2.3. Оқу,білім туралы Қарахан мемлекеті тұсында жергілікті халықтар, яғни түркі ру-тайпаларынан шыққан зиялы қауым өкілдері бүкіл түркі жұртын оқу-білімге шақырғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Жаңадан құрылған мемлекеттің іргетасын нығайтып, күш-қуатын арттырудың өзі, ең алдымен, ақыл-парасатқа, оқу-білімге байланысты екенін жырлау - ислам дәуірі әдебиетінің қалыптасқан дәстүрі еді. Осы игі дәстүр негізінде тәрбиеленген ақын Ахмет Йүгінеки өз дастанының негізгі бөлімін «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы» деп аталатын жырдан басталады дедік. Дастанның жолма-жол аударма жасалған прозалық нұсқасынан бұл сөзімізге бірнеше мысал келтірейік:
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты, Білімсіз надан - құны жоқ бақыр. Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді. Білімді әйел - ер, надан еркек - әйел. [1,50-51 ]
«Ақиқат сыйы» дастаны негізінен «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында» деп аталатын жырдан басталады:
Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы Білім ал жолға түсіп бақыт толы. [1]
Ахмед Иүгінеки білімді жандарды көкке көтере мадақтайды, оқушысын оқу-білімнің кәусар бұлағынан еркін сусындауға шақырады:
Білікті білім жинап кәсіп етер, Білімнің дәмін татып өсіп өтер. Білдірер, беріп елге білім сырын. Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер, Тура сөз біліксізге қаза болар, Насихат, пайдалы сөз жаза болар. Надан жан қанша жусаң тазармайды — Талай кір жуған сайын таза болар. Білімдер «істі біліп, бекін!»—дейді, Ақылмен іс істеген өкінбейді. Білмеген талай жүмыс істей жүріп, Амал жоқ, түбінде сол опық жейді. Білікті біліп айтар, сөзін үтар, Ол емес бос сөзіңді бедел түтар, Білімсіз не айтса да білмей айтар — Өз тілі өзінің кеп басын жүтар. Алла өзін білімменен қүт етеді, Қайырсыз надандықты жұт етеді, Білімді үйренбеген талай қауым. Қүдайды қолдан жасап бұт етеді. Өнеге, білген сөзі — насихат, жол, Араб пен азияттың сүйгені сол. Кедейдің кертіп жейтін малы — білім, Білімнің жоқ-жітікке берері мол. [1,72-73 ]
Дарынды ақынның оқу мен білім жөніндегі бүл пікірлері кезінде зор прогрессивті рөл атқарды. Ғұлама ақын адамның бақытты болуы — білімге, ал бақытсыздық — қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп үғынды. [2,221 бет]
Абайдың қазақ қауымын оқу-білімге шақырған өлеңдері Ахмет Йүгінекидің жоғарыдағы ой-пікірлерімен үндесіп жатады:
Дүние де өзі,мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз, Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз.