұсқауларын 
орындау қажет болуы мүмкін. 
Кардиологтар мен басқа да мамандар ЭКГ-ны жүрек-қан тамырлары 
ауруларын диагностикалаудың негізгі құралдарының бірі ретінде пайдаланады. 
ЭКГ емдеудің тиімділігін бақылау және уақыт өте келе жүректің жағдайын 
бағалау үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Жүректің биопотенциалы негізінен қозу үрдісін және миокардада 
импульстің жүруін бейнелейді. ЭКГ-ның теориялық негіздері жүректе электр 
импульсінің ритмикалық генерациялануы мен жүрек пен миокарда өткізгіш 
жүйесінде қозудың таралуына байланысты жүретін электр үрдістерінде 
қолданылатын электродинамиканың заңдарынан жасалады. Қалыпты жұмыс 
жасайтын жүректе электр импульстері электр өрісін туғыза отырып 
генерацияланады. Бұл өріс математикалық жағынан шамасы мен бағыты бар 
вектор түрінде көрсетілген. Жүректің электр потенциалдарының векторлық 
көрсетілімін дат физиологы В. Эйнтховен ұсынды.
Тыныштық күйде миокарда жасушасы калий мен натрий иондарының 
концентрациясының айырмасы (сыртына қарағанда калий иондары жасушада 
30 есе көп болса, ал натрий керісінше 10 есе аз болады) есебінен 
поляризацияланған. Қозу импульсі өткенде натрий тез жасушаға кіріп, ал 


потенциалы диполь түзе отырып, қарама – қарсы жаққа қарай өзгереді. 
Миокардиоциттердің потенциалдардың қосылуынан жүректе жалпы түрде 
диполь түзейді. Олардың қосындысы жүректің электр векторы деп аталады, 
цикл кезінде күшті және уақытқа байланысты өзгертіп отырады.
Жүректің момент векторы кеңістіктегі торды сипаттайды. Өткізетін ортада 
айнымалы электр өрісі пайда болады. Эйнтховен теориясы бойынша жүректің 
әрбір бөлігін біртекті өткізгізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь ретінде 
қарастыруға болады. Диполь электр өрісін тудырады, ал оның потенциалдарын 
дене бетінде тіркеуге болады. Осы диполдың электрлік моментінің векторы 
жүректің биопотенциалдарының айырымының нәтижесіндегі сипаттамасын 
береді. Бұл вектор 
жүректің электрлік векторы
деп аталады.
Электродтар жұбының көмегімен реттелетін сәйкес нүктелердің арасындағы 
потенциалдар айырмасын тармақ деп атайды.Клиникада ЭКГ-ні тіркеу үшін 12 
тармақты қамтитын жүйені алады: Эйнтховен ұсынған берілген 
әрбір электродтар жұптарынан үш стандартты тармақ, үш күшейтілген 
бірполюсті және кеудедегі алты бірполюсті тармақтар пайда болады.
Әрбір тармақ - жүректің электр осінің проекциялары болып табылады.
Стандартты тармақтар: екі полюсті тармақтар болып келеді, оң қол мен сол 
қол, оң және сол аяқтарға электродтар жалғанады. Кардиографтың стандартты 
кабелі мынадай түстермен ажыратылады: қызыл, сары, жасыл және қара (оң 
қолға – қызыл, сол қолға – сары, сол аяққа – жасыл, оң аяққа – қара электрод 
жалғанады).
Миокардада қозу толқындарының тізбектеле таралуы ЭКГ-ның сипаттық 
элементтерінің түзілуіне әкеледі. ЭКГ – жүректе қозған ұлпаның бетінде пайда 
болған тербелістердің потенциалдар айырымын жазу болып табылады. ЭКГ 
жүрек бұлшықеттеріндегі қозудың туындауы мен таралу үрдістерін 
бейнелейді. Эйнтховен – голланд физиологы – кардиограмманы тіркеуді 
ұсынған ғалым (Нобель сыйлығы 1924ж.). 
Стандартты тармақтар ЭКГ-ның уақытша сипатаммаларын бағалау үшін, 
синусты ритмді алу үшін, миокардада қозу өткендегі патологиялық үрдістерді 
анықтау үшін қызмет етеді. Кардиографиялық қисықта алынатындарға мыналар 
жатады: тістер, сегменттер, интервалдар.
Тармақтар арқылы PQRST (кейде U) тістерден тұратын ЭКГ тіркеледі. 
Қалыпты жағдайда жүректің электр осі оңнан солға, жоғарыдан төмен қарай 
бағытталады, бұрышы +200 ---+700 тең. Бұл жүректің нормограмма деп аталады. 
Қалыпты жағдайда электр импульстары синоартериальды түйіндер деп аталатын 
жүрек жанында орналасқан жасушалардың кішігірім топтарында автоматты 


түрде генерацияланады, сол себептен жүректің қалыпты ритмін синусты деп 
атайды. Электр импульсі синустық түйінде пайда болып, қалқаншадан өтіп ЭКГ-
да Р тісі пайда болады. Содан кейін импульс Р тісі мен кешен арасыннан өтіп, 
қарыншаларға таралады. Р тісінің басынан Q тісіне дейінгі арақашықтықты PQ 
интервалы деп атайды және ол қалыпты жағдайда 0,12-0,2 сек. тең. Импульс 
жүректің өткзігіштік жүйесімен таралып (Гисс шоқтары және Пуркинье 
талшықтары), ЭКГ-да QRS кешеніне сәйкес келеді. Қалыпты жағдайда оның 
ұзақтығы 0,09сек.
Тыныштық күйде мембрананың беті оң зарядталған. Осы жерде әртүрлі екі 
нүктенің арасындағы потенциалдар айырымы болмайды. Бұлшықет жеке 
талшығының ЭГ-да нөлдік горизонталь сызығы жазылады. Миокарда талшығы 
қозған кезде деполяризацияланған бөлігі тыныштық күйдегі бөлігімен 
салыстырғанда теріс зарядталады. RQ қанның жүрек құлақшасынан 
қарыншасына қарай қозғалысын көрсетеді. 
Қазіргі кездегі кардиографтар жоғары техникалық жетілдірілуімен 
ерекшеленеді және ЭКГ-ны бір каналды ғана емес көп каналды жазуды жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Кардиограф


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет