ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ..
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Институт: «Педагогика және психология»
Мамандық: «Əлеуметтік педагог жəне өзін өзі тану»
Р Е Ф Е Р А Т
Пəні:Дене шынықтыру
Тақырыбы:Гимнастиканың негізгі амалдары
Орындаған: Ермекбаева Улмекен
Тексерген:Сейсенбеков Ерлан
Алматы-2021жыл
Кіріспе.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды.
Гимнастика(грекше gymnastic-жаттығулар жасаймын)адам денсаулығын нығайту мақсатында жəне адам денесінің үйлесімді,əдемі дамуы үшін қолданылатын,арнайы жаттығулардан тұратын әдістемелік тəсілдер. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы əсемдік пен қозғалыс дəлдігі қалыптасады,дененің негізгі қабілеті-ептілік,шапшаңдық,күш,икемділік,төзімділікті дамиды.
Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту,дене күшін жетілдіру жəне əр алуан іс-əрекетке адамның дене күшінің жан-жақты əзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дəл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады.Мұнда денеге түсетін күшті біршама дəл мөлшерлеу мүмкіндігі бар:əр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сəйкес,əрі ол жаттығулардың ағзаға əсері қатаң ескеріліп пайдаланылады және белгіленеді.
Сонымен,гимнастика жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуде,жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сəйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға мүмкіндік береді.
Гимнастиканың негізгі міндеттері
Гимнастиканың негізгі міндеттері:
1. Дене қабілеттердің жан-жақты жетілдіру.
2. Тіршілікке қажетті қозғалыс дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру және арнаулы білім беру.
3. Адамгершілік, ерік-жігер және эстетикалық сапаларын тәрбиелеу.
Көпғасырлық тәжірибе және қазіргі ғылыми жетістіктердің негізінде құрылған гимнастика дене тәрбиелеуде кең пайдаланады.
Гимнастиканың балалар мен жасөспірімдердің дене қалыптасу кезінде маңызы өте зор. Гимнастиканың әр түрлі әдістер мен амалдарын пайдалана отыра, ең табысты алғашқы дене тәрбиелеу мақсаттарын шешуге, дене қабілеттерін дамытуына негізін даярлауға, олардың функционалдық және бейімдендіру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге болады.
Гимнастиканың түрлі жаттығулары өте көп, соның ішінде спорттық гимнастиканың жаттығулары, қолданбалы жаттығулары, гимнастикалық ойындар мен эстафеталар т.б. осыған байланысты онымен кәсіп спортшылар мен қарапайым әуесқойлар, балалар мен үлкендер, жастар мен қариялар, дені сау мен ауру адамдарға шұғылдануға болады.
Оларды үйде, мектепте, жұмыста немесе бос уақытта қолдануға болады. Гимнастиканың қолданбалы, эстетикалық және педагогикалық мағынасы бар.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері
Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:
1. Адам ағзасына жан-жақты әсер ету. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.
3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсер тигізу. Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады.
4. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқу процесін ұйымдастырғанда жеке әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу.
5. Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т.б. Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық) мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |