Реферат пәні: Дене шынықтыру Тақырыбы: Физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсері



Дата02.10.2023
өлшемі24,99 Kb.
#112472
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Пәні: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсері

Орындаған: ИС-21 тобының студенті Ермекова Алтынай


Тексерген: Коломоец Николай Константинович
Орал 2023

Жоспар


  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  3. Қорытынды.

  4. Әдебиеттер тізімі.


Кіріспе
Дене шынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Негізгі бөлім


Дене жаттығуларының негізгі мақсаты – адамның дене дамуына көмектесу, олардың денсаулығын нығайту. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте, оқу барысында толып жатқан әрекеттер мен қозғалыстар жасалады. Осы қимыл-қозғалыстар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Ал арнайы іріктеліп алынған дене жаттығулары жекелеген дене мүшелерінің қалыптасып дамуына, жетілуіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге жалпы организмнің жүйелі түрде қызмет атқаруына көмектеседі. Адам денесінің барлық мүшелерінің өзара әрекеттестігіне байланысты және сабақтар мен жеке жаттығуларда түрлі қимылдардың өте көп болуына байланысты организм тұтас жұмысқа тартылады.

Компьютердің, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуымен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан, адамнің күнделікті өмірі мен жұмысы жеңілдеп, соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды.


Бұл өз кезегінде уақыт өте келе адамның функционалдық қабілетінің төмендеуіне, қаңқа-бұлшықет аппаратының әлсіреуіне, ішкі ағзалардың жұмысының нашар жағына өзгеруіне әкеп соғады. Қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі мен энергияжұмсау барлық жүйелердің (бұлшықет, қантамыр, жүрек, тыныс алу) жұмысын нашарлатып, түрлі ауруларға бейім етіп қояды.
Міне сондықтан да спорттың адам денсаулығына әсері ұшан-теңіз. Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады.
Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, физикалық жаттығулардың адам ағзасы төмендегідей әсер етеді:

  • Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді. Тұрақты түрде жаттығу бұлшықет тіндерінің химиялық құрамын өзгертеді, яғни онда энргетикалық заттар артып, заталмасу процесін жақсартып, жаңа клеткалардың пайда болуына әсер етеді. Денешықтырумен жүйелі түрде шұғылдану остеохондроз, омартқааралық жарық, артроз, атеросклероз, остеопороз секілді тірек мүшелерінің ауруларының алдын алады.

  • Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.

  • Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшықеттерге күш түскен кезде көбірек қанмен қамтамасыз етуді талап етеді де, жүрекке белгілі уақыт ішінде қанды оттегімен байытуға мәжбүрлейді. Тыныштықта жүрек аортаға минутына шамамен 5 литр қан итеріп отырса, жаттығу кезінде ол 10 және 20 литрге дейін ұлғаяды. Спортпен шұғылданатын адамдардың жүрегі мен қантамырлары күшке тез үйренеді және кейін тез қалпына келеді.

  • Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.

  • Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады. Тұратқты түрде жаттығатын адамдардың эритроциттері 5 млннан 6 млнға дейін көбейеді. Сонымен қатар лимфоциттердің мөлшері де артады. Бұл спорттың қорғаныш қызметін жақсартып, бізді қоршаған зиянды заттарға қарсы тұра алатындығының бірден бір дәлелі. Физикалық белсенді адамдар сирек науқастанып, бактериялар мен вирустарды тез жеңеді.

  • Метаболизм жақсарады. Жаттыққан ағза қандағы қант және басқа да заттарды реттеуі жақсарады.

  • Өмірге деген көзқарас өзгереді. Физикалық белсенді жандар өмірге құштар, күйзелістен аулақ болады.

Бірақ, физикалық жаттығуды орындаған кезде мынадай тәсілдерді пайдалану қажет болады:

  • Денеге бірден шұғыл ауырлық түсіруден сақтану үшін бастапқыда бір-екі көмекші жаттығу жасаған жөн;

  • Ауыр жаттығулардан және бұлшық еттерге ауыр күш түсіретн жаттығулардан кейін денені бос ұстауға арналған жаттығуларды орындау керек;

  • Статикалық жаттығуларды динамикалық жаттығулармен алмастыру қажет; шағын, жеңіл жаттығуларды күрделі жаттығулармен алмастыру керек;

  • Жеке бұлшық ет топтарына түсетін ауырлықты кезектестіріп отырған жөн (мысалы, қолға арналған жаттығулардан кейін кеуденің бұлшық еттеріне немесе аяққа арналған жаттығуларды орындау қажет болады; ең маңызды жаттығуларды тың кезде, сабақтың бірінші жартысында орындауға тырысу қажет; назарды көп аударуды қажет етпейтін жаттығулармен оларды жиі алмастырып отырған дұрыс. Жаттығулардың әсерлі болуы тез шаршатпайды, мұны берілетін жүктемені мөлшерлеу кезінде еске алу керек. Денеге түсетін ауырлықты, сабақтан сабаққа бірте-бірте арттырған жөн, жүктемені мөлшерленген кезде, оның жүйелі және дәйекті болуын мейлінше сақтап отыру керек.

Қорытынды
Адам ағзасы үшін спорттық жаттығулардың маңызы зор. Жалпы физикалық жаттығулар адамның өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. https://stud.baribar.kz/9180/dene-zhattyghularynynh-aghzagha-aseri/

    2. https://medkenes.kz/sport/dene-t-rbiesi-men-sportty-adam-a-zasyna-seri

    3. https://ust.kz/word/esse_adam_agzasyna_dene_tarbiesi_men_sporttyng_aseri-94625.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет