Реферат. Пәні: Жас ерекшелік және отбасында өзін-өзі ұстау психологиясы



Дата07.10.2022
өлшемі18,37 Kb.
#41851
түріРеферат

Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі.


РЕФЕРАТ.


Пәні:Жас ерекшелік және отбасында өзін-өзі ұстау психологиясы.
Тақырыбы:Бала күтушінің нәресте балалармен жұмысы.
Орындаған:Халелова Дария.
Тексерген:Орахова Назерке Ақанқызы.

Мазмұны.

  • Кіріспе............................................................................3

  • Бала күтушінің нәресте балалармен жұмысы........3

  • Негізгі міндеттер..........................................................................4

  • Маманның бейнесі......................................................................5

  • Қорытынды..................................................................................6

  • Қолданылған әдебиет.................................................................6


Кіріспе.
Бала күтушіні таңдау-бұл жанұя үшін өте жауапты қадам.Баланы тәрбиелеуде,баланы азамат қылып өсіруде,бала күтушіге жүктелетін міндет зор.Ал күтуші бойындағы кәсіби шеберлік-ол даналықты жүрекпен ұға білу.Бала күтушінің осындай қызметте мәдениеті мен шеберлігі ерекше орын алады.
Олар мыналар:
1.Бала күтушінің сыртқы келбеті,мәдениеті.
2.Күтушінің өзін-өзі басқару шеберлігі.
3.Күтушінің мимика және пантамимика ишара мәнерлі негіздері.
4.Күтушіні мәдениеті,әдебі,сөйлеу шеберлігі,шешендік қасиеті,демалу,дауыс дикциясы,интонациясы.
Әдеп-ілтипат,сенім білдіру,әділдік,төзім,сабыр сақтау қасиеттері арқылы ерекшеленеді.


Бала күтуші мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім бермейді, емтихан тапсырмайды, алайда, бұл мамандық өте танымал. Бұл жұмысқа қашанда сұраныс пен ұсыныс бар. Баланың әке-шешесі жұмыста болғанда балаға да, үйге де қарайтын — күтуші, баланың күн тәртібіне, денсаулығына, дамуына қарайтын да сол. 
Бала күтушінің негізгі міндетін болашақ жұмыс беруші, яғни ата-ана анықтайды. Баланың жасы да маңызды: еметін бала мен 4 жастағы бала үшін әр түрлі талаптар қажет. 
Негізгі міндеттерге: баланы бағу, киімі мен ойыншықтарының тазалығына қарау, тамақтандыру, күн тәртібіне, сабағына, ойын мен серуендеуіне жауап беру сияқтылар жатады. 
Бала күтуші үшін әр отбасының өз жеке міндеттері болуы мүмкін. Кейде мамасы жоқта баламен отырып, ойнайтын күтушіні, кейде балаға да, үйдің тазалығына да, тамақ пісіруге де жауап беретін адамды іздейді. Кейде бала үшін медициналық және педагогикалық, психологиялық білімі бар адамды іздейді. Ата-ана бала күтушіден баланың ой-өрісін кеңейтуді, үйірмелерге апаруды және үй жұмысын тексеруді т.б. талап етуі мүмкін. Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым бала күтушінің медициналық дайындығы маңызды болады — күн тәртібіне, баланың гигиенасы мен денсаулығына дұрыс қарау керек. 
Негізгі міндеттерге: баланы бағу,киімі мен ойыншықтарының тазалығына қарау, тамақтандыру,күн тәртібіне,сабағына,ойын мен серуендеуіне жауап беру сияқтылар жатады. 
Ал баланың бөлмесін жинау,кір жуу және тамақ пісіру — қосымша міндеттер, ол бала күтушінің тікелей міндеті емес және бөлек айтылуы қажет. Осы міндеттер қосымша төлемақыны да талап етеді. 
Бала күтуші әйелдерді екі санатқа бөлуге болады. Бірі — өз балалары мен немерелерін тәрбиелеп шыққандар және қазір зейнетақысына қосымша ақша тауып жүргендер. Әдетте, бұрында олар дәрігер мен педагог болып жұмыс істегендер және балалармен қарым-қатынас жасауда тәжірибесі бар адамдар. 
Екіншісі — біріншілерге қарағанда жас, өз мамандығы бойынша әзірге жұмыс таппай немесе негізгі жұмыста жалақы мөлшеріне қанағаттанбағандар. Көбінде, олардың өз балалары жоқ, бірақ сіңлі-інілерін бағып, балабақша не балалар лагерінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған болуы мүмкін. 
Европа мен Америкада бала күтуші — көбінде жоғарғы сыныптың қыздары, олар көршілерінің балаларын бағуға кешке қарай немесе демалысқа келеді. Бебиситтерлік — жасөспірімдер үшін ақша табудың жақсы әдісі. Елімізде бұл үрдіс әзірге көп тарамаған. Бұрында бала күтушілердің арасында зейнеткер-әйелдер көп болатын, ал соңғы жылдары жағдай өзгерді, енді бұл мамандықтың иелері көбінде 30-40 шамасындағы әйелдер. Әсіресе өз балалары немесе балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар болса, тіпті жақсы. 

Қорытынды.
Білімі мен балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар болумен қатар, жеке басына қатысты бас талап — балаларға деген сүйіспеншілік. Кез келген баланың жүрегіне жол табу үшін бала күтушінің педагогика мен психологиядан хабары болуы қажет. Оған жауапкершілік пен тіл тапқыштық тән. Себебі бала — оларға сеніп тапсырылатын ең бағалысы. 
Бала күтуші — бұл тәрбиеші мен мұғалім де емес. Керісінше, мектепте жұмыс жасағандардың тәжірибесі бұл мамандық үшін кедергі болуы мүмкін, себебі құралған жоспар бойынша бір топ балалармен жұмыс жасау мен бір баламен үнемі қарым-қатынаста болу — екі түрлі нәрсе,соңғы жағдайда баламен байланыс жасап, тіл табысудың жеке жолын іздеу қажет. 



Қолданылған әдебиет: https://mojazarplata.kz/Zhenwina_i_rabota/Karjera_zhenwini/Njanja_kaz/resolveuid/bced9aa81dd6eb313e8c118f9ec1b04c

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет