Кіріспе Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі. Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер. Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік. Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы мұғалімнің жеке тұлғасы, педагогтарды кәсіби іріктеу , педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру педагогикалық шеберлік , педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде, мұғалімнің политехникалық даярлығы және т.б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде. Педагогикалық, психологиялық сөздікте Дәстүр бойынша,педагогикалық қызметтің жетістігі педагогиканың білім, оның тақырыбы және оның әдіснамасы иелік етуіне байланысты деп саналады . Соңғы он жылдықта психологтар табыстың бір бөлігі мұғалімнің сыныпта өзара түсіністік,сенім,қарым қатынас жасау ,даму, шығармашылық қарым қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігіне байланысты екенін дәлелдеді. Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б.