Реферат пәні: шетел тілінде білім беру әдістемесі Тақырыбы: Шетел тілі мұғалімінің кәсіби қызметі мен адами қасиеттері



бет2/5
Дата07.06.2023
өлшемі32,71 Kb.
#99410
түріРеферат
1   2   3   4   5
Негізгі бөлім
Шетел тілі мұғалімінің құзыреттілігі
Мұғалімнің құзыреттілігі — нақты уақыт шеңберінде жəне сəтті педагогикалық еңбек нəтижелерінен көрінетін тəжірибелік-бағдарланған білімдер, біліктер жəне стратегиялар. Басқа əріптестері «кəсіби сол қылықтар» жібергенде немесе орын алған мəселені шешуден бас тартқан уақытта құзыреттілік əлеуеті мұғалім сүбелі нəтижеге ие болады. Мысалы, аса талапшыл ата- аналармен жұмыс жасағанда кикілжіңдерді еңсеру, жаңа стандарттар бойынша бағдарламалар əзірлеу, жаңа буын оқулықтарымен жұмыс жасауға көшу, жаңа білім беру технологияларын қолдану, ғылыми-əдістемелік экспериментке қатысу жəне тағы басқа ұстаздың кəсіби шеберлігі мен дарыны ұштасқан болмысына сай іс-əрекеттер. Өз кəсіби қызметін сəтті жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі, пəндік жəне арнайы құзыреттер тобын игеруі міндетті.Қолдану аясы кең, əрі əмбебап болып келетін құзыреттер «негізгі құзыреттер» деп аталады. Негізгі құзыреттер маманның жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. Еуропа кеңесі негізгі құзыреттердің бес тобын ажыратты:

  • саяси жəне əлеуметтік құзыреттер, яғни тұлғаның өзіне жауапкершілік алу, басқа адамдармен бірлесе мəселені шешіп, оның жүзеге асырылуына қатысу, əр түрлі этномəдениеттер мен діндерге толеранттылықпен қарау, жеке мүддесін кəсіпорын мен қоғам қажеттіліктерімен үйлестіре білу қабілеттері;

  • мəдениетаралық құзыреттер — түрлі ұлт, мəдениет, дін өкілдерінің өзара түсіністік, сыйластық, құрмет негізде қарым-қатынас жасауы;

  • коммуникативтік құзырет дегеніміз — əр түрлі тілдерде ауызша жəне жазбаша қарым- қатынас жасау технологияларын меңгеру (оның ішінде компьютерлік бағдарламалау, Интернет желісі арқылы қарым-қатынас жасау);

  • əлеуметтік-ақпараттық құзырет — ақпараттық технологияларды меңгеру, БАҚ-тағы ақпаратқа сыни көзқараспен қарау;

  • жеке-бас құзыреті — өзінің білім беру деңгейін тұрақты арттыруға дайын болу, жеке-бас əлеуетін толыққанды іске асыру қажеттілігінің болуы, өз бетімен білім мен біліктерді игеру, өзін-өзі дамыту қабілеттері.

Негізгі құзыреттер кез келген мұғалімнің қызметін сипаттайды. Яғни барлық мұғалімдер оқушыларға білім беріп, педагогикалық мақсаттарға қол жеткізіп, оқу нəтижелерін бақылауға міндетті. Қажетті ақпаратты іздестіру, өзінің теориялық жəне практикалық білімдерін дамытып, көрсете білу, əр оқушының танымгерлік мүмкіндіктерін ашу, көрнекі графикалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдану да маңызды. Негізгі құзыреттерге көрсету, түсіндіру, машықтану, зерттеу, бағалау сияқты жалпы дидактикалық əдістерді сəтті қолдану жатады. Оқушылар жəне олардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасай отыра, олардың жағдайын түсіне отырып, қарым-қатынас барысында көшбасшы бола білу де мұғалімнің кəсіби қызметінің сапалы көрсеткіші.
Шетел тілі мұғалімдерінің пəндік құзыреттерінің негізгі құзыреттерден айырмашылықтары бар. Аталмыш құзыреттің аясында жаңа буын оқулықтарын құрастыру, оқу-əдістемелік құралдарын сауатты түрде енгізу, жаңа оқу-əдістемелік кешендерді объективті бағалап, уақытында оларға көшу, жетіспейтін əдістемелік материалдарды əзірлеп, оқушылардың жобалық жұмысын ұйымдастыру талап етіледі. Мұғалім оқу үдерісін білім беру тұрғысынан қарастырып, «лингвистикалық педагогика» саласының сарапшысы болуы маңызды. Бұл үшін оқушылардың тілдік қабілеттерін, когнитивтік стильдерін ескере отырып, оқу материалын меңгеруде орын алған қиыншылықтардың себептерін, оқушының өз бетімен жұмыс істей білу қабілетінің деңгейін, тұлғаның даму ерекшелігін анықтай білуі қажет.Көп жағдайда шетел тілі мұғалімдері пəндік құзыреттерді аса жоғары деңгейде игереді. Онымен салыстырғанда, негізгі немесе арнайы педагогикалық құзыреттерге аз көңіл бөлінеді. Мінезі «қиын», үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау барысында аса маңызды арнайы құзыреттердің негізгі жəне пəндік құзыреттермен қатар қажеттілігі айқын сезіледі. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына енетін басқа пəндермен салыстырғанда кейбір мектептерде оқушылардың шетел тілі пəнінен білім алу жетістіктерінің төмендеу болуы да назар аударарлық жағдай .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет