Коммерциялық емес акционерліқ коғам
Карағанды техникалық университі
«ҚХА және ӘГП» кафедрасы
Реферат
Пәні: Философия
Тақырыбы: Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза)
Қабылдаған: Аубакиров Е. Ж.
Орындаған: Ақпар Ж.С.
Тобы: ГД-20-3
Карағанды 2022
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза)
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады.
Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру, қалаған әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады.
Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б.
Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген.. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған. Сондықтан Бенедикт Спиноза ауылдық жерге қашып барып, сонда өз күнін көре бастайды, сол жерде өзіндік шығармашылық жұмысын жалғастырып, түрлі еңбектер үстінде жұмыс істей бастайды. Былайша айтқанда біз Спинозаны кей біргі мәліметтер бойынша ХҮІІ ғасырдың ұлы философтарының бірі голландық Декарт ізбасары, Декарт, Гоббс сияқты рационалист, бірақ философиядағы өз жолын тапқан ойшыл деуімізге әбден болады. Б.Расселдің Спиноза бойынша пікірі төмендегідей: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен Бенедикт Спиноза жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ».
Жас жағынан дін мектебі Синагогада білім алғандықтан дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ еврейлер сопысы раввин болудан бас тартып, философияға және ғылымға ден қойған. Дін жолымен жүрмегендіктен раввиндер тарапынан қудалауға ұшырап, көнбегесін түрлі сыйлықтар, стипендиялар беріп сатып алмақ та болысқан. Еврей раввиндері Спинозаның көнбегеніне қарап, Спинозаны өлтірмек те болады. Ақыры соңында оны еврейлер қауымынан аластайды. Сол кездегі дәстүрге сай қауымнан аластау ауыр жаза болатын. Ешкім тіпті тума-туысқандары да онымен қарым-қатынас жасамауы керек болатын. Бірақ Спиноза өз өмір тағдырына мойымады. Амстердамның айналасындағы кішігірім деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті тегістеу ісімен шұғылданады. Тек түнгісін ғылыммен, философиямен айналысқан. Математиканы, философия тарихын, логиканы жете меңгеріп, Декарт іліміне ден қойған. Декарт ілімін оқып, жіктей келе оның дуалистік көзқарасын қабылдамады. «Дүние тұтас, Құдай да, ойлау да, рух та табиғаттан тыс дүниелер емес» деген Бруно, Кузинскийден келе жатқан пантейстік көзқарасты тиянақты жүзеге келтірді.
Спинозаны дінге қарсы шықты деп айыптағанмен ол атеист болмаған, Құдайды жоққа шығармайды. Табиғаттағы, өмірдегі үйлесімділіктің көзі Құдай деп есептейді. Бірақ Құдай табиғаттан тыс күш емес, табиғат заңы, табиғатпен етене біріккен құдірет. Дін мен білімді қарсы қоймайды, дін шындық білімге арқа сүйейді деп мәлімдейді. Діни сенім мен ескі наным бір емес: ырымның түбірі – надандық, ал діннің негізі даналық – дейді.
Декартқа қарағанда, Спинозаның ілімі-дәйекті монизм. Оның ойынша, субстанция-біреу және біртұтас, ол-бізді қоршаған табиғат және табиғатпен астасып жатқан Құдай. Табиғат та бір, табиғатты жаратқан, табиғаттың негізі, іргетасы болып табылатын Құдай да бір. Екеуін ажыратуға болмайды. Ғылым табиғатты табиғи құбылыстар дүниесі ретінде қарастырады. Бұл орынды. Бірақ діни ілім және философия табиғаттың негізін құрайтын Құдайды танып, анықтай алады.
Біртұтас субстанцияның екі жағы (атрибуты) бар: материалдық дене және ойлау. Ойлау-адамға ғана тән қабілет. Ал адам-табиғат түлегі. Сондықтан ойлау, рухани субстанция табиғаттан тыс, табиғатқа тәуелсіз өмір сүре алмайды.
Табиғат пен жаратушы Құдай тең болғасын дүниедегі қозғалыстың, өзгерістің, жаңарудың көзі, себебі-табиғаттың өзінде, субстанцияда. Субстанцияның өз себебі өзінде (causa sui).
Декарт сияқты Спиноза да-рационализм өкілі. Ол ақыл-зердені танымның ақиқаттығының және айқындығының өлшемі деп есептейді.
Спинозаның ілімі саналы диалектикаға негізделеді. Жоғарыда айтқан монизмді диалектикасыз негіздей мүмкін емес еді. Декарт ілімінде адасушылық (заблуждение) жөнінде әңгіме болмайды. Ақиқат пен адасушылықтың арасында ешқандай байланыс жоқ сияқты. Спиноза тереңірек ойлайды. Адасушылық та тамырсыз, себепсіз пайда болмайды, онда да ақиқаттың ұрығы бар. Адасушылықта да нақты нәрсе бейнеленеді, бірақ бір жағынан, сыңаржақты бейнеленеді. Сондықтан мұндай пікір теріс деп бағаланады. Мысалы, қанатты ат жөніндегі аңызды алайық. Әрине, ондай ат жоқ. Бірақ дүниеде ат та бар, сонымен бірге қанаты бар ұшатын құс та бар. Жүйрік атты ұшқан құсқа теңейтіні сондықтан.
