ІІІ.Қорытынды Қорыта келгенде, Ахмед Иүгінеки — әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Оның әдеби мұрaлaрының aдaмзaт бaлaсын ізгілікке,имандылыққа, әдептілікке,адамгершілікке шақырып қана қоймай,келер ұрпаққа ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерін қалдырып кеткен. Ақын шығaрмaлaрының өміршеңдігі де, өзінен кейінгі түркітілдес елдердің, соның ішінде сопылық бaғыттaғы қaзaқ aқындaрының шығaрмaшылығынa тигізген игі ықпaлының рухтылығы дa осындa.
«Ақиқат сыйы» дастаны - дидактикалық сарында жазылған өз дәуірінің ең керемет туындыларының бірі әрі бірегейі. Жалпы алғанда, «Ақиқат сыйы» дастаны да атышулы «Құтты білік» секілді Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының тілінде жазылған әдеби ескерткіштер тобына жатады.
Рас, «Ақиқат сыйы» дастанының тілі өзінен екі жүз жылдай бұрын жазылған «Құтты білік» тілімен салыстырғанда кейбір ерекшеліктері бар. Әсіресе «Ақиқат сыйының» лексикасы мен грамматикасында архаизм элементтері басым. Әйтсе де ақын архаизмді стилистік норма ретінде емес, яғни дастанды көркемдеу үшін емес, қайта көне түркі тілінің сол кез үшін әрі түсінікті, әрі ажарлы сөздері арқылы өз ойын түркі тілдес тайпаларға айқынырақ етіп жеткізу үшін пайдаланған. Бүгінгі оқушыға архаизм болып көрінетін кейбір лексикалық элементтер Ахмед Иүгінеки заманында енді ғана әдеби тілдің нормасына айналып келе жатқан сөздер екенін ұмыт- пағанымыз жөн. Белгілі ғалым Ә. Н. Нәжіп сөзімен айтқанда, «Ақиқат сыйының» тілі — «Құтты білік» тілі мен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып түрған өтпелі көпір секілді деуге болады. [4]
Жалпы қорытындылайтын болсақ, «Ақиқат сыйы» дастаны өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған бертін келе қазақ әдебиетінің қалыптасуына , зор ықпал еткен әдеби мұра болып табылады.Ақын мұрaсы – қaзaқ әдебиетінің aсыл қaзынaсы.
Ертедегі данышпан бабаларымыздың мұхиттай мол еңбектерінің шашырандысы іспеттес болса да, “Ақиқат сыйы” кітабы ұлы ойшылдардың ұлтық тәлім-тәрбиемізге бұдан былай да зор әсер ететін құнды еңбек екенін бағалай біліп, халықтық педагогикада да жалпы этностық (ұлттық) тәлім-тәрбие де оның алатын орны ерекше екенін көреміз. Тек бағалы дүниені байыптап, пайдалана білу әрбір ойлы, білімді адамның ісі. Ұлағатты ұстаздар бұл баға жетпес асыл дүниені оқыту, тәрбиелеу ісіне шеберлікпен пайдалана білетініне күмән жоқ. Тек халқымыздың ұлттық дәстүріне лайықты деп, бұл еңбекті бөліп қарауға болмайды. Бұл бүкіл адамзаттық тәлімге қажетті дүние. Шығыстың жарқын жұлдыздарының данышпандық ойларын бүкіл адамзат ардақтай білетіні кәміл.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ахмет Йүгінеки.Ақиқат сыйы (ауд. Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов)-Алматы, 1986