Спиноза ғалым ретінде дүниедегі, табиғаттағы объективтік заңдылықты мойындайды. Адамдар табиғат заңдарын танып, сол заңдарға сүйеніп әрекет жасайды. Осыған орай Спиноза философияда еркіндік және қажеттілік мәселесін көтеріп, бұл қарсылықтардың диалектикалық байланысын ашады. Еркіндік бар, дейді Спиноза, бірақ ол қажеттілікпен байланысты, қажеттіліктің бір жағы. Сол сияқты қажеттілік те бар. Ол-еркіндікпен байланысты, еркіндіктің бір жағы. Қажеттілік пен еркіндікті абстракты түрде қарсы қойып, бірін мойындап, екіншісін жоққа шығару дұрыс емес. Еркіндік, дейді Спиноза, - танылған қажеттілік. Спинозаның бұл анықтамасында философияның (диалектиканың) және одан да гөрі ғылымның ұстанымы айқын көрінеді.
Енді Спинозаның шығармалары желісіндегі ой түйінділеріне шығармаларындағы минимал максималды ой қорытынды, субстанция жайлы әңгіме қозғайтын болсақ төмендегідей:
Әуелі Субстанция деп мен төмендегідей болжаймын - өзімен-өзі өмір сүретінді және өзі-өзі арқылы көрініс табатынды, яғни ненің көрініс табуын, ол одан құрастырылуға міндетті болған басқа заттың көрініс табуын керек қылмайтындығын ұғынамын.
Субстанция табиғаты бойынша өз күйлерінен бөлекше, әртүрлі атрибуттарға ие екі субстанция өзара ешқандай ортақтыққа ие емес. Өйткені өзара ортақ ештеңесі жоқ заттар бір-бірінің себебі бола алмайды. Екі немесе одан көп түрлі заттар өзара немесе субстанциялар атрибуттарының айырмашылығымен немесе олардың мадақтарының айырмашылығымен ерекшеленеді. Себебі субстанцияға табиғатынан өмір сүру тән. Әрбір субстанция қажеті шексіз. Бір субстанция басқа субстанциямен туындай алмайды.
Жалпы қорыта айтқанда Спинозаша, субстанция – мәңгі болмыста оның бастауы да, ақыры да жоқ. Кеңістік те шексіз, ол қашанда болсын өмір сүреді, субстанция бөлінбейді, басқа бөлек нәрседен құралмайды, субстанция құрамдас бөлшектерден тұрмайды, оның жеке бөлшегі де тұтас өз себебін өзінде сақтайды. Осы тұрғыдан қарастырғанда субстанцияға бір жағы, табиғат пен материя жатады, бір жағы, құдай енеді. Табиғаттың өзіндік материалдық негізі мен себебі бар және оны өндіретін құдай бар. Табиғат – жасалынған дүние, құдай болса – табиғатты жасаушы. Құдай не субстанция, не табиғат деу – Спиноза метафизикалық онтологиясының басты формуласы. Табиғаттың, субстанцияның, құдайдың екі бірдей формасы модусы – ұзақтылық пен ойлану қабаттаса өмір сүреді, екі модус те табиғаттың заңдылықтарын құрайды. Бұл заңдар материалды заттардың абсолюттік тепе-тең көріністер бола алады. Спинозаша, рух-ойлану атрибуты, рух табиғаты дене табиғатына ұқсамайды. Рух-материяның модусы емес. Спинозаның «Жан туралы идеялары» психиканың негізін құрайды. Сондықтан Спинозаның ойы бойынша барлық нәрсе бәрінен туындайды. Бұл кезде субстанция субъектке айналады. Ақыр соңында католик шіркеуінің практикасымен үйлесе бермейтін «жалпы дін» қағидасын ұсынды. «Жалпы дін адамның даналығына сүйенеді» деп өзін жұбатқан мен де Спиноза жаңа таптық мүддесіне жақынырақ атеистік ұстанымға жете алмай кете барды.
Бенедикт Спиноза негізгі еңбегі «Этика» Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген, Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларын оқыған. Жас жағынан дін мектебі Синагогада білім алғандықтан дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ 24 жасында еврейлер сопысы раввин болудан бас тартып, философияға және ғылымға ден қойған, сол үшін еврейлер тарапынан қудалауға ұшырап. Амстердамның айналасындағы кішігірім деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті тегістеу ісімен шұғылданады.
Б.Расселдің Спиноза жайлы: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен ол жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ». Табиғат пен жаратушы Құдай тең болғасын дүниедегі қозғалыстың, өзгерістің, жаңарудың көзі, себебі-табиғаттың өзінде, субстанцияда. Субстанцияның өз себебі өзінде (causa sui).
Декарт сияқты Спиноза да рационализм өкілі. Ол ақыл-зердені танымның ақиқаттығының және айқындығының өлшемі деп есептейді.
Адамдар табиғат заңдарын танып, сол заңдарға сүйеніп әрекет жасайды. Еркіндік бар, бірақ ол қажеттілікпен байланысты, қажеттіліктің бір жағы. Еркіндік - танылған қажеттілік. Еркіндік адамдардың табиғат заңдылығына және үйлесіміне сәйкес әрекет ету тілегі, ол жоқ болса құлдық болады.
Егер біз ақыл-ойға жүгіне отырып әрекет етсек, ізгілікті іс істейміз. Еркін болып, эмоциялар құлдығына түспеу үшін ақылға жүгіну керек. Жек көру адамдардың бір-біріне ұқсас және жалпы игілікке ие екенін түсінбегенімізден пайда болады. Біз осыны санамызбен ұғынғанда ғана қоғамның басқа мүшелеріне зұлымдық тілеуді тыямыз. Біз өзіміз де техникаға ұқсай бастадық. Өмірдің мұндай индустриялық салты біздің шынайы болмысымызды ұмытуымыздың залалды салдары. Біздің техниканы қолдана білуіміз және оны басқаруымыз ешбір шеңберге сыймайтын бақылаусыз әрекет, оның құдіреті біздің барлық мүмкіндігіміз бен қабілетімізді көлеңкеде қалдырып отыр. Ғылым нақты бар дүниеге бағытталуы тиіс. Ол болмысты ұғынумен және түсіндірумен айналыспау керек. Адамдар болмысты ұмытты. Dasein - біздің «қамаудағы халіміз». Бұл қауіп - өмірімізде күн сайын болып жататын қат-қабат шаруа мен усақ-түйектің тасасында жұтылып, өзімізді жоғалтып алу қаупі. Күйбең тірлік - оқиғаларға жабылған жасанды жамылғы, біздің болмысқа ашықтығымызды әлсіретіп, шекарамызды тарылтатын, мүмкіндіктерімізді азайтып, бізді керек-жарақпен теңестіруге ұмтылатын мата сияқты. Бардың болмысы жай ғана тірі болу мәртебесінде қалып, өміріміздің мәні жоғалады.
Мартин Хайдеггер —
неміс ойшылы, еңбегі «Болмыс және уақыт», Гитлердің партиясының мүшесі болған.
«Ғылым ойланбайды».
«Тіл болмыстың үйі.»
Dasein өз мүмкіндіктерін толық
ашып көрсеткенде ғана нағыз өзі
бола алады. Жан-Поль Сартр «экзистенциализм өкілі, француз ойшылы, еңбегі: «Болмыс және ештеңе»
«1964 жылы «Нобель» сыйлығынан бас тартқан.
Фашизмге қарсы болған.
Мен қол жеткізуге тиісті нәрсенің бәрі - менің еркіндігім. Алайда шешім қабылдаған бойда-ақ менің шешімім басқа адамдарға кедергі жасайды, мен олардың еркіндігін шектеймін. Құндылықтарға негізделмеген әрекеттің сөзсіз соқтығысуы және менің еркіндігім басқалардың еркіндігін міндетті түрде шектейтін азап тудырады. «Адам дегеніміз - пайдасыз құмарлық».
Адам - адамдардың болашағы; олар - өздері өздерінен не жасап шығарса, кім болып шықса - сол. Осылайша экзистенциализм дегеніміз - гуманизм. К. Маркс еркіндік туралы біршама ой-көзқарастарын өзінің «Капитал» еңбегінде қалдырады. Ол адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. Жеке тәуелділік қатынас жүздеген жылдарға созылған. Алғашында, алғашқы қауымдық қоғам кезінде саяси-экономикалық тәуелдікке тап болды. Екінші кезең, ерекше адым кезеңі – еңбектің өндіргіш күшінің прогресімен, нарықтың өсуімен байланысты. Жұмысшы күші, еңбекке қабілеттілік еркін, тәуелсіз сипатта. Экономикалық еркіндікке қоғамның саяси жүйесі сай келді, басқа адамдармен материалдық, заттық тәуелділікті сақтаудағы адамдардың жеке, саяси, заңдық тәуелсіздігі шынайы еркіндікке қадам болып есептелінеді. Бірақ, бұл шынайы адам еркіндігі емес. Капитализм де, социализм де, адам еркіндігінің дамуындағы ассиметрияны, заттық және рухани дуализмін жеңуге қабілетсіз. Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық өзінің ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